ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • АБАЙТАНУҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙЫНДА

АБАЙТАНУҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙЫНДА

Оқылған 12271 рет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің бастамасымен Семей қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық сарайында «Абай жолы – Алашты паш еткен әлемге» тақырыбындағы жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Музей қызметкерлері жас өрендерге дала данышпаны Абайдың өмір жолы мен шығармашылық айналасы туралы мағлұматтарға тоқталып, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы, ғұлама жазушы М.Әуезовтің қоғамдық қызметіне және қазақ әдебиетіндегі таңдаулы шығармалары хақында мәлімет берді.

Бұған дейін еліміздің әр түкпіріндегі жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде және шығармашылық ұйымдарда ұйымдастырылған жылжымалы көрмелердің мақсаты – ел болашағы балалар мен жастардың бойына Абай рухын сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі