Музей директоры Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы

Абайдың "Жиделі-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының директоры - Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы 1958 жылдың 28 мамыры күні дүниеге келген. 1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, 1988 жылы Алматы Жоғары партия мектебін, 2008 жылы Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. Мамандығы – журналист, саясаттанушы, экономист.

Атқарған қызметі:

1980 - 1991жж. – Семей облыстық «Семей таңы» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі

1991 ж. – «Семей таңы» газеті редакторының орынбасары

1991 - 1992 жж. – Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Халық кеңесі» газетінің бөлім редакторы (меңгерушісі)

1992 - 1993 жж. – Халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесінің баспасөз хатшысы

1993 - 1994 жж. – Алматы қаласының Тілдер басқармасы бастығының орынбасары

1994 - 2001 жж. – Алматы қаласы әкімінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

2001 - 2005 жж. – Алматы қаласы әкімінің Ішкі саясат департаментінің директоры

2005 - 2009 жж. – Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары

2005 жж. – ҚР Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының Алматы қалалық бөлімшесі жетекшісінің бірінші орынбасары

2009 - 2011 жж. – «Ақиқат» журналының бөлім редакторы, «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры директорының кеңесшісі

2011 - 2014 жж. – Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды мұражай кешенінің директоры

2014 ж. – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі

2015ж. – «Астана» Ұлттық сурет галереясының директоры

24.11.2015ж. – Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының директоры 

Шығармашылығы:

Қазақстан Журналистер одағының лауреаты:

«У» - роман-эссесінің, «отАсу» роман-дилогиясының, «Алаш - АЛЖИР» екі томдығы мен орыс тіліндегі «Неповторимое многоцветье» кітаптарының авторы.

Марапаттары:

«Астана» және «Астананың 10 жылдығы», «Тәуелсіздікке – 10 жыл», «Конституцияға – 10 жыл», «Тәуелсіздікке – 20 жыл» мерейтойлық медальдары.  ҚР Мәдениет саласының үздігі, "Құрмет" орденінің иегері.