«АБАЙ ЖОЛЫ» – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНДА

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында ғұлама жазушы, драматург, абайтанудың негізін қалаушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай «Абай жолы» Алашты паш еткен әлемге» атты көрме ұйымдастырды.

Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев: «Абай жолы» романын «Қазақ өмірінің энциклопедиясы», - деп атап көрсеткен. Жазушы осы төрт кітапта қазақ халқының фольклорын, шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен байланысын, саялы жерлерін, ғылым мен білімге деген бетбұрысты, тәрбие, педагогика, психология, философия әфсанасын паш етеді.

Жылжымалы көрменің негізгі мақсаты: М.Әуезовтің асыл мұраларын көпшілікке насихаттау, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өмір жолын, қызметін, абайтануға қосқан орасан үлесі жайлы кеңінен мағлұмат беру. Кітапхана мен мұражай арасындағы шығармашылық әріптестікті дамыту болып табылады.

Сонымен қатар, шара барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің атынан Ұлттық кітапханаға Абайдың төрт тілде жарыққа шыққан жыр жинақтары табысталды. 

 

Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі»

 қорық-музейінің баспасөз қызметі