«Абай әлемі» ғылыми байқауының жеңімпаздары анықталды

Студенттер мен магистранттар арасында жыл сайын өткізілетін «Абай әлемі»

ғылыми байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры екінші рет өткізіп отыр.

Байқаудың мақсаты студенттер мен магистранттарды Ұлы Абайдың шығармашылығын зерттеу жұмысына тарту және дарынды жас ғалымдарды қолдау болып табылады.

Байқау 17 наурыз бен 1 тамыз аралығында өтті. Оған Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам жастар қатысты. Конкурстық жұмыстарды кәсіби мамандар мен белгілі абайтанушылар бағалады.

«Байқауды ұйымдастыру арқылы біз ұлы қазақ ойшылы Абайдың мұрасын насихаттауға, дарынды жас ғалымдарды, олардың шығармашылығын анықтауға және қолдауға тырысамыз. Осылайша біз қоғамда халық дәстүрлерін, адамгершілік құндылықтарын және олардың бірегей шығармашылығын нығайтуға ықпал етеміз», — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан.

 


 

Үздік ғылыми жұмыстар:

Студенттер арасында:

I орын және 400 000 теңге сыйақы

- Кадылбекова Зульфира Кадылбекқызы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық  Педагогикалық университетінің  4 курс студенті.

 

II орын және 300 000 теңге сыйақы

Әбдіғали  Әсел  Ахметжанқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  2 курс студенті;

Макатова Аягоз Артуровна, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 4 курс студенті.

 

III орын және 200 000 теңге сыйақы

Әбдуәлиева Елікай Алдиярқызы, Еуразия гуманитарлық институның  4 курс студенті;

Касенова Талшын Талғатқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 3 курс студенті;

Қамшыбек Ахмет Қанатұлы,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің 2 курс студенті.

 

Магистранттар арасында:

I орын және 500 000 теңге сыйақы

Шәмшиев Пердехан Рүстембекұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс магистранты. 

 

II орын және 400 000 теңге сыйақы

Досыбекова Қымбат Балғабайқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1 курс магистранті;

Есмаханова Гульзира Нұрғалиқызы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2 курс магистранті;

 

III орын және 300 000 теңге сыйақы

Бауыржанова Эльза Бауыржанқызы, Х.Досмхамедов атындағы Атырау университетінің 1 курс магистранты

Зұбира Тұрсынбекқызы, Абай атындағы Қазақ ұлыттық педагогикалық        университетінің 2 курс магистанті;

Мухамадиева Сәния Сәрсенбайқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  2 курс магистранты.

 

Үздік ғылыми жұмыстар «Abaialemi.kz» порталында жарияланады.

 

Баспасөз қызметі

Мемлекеттік тілді дамыту қоры

e-mail: info@qazaq-found.kz 

Телефон: 27-26-09