ҰЛЫ ОЙШЫЛДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

  • Басты бет
  • АБАЙҒА АРНАЛҒАН МҮШАЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

АБАЙҒА АРНАЛҒАН МҮШАЙРА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Оқылған 3651 рет

Қосылған күні: 06.06.2020

Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған «Жүре­гімнің түбіне терең бойла» атты мерейтойлық мүшәйра өз мәресіне жетті. Бірнеше жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы ұйымдастырып келе жатқан дәстүрлі жыр бәйгесі биыл Абай рухына арналды.

Аламан жыр жарысына республикамыздың түпкір-түпкірінен 150 ақын қатысты.

Қазақстан Жазушылар ода­ғының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы қазы­лар алқасына төрағалық етті. Қазылар құрамында Мем­ле­­кеттік сыйлықтың лауреа­ты, жазушы Қажығали Мұхам­бетқалиұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лау­реаты, ақын Серік Ақсұң­қарұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, журналист Жанболат Аупбаев, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіп­бек Айт­ұлы болды.

Белгілі қаламгерлерден құ­ралған қазылар алқасы мү­шәй­раға қатысқан шығар­маларды сұрыптай келе, Бас жүлдені «Абайдың бұлағы» деген топтама өлеңдері үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Жанат Әскербекқызына (Нұр-Сұлтан) табыстады.

Бірінші орынды жас ақын Қабиден Қуанышбайұлының (Нұр-Сұлтан) «Арманы жоқ Абайы бар халықтың» атты өлеңдер топтамасы иеленді.

Екінші екі орынның бі­рін «Алаш», «Тарлан» сый­лық­тарының лауреаты, ақын Исраил Сапарбай (Ал­маты) «Имани гүлдің төр­кіні» топ­тамасымен, ал екін­шісін республикалық мү­шәй­ра­лардың бірнеше дүр­кін же­ңімпазы, ақын Бақытжан Раи­сова (Өскемен) «Кемеңгер» өлеңдер топтамасымен жеңіп алды.

Үшінші үш орын белгілі ақындар Серікжан Қажидың (Алматы) «Ақылына жау емес­пін Абайдың», Болат Үсенбаевтың (Алматы) «Абайнама», Ұларбек Нұр­ға­­лымның (Нұр-Сұлтан) «Ға­сырлардың мінберінде – ұлы Абай» атты өлеңдер топтамасына берілді.

Бес ынталандыру сыйлығын Серік Әбілұлының (Нұр-Сұл­тан) «Абай бол», Шәмелхан Бұхатханның (Нұр-Сұлтан) «Бір қонып қайтайыншы Жиде­байға», Жігер Нысановтың (Ақ­төбе) «Тірі жүрек», Қайрат Зекенұлының (Семей) «Абайға жүгін», Балтабек Нұрғалиевтің (Алматы) «Ұлылық» атты өлең­­­дері иеленді.