"Абай әлемі" ғылыми байқауы
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры студенттер мен магистранттар арасында «Абай әлемі» ғылыми байқауын екінші рет ұйымдастырып отыр.
Байқаудың мақсаты - Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау. Абайды заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету.
Байқауға магистранттар мен студенттердің тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады.
Қатысушылар берілген тақырыптар бойынша ғылыми мақалаларын ұсынады:
Студенттер үшін:
1) «Абай мұрасы - рухани жаңғыру өзегі»;
2) «Абай шығармашылығының рухани арналары»;
3) «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі».
Магистранттар үшін:
1) «Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты»;
2) «Қуғындалған абайтанушылар»;
3) «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі».
Сыйақы қоры:
Студенттер арасында:
1 орын – 400 000тг (1 жүлде)
2 орын – 300 000тг (2 жүлде)
3 орын – 200 000тг (3 жүлде)
Магистранттар арасында:
1 орын – 500 000тг (1 жүлде)
2 орын – 400 000тг (2 жүлде)
3 орын – 300 000тг (3 жүлде)
Өтініштер мен мақалалар 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдеге дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2021 жылдың тамыз айында белгілі болады.
Байланыс тел.: 8 7172 27 26 09, abai_fond@mail.ru
Студенттер мен магистранттар арасында жыл сайын өткізілетін
«Абай әлемі» ғылыми байқауының
Ережесі
1. Жалпы ереже
1. Ереже Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «Абай әлемі» ғылыми байқауын (бұдан әрі - Байқау) өткізу тәртібін белгілейді.
2. Байқаудың мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын, ақын шығармашылығының ұлт өресін өсірудегі маңызын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарға қолдау көрсету. Абайды заман талабына сай жаңа қырынан тануға, ғылыми тұрғыдан тың тұжырымдар жасалуына ұйытқы болу.
3. Байқаудың міндеттері:
1) Жас ғалымдардың Абай шығармашылығын тереңінен танып, әр тараптан зерттеуіне, толық игеруіне ықпал ету;
2) Жас ғалымдардың сөз өнерін зерделеу, ғылыми талдау-сараптау құзыреттіліктерін қалыптастыру.
3) Қазіргі заман ғылымындағы жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.
4. Байқаудың құрылтайшысы - Нұрсұлтан Назарбаев Қоры (бұдан әрі - Байқау құрылтайшысы).
Байқау ұйымдастырушысы: Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
5. Байқау төмендегідей тақырыптар бойынша өткізіледі:
Студенттер үшін:
1) «Абай мұрасы - рухани жаңғыру өзегі»;
2) «Абай шығармашылығының рухани арналары»;
3) «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі».
Магистранттар үшін:
1) «Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты»;
2) «Қуғындалған абайтанушылар»;
3) «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі».
Қатысушылар берілген тақырыптар бойынша ғылыми мақалаларын ұсынады .
6. Студенттер мен магистранттар арасында өткізілетін байқауда әрбір топ бойынша 3 орын тағайындалады (1 орын -1 адам, 2 орын - 2 адам, 3 орын -3 адам).
Студенттер арасында:
1 орын – 400 000тг
2 орын – 300 000тг
3 орын – 200 000тг
Магистранттар арасында:
1 орын – 500 000тг
2 орын – 400 000тг
3 орын – 300 000тг
2. Өткізу тәртібі
Байқаудың басталу мерзімі http://fnn.kz/, https://www.qazaq-found.kz/, https://abaialemi.kz/ сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ғылыми мақалалар 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында қабылданады.
Байқаудың қорытындысы 2021 жылғы тамыз айында жарияланады.
3. Байқауға мақалаларды ұсыну тәртібі
1. Байқауға магистранттар мен студенттердің тек қазақ тілінде әзірленген ғылыми мақалалары қабылданады.
2. Байқауға өткен жылғы «Абай әлемі» байқауының жеңімпаздары қатыса алмайды.
3. Бір автор бір мақала ғана ұсына алады.
4. Мақалаға қойылатын талаптар:
- бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми жұмыстар қабылданады;
- жұмыстың өзектілігі (тұжырымдары мен ғылыми-практикалық мәні, тың идеялардың, жаңаша талдау әдістерінің қолданылуы);
- ғылыми зерттеу нәтижесі (өзектілігі, салыстырмалы зерттеулер тұжырымдамасы, идеялардың түпнұсқалығы);
- құрылымдылығы (баяндаудың логикалық жүйелілігі);
- барлық мақалалар плагиат үшін тексеріледі, мәтіннің бірегейлігі кем дегенде 70%.
- мәтін Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 11 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;
- мақаланың көлемі 5-7 бет;
- аңдатпада 5-6 сөйлем болуы керек, мұнда жүргізілген зерттеу жұмыстарының қысқаша және нақты сипаттамасы, зерттеудің мақсаты, талдау-саралау әдіс-тәсілдері және негізгі нәтижелері тұжырымдалады;
- Мәтінде әдебиеттер тізіміндегі дереккөздер көрсетілген сілтемелер болуы керек. Дереккөздер саны кем дегенде жеті, ал нөмірленуі - мәтінде көрсетілгендей болуы шарт;
- автор туралы толық дерек (аты, әкесінің аты, тегі, академиялық дәрежесі, ЖОО атауы, факультеті, курсы, қаласы, автордың е-mail поштасы, тел.нөмірі) жеке құжатқа сақталып, бөлек жіберіледі.
5. Өтінімдер мен мақалалар abai_fond@mail.ru электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
6. Байқауға қатысуға өтінім бере отырып, автор:
1) өзінің авторлығын растайды;
2) байқау ұйымдастырушыларына мақалаларды бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы жинақтарда және ғаламторда жариялауға рұқсат береді;
3) авторлық гонорарды талап етпейді.
7. Қабылданған мақалалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі
1. Қолжазбаларды бағалау мен саралау, Байқау жеңімпаздарын (лауреаттарды) анықтау абайтанушы ғалымдардан, сондай-ақ байқау құрылтайшылары мен серіктестерінің өкілдерінен жасақталған Қазылар алқасына тапсырылады.
2. Қазылар алқасының құрамы мен төрағасын байқаудың құрылтайшысы бекітеді.
3. Қазылар алқасының Байқау талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қарамауға (сонымен қатар анонимді мақалаларды) құқығы бар.
4. Байқауға ұсынылған мақалалар қазылар алқасы мүшелеріне анонимді түрде жіберіледі (автордың есімі көрсетілмейді).
5. Қорытынды шешім қазылар алқасының жалпы санынан кемінде 2/3 кворумы болған жағдайда ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
6. Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде мақаланың өзектілігі (тұжырымдар мен ғылыми-практикалық мәні, ой-тұжырымдардың жаңашылдығы), ғылыми зерттеу нәтижесі (өзгешелігі, салыстырмалы зерттеулер тұжырымдамасы, идеялардың түпнұсқалығы), құрылымдылығы (баяндаудың логикалық жүйелілігі) мен автордың ойлау дербестігі басшылыққа алынады.
7. Қорытынды шешім қабылданғанға дейін құпиялылық (анонимділік) сақталады.
8. Қазылар алқасының шешімі ақырғы болып табылады және қайта қаралмайды.