ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ХАБАРШЫСЫ ЖУРНАЛЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ХАБАРШЫСЫ ЖУРНАЛЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Оқылған 9631 рет

Жақында Абайдың Жидебай-Бөрілі қорық-музейнің ұйымдастыруымен «Абай музейінің хабаршысы» ғылыми-танымдық журналының 2019 жылғы №1 саны жарық көрді.

Журналдың кезекті саны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Абайтану дәрістері» тақырыбындағы семинарға арналып отыр.
Аталған журналдан оқырмандардың Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов шығармаларын мектептерде оқыту және оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жасау сияқты біліктілігімен бөліскен мұғалімдердің мақалаларымен танысуына мүмкіндік беріліп отыр.
Сонымен қатар, оқырмандар қаламыздағы және қала маңы мектептеріндегі мектеп ұстаздарының басқа тақырыптарды қамтыған ғылыми-танымдық туындылармен таныса алады.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»
қорық-музейінің баспасөз қызметі