Абай музейінің көрмесі Өзбекстанда

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін «Адамзаттың Абайы» атты көрмесі Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының 25 жылдығы және Өзбекстан ұлттық телеарнасындағы қазақ тілінде жүргізілетін телебағдарламаның 50 жылдығына арналған шаралар аясында ұйымдастырылды.

Көрші мемлекетке іссапар барысында музей қызметкерлері «Қазақ және өзбек халқының достығы – Орталық Азиядағы тұрақтылық пен дамудың кепілі» конференциясына қатысып, музей атынан құттықтау хат табыстады. Сонымен қатар, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы шығармашылық байланыстарды дамыту мақсатында екі жақты меморандум қабылданды.

 

Абай музейінің баспасөз қызметі