«Абай жолы»: Алашты паш еткен әлемге» көрмесі ашылды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында 2017 жылдың 10 ақпанында сағат 10.00-де көрнекті жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің 120 жылдық мерейтойына орай «Абай жолы»: алашты паш еткен әлемге» көрмесі ашылды.

М.Әуезов өзінің атақты «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы ұлы Абай жасаған дәуірді, оның шыққан ортасын, ақын, азамат болып қалыптасуын, сол кезеңдегі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, арман-тілектерін, мақсат-мүдделерін, күрес-тартыстарын, шығармашылығын түгел танытты. Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев: «Абай» романын «Қазақ өмірінің энциклопедиясы», - деп бекер айтпаған. Жазушы осы төрт кітапқа қазақ халқының фольклорын, шығыс, орыс, еуропа әдебиетімен байланысын, қазақ халқының салт-дәстүрін, саялы жерлерін, ғылым мен білімге деген бетбұрысты, тәрбие, педагогика, психология, философия әфсанасын паш етеді.

Көрме лентасын қаламыздың құрметті азаматтары, асыл ардагерлер Х.Матаев пен Н.Сембаев қиып, өз тілектерін білдірді.

Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбеков белгілі композитор, абайтанушы А.Ахметжановқа «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасын, А.Азаматовқа «Абай» медалін табыстады.

Ә.Қашаубаев атындағы филармония әншілері: Ж.Тәжиев, Б.Түктібаев өнерлерін көрсетті.

Көрермендер «Адамзаттың Абайы», «Қазақ өмірінің энциклопедиясы», «Әлем әдебиетінің шыңы», «Ұлы дала мәдениетінің жаршысы» тақырыптары бойынша, М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын қалай бастағаны туралы экскурсия тыңдады. Сонымен қатар М.Әуезов қолтаңбасы қойылған «Абай жолы» романының алғашқы басылымымен, музей қорындағы М.Әуезовтің қолжазбаларымен, ғалымның Индияға сапарында алып келген ағаштан жасалған ыдыс жиынтығымен танысты.   

Көрмені қаламыздың зиялы қауымы, жоғары оқу орындарының студенттері тамашалады. 

 

 

«путь Абая»: прославивший страну на всю планету»

Открылась выставка, посвященная юбилею

классика казахской литературы М.О.Ауэзова

В преддверии 120-летия классика казахской литературы М.О.Ауэзова в Госзаповеднике-музее Абая 10 февраля 2017 года состоялось торжественное открытие выставки «путь Абая»: прославивший страну на всю планету»

Выставка посвящена самому главному труду известного писателя, драматурга, ученого М.О.Ауэзова – роману-эпопее «Путь Абая».

Роман о жизни Абая — бессмертного народного поэта, просветителя и композитора — это многоплановая эпопея, охватывающая огромный и важный в истории казахского народа период. Известный ученый К.Сатпаев назвал роман-эпопею М.Ауэзова «Путь Абая» энциклопедией казахской жизни. Значение этого труда состоит не только в том, что М.Ауэзов увековечил великого казахского поэта, создав его величавый, полный жизненной правды образ, и не только в том, что он дал энциклопедию бытия казахского народа на протяжении полувека, значение эпопеи заключается в том, что роман стал подлинно народным произведением, в котором с большим проникновением прослежены глубочайшие процессы формирования казахского национального характера и обнаружены, как золотые жилы в кряжах, те богатые духовные силы, которые всегда жили в народе и стали залогом его светлого будущего.

Ветераны труда, почетные граждане города Семей Х.Матаев и Н.Сембаев в торжественной обстановке перерезали ленту и открыли выставку.

Директор Госзаповедника-музея Абая Б.Ж.Жунисбеков вручил известному композитору, абаеведу государственную награду «Ерен еңбегі үшін», директору филармонии имени А.Кашаубаева - А.Азаматову – памятную медаль «Абай». Мероприятие сопровождалось музыкальными выступлениями Ж.Тажиева, Б.Туктибаева певцов филармонии им. А.Кашаубаева.

Отличительная особенность данной выставки: материалы раскрывают историю создания романа-эпопеи «Путь Абая». Выставлено одно из первых изданий романа с автографом М.О.Ауэзова. Впервые экспонируется чайный сервиз из дерева, привезенный писателем из поездки в Индию.