ҰЛЫ ОЙШЫЛДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚ – ХАКІМ АТЫНДА

Оқылған 771 рет

Қосылған күні: 01.09.2020

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемле­кет­тік сыйлығын беру жөніндегі комис­сияның отырысын өткізді, деп хабар­лады akorda.kz сайты.

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшер­баевтың төрағалығымен онлайн форматта 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мем­лекеттік сый­лығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Мемлекет басшысының 2020 жыл­ғы 24 наурыздағы №292 Жарлығымен Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының әдебиет пен өнер сала­сындағы мемле­кеттік сыйлығының атауы Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының Абай атын­дағы әде­биет пен өнер саласын­дағы мемле­кеттік сыйлығы деп өзгертілгенін атап өтуіміз керек.

Екі жылда бір рет, сондай-ақ қазақ­тың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құ­нан­байұлы­ның мерейтойлары өтетін жылдары Қа­зақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы екі мемле­кеттік сыйлығы беріледі.

Комиссия отырысында әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша аталған Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 39 жұмыс қаралды.

Комиссия отырысы аясындағы жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық іріктеудің шешуші кезеңіне өткен үміткерлер анықталды.