Әбділхамит Нарымбетов: "Сегіз аяқ" – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы

Абай – Қазақ халқының XIX ғасырдағы кемеңгер ақыны. Абай шығармаларының идеялық тереңдігі, көркемдік байлығы жөнінде, әрине, бірден-бір дәл, анық, байыпты пікір айтқан – Мұхтар Омарханұлы Әуезов. Абай бір сөзінде:

"Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!"

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жар" болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Дал торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақты сәуле төкті және таңы атып, күн шығатын жаққа апаратын жолды өз халқы талмастан көрсетті", – десе, Абай шығармаларын тұтаста қарастырып: "Тарихи тұрғыдан қарағанда, Қазақ халқының рухани мәдениетінің жиынтығы сияқты", – деп пікір түйді. Ал енді бірде: "Абайдың көптеген өлендерінде ("Қартайдық, қайғы ойладық ...", "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...", "Күлембайға", "Көжекбайға" т.б.) надандық, даукестік, парақорлық, арамтамақтық, қазақ халқын билеп-төстеушілерді рухани бишаралығы өлтіре сыналды. Семьяға, ата-анаға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе, жаңа көзқарас қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет соншама айқындықпен, соншама моралдық терендікиен айтылады", - деп, Абай өлеңдеріні мазмұн байлығын мейлінше дәл бағалады.

М.О.Әуезов айтқандай, Абай тек қана қазақ әдебиетінің рухани игілігі емес, бүкіл әлем мәдениетінің биігіне көтерілген классик ақыны болды. Бұған – оның шығармаларының ағылшын, араб, вентр, қытай, монғол, неміс, парсы, түрік, урду,  француз, хинди, чех тілдеріне аударылып, дүние жүзіне кең таралуы толық дәлел.

Абайдың классикалык шығармаларының бірі – "Сегіз аяқ".

"Сегіз аяқты" Абай 1889 жылы жазған. Өлең 8 тармақты 25 шумақтан тұрады.

"Сегіз аяқ" алғаш 1909 жылы С.-Петербургте жарық көрген "Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі" атты жинақта жарияланған.

Кейінгі басылымдарында текстологиялық өзгерістер бар.

Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945, 1954 жылғы басылымдарда                               5-шумақтың 4,5-жолдары "Пайдасыз ақыл, Байлаусыз тақыл", 14-шумақтың 2-жолы "Жүз кісі сұмға" делінсе, 1933, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жолдар 1909 жылғы басылымға сәйкес "Пайдасыз тақыл, байлаусыз ақын", "Жөн кісі сұмға" деп қабылданған.

Мүрсейіт қолжазбаларында 6-шумақтың 6-жолы "Іздегені, баққаны",                   8-шумақтың 4, 5-жолдары "Адам бол — мал тап, Адал бол – бай тап", 10-шумақтың 6-жолы "Қор болып қолда барасың", соңғы шумақтың 6-жолы "Сөзімді ұғар біреу жоқ" болса, барлық басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинаққа сәйкес "Андығаны баққаны", "Адал бол — бай тап, Адам бол - мал тап", "Қор болып құрып барасың", "Сөзімді ұғар елім жоқ" ретінде алынған. 1933, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 14- шумақтың 6-жолы "Айғаймен өтті, амал жоқ" болып басылса, басқа жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары, 1909 жылғы басылым бойынша бұл жол "Айғаймен кетті, амал жоқ" деп түзетілтен, 1909, 1933, 1949, 1954 жылғы басылымдарда 22-шумақтың 4- жолы "Есітіп үнін" болып берілсе, кейінті жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес "Естісем үнін" түрінде алынған. 1954 жьтлғы жинақта 24-шумақтың 8-жолы "Қысылған жерде – жанжал дау" болса, 1945, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бұл жол "Қысылған жерде - жан жалдау" түрінде көрсетілтен.

Абай "Сегіз аяқ" өлеңіне ән шығарған. Бұл әннің әр жылдарда жазылған 8 түрі бар. Әннің 1-түрін А.Э.Бимбоэс Ақмола облысының Ақмола ауданында әнші-ақын Мұстафа Нүрбаевтың орындауы бойынша 1920 жылы нотаға түсірсе, А.В.Затаевич Орынбор қаласында 1922 жылы Құста Мырзабеков пен Кәрім Қашқымбаевтың айтуы бойынша жалаң нотаға қаттаған. Әннің бұл үлгісі "Әр халық әндері" жинағында да жарық көрген (1971). Ал композитор Л.Хамиди 1935 жылы Әрхам ЬІсқақовтан, 1938 жылы Жүсіпбек Елебековтен "Сетіз аяқ" әнінің екі түрін нотаға жазса, профессор Б.Т.Ерзакович 1938 жылы Темірболат Арғынбаевтың және 1939 жылы Қуан Лекеровтың айтулары бойынша нотаға түсіртен. Сонымен бірте «Сегіз аяқ» әнін әнші Қали Байжановтың орындауынан және Мәкен Мұхамеджановтың айтуы бойынша (1984) Қайролла Жүзбасов 7 және 8-түрлерін нотаға түсірген. Әннің бұл түрде алғаш рет "Айттым сәлем, Қалам Қас" атты Абай әндер жинағында (1986), Абайдың музыкалық мұрасына қатысты Ғ.Бейсеновтың "Сетіз аяқ" атты мақалалар жинағында жарық көрді (1966).

М.Әуезов айтқандай, "Сегіз аяқ" өлеңінің көркемдік-дәрежесі тым биік, мазмұны ұшан-теңіз бай. "Сегіз аяқты" бастардағы ақынның:

Алыстан сермеп,

Жүректен тербеп,

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған –

 Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас, –

деп, поэтикалық тіл өнерін сипаттауы теңдесі жоқ ғажап емес пе? Бұнда тіл өнері жайлы тебірене толғауды қазақ поэзиясы тарихынан әлі күнге дейін кездестіре алмай келеміз.

Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ,

Күлкішіл кердең наданның, –

деп суреттеген құр кеуде, топас, дәрменсіз пенделер сол Абай тұсында да, қазіргі XXI ғасырда да қаптап жүр ғой. Яғни:

Еңбек қылсаң ерінбей –

Тояды қарның тіленбей, –

деп, бүкіл адал енбекке үндеген асыл жырының талай ғасырларға жетіп, мәңгі-бақи өмір сүретіні анық.

Абайдың даналық сөздерін өз замандастары түсіне алмай, қабылдауға қабілеттері жетпетені рас. Сондықтан да ақын "Патша, Құдай. сыйындым" өлеңінде:

 

Қайран сөзім қор болды

Тобықтының езіне, – деп ренжісе,

 

"Сегіз аяқта" сол пікірін:

Ағайын бек көп,

Айтайын ептеп,

Сөзімді ұғар елім жоқ,– деп жалғастыра түсті.

Жанр туралы ойлансақ, "Сегіз аяқ" жай өлеңнің ауқымына сыймайды, ол қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэма деуге толық жарайтын туынды.

"Сегіз аяқ" – Абай поэзиясы көркемдігінің шырқау шыңы деп бағалауға әбден татитын классикалық шығарма.