ЖҮРЕГІМДЕ БІР АБАЙ

* * *

Айтарымда өз мұңым, жазарымда өз мұңым,

Көз алдымда көлбеңдеп, сұрағы көп кездi күн.

Қуантады бiр ойлар, Жаратқанға жақын ғып,

Үрей сыйлап кейбiрi, тақап ажал кездiгiн.

 

Айтарымда өз мұңым, жазарымда өз мұңым,

Жұртқа жайдым сырымды, жырларыммен, сездi кiм?!

Ақ параққа ақтарам көз жасымды сия ғып,

Намысымның өрлiгiн, көңiлiмнiң ездiгiн.

 

Айтарымда өз мұңым, жазарымда өз мұңым,

Халық дейтiн даналық сала ма деп көз қырын.

Жылағандар жұбанып, жасығандар жiгер ап,

Тапса дедiм өлеңнен өз тағдырын, өз күнiн.

 

Айтарымда өз мұңым, жазарымда өз мұңым,

Көңiлiмнен көшiрем табиғаттың мезгiлiн.

Көктем сынды құлпырам, жаз боп күлем жадырап,

Қыс та менде, күздемiн, жырларымда мазмұным.

 

Айтарымда өз мұңым, жазарымда өз мұңым,

Дүниенi шолады көңiлдегi көз-күнiм.

Тiрлiк кешiп жырыммен, тура жүрiп, ақ сөйлеп,

Достар таптым қаншама, жоғалттым да ез бiрiн.

 

Айтарымда өз мұңым, жазарымда өз мұңым,

Өн бойымда өрiлер, артықшылық өз мiнiм.

Қорқыныш бар аздаған, алмасам деп түсiрiп,

Абайдан соң қалам ап, перiште өлең, сөз құнын...

* * *

Оңашада ой тұлпарын терлеттiм,

Құбылысын құшағыма ап, жер көктiң.

Адалдықтың көтеремiн ақ туын,

Қараулықтың қазанында... мен жоқпын.

 

Тiршiлiкте су кешемiн, тас басам,

Қиындықтан қашқан жоқпын ешқашан.

Өр кеудемдi бастырмадым, баспадым,

Жаратқанның сүйген құлы... достасам.

 

Iзгiлiктiң iзiндемiн, қосыла,

Қарамадым мансабына, жасына.

Тар жерлерде жалт бермедiм... жүректе үн,

"Қасқырдағы қас қылмайды досына"

 

Арамдыққа, аярлыққа күйiнем,

Торларына түссем дағы жиi мен.

Тартып жүрiп азабын да тозағын,

Биiктемiн... иiлгенге иiлем.

 

Дүбiр толы дүниеде дамыл жоқ,

Бiрде суып, бiрде өртенем жалын боп.

Дана Абайдай мұң сiмiрiп, у iшiп,

Бар адамды құшқым келер, бауыр деп.

* * *

Қайта-қайта Абайға бас ұратын боп алдым,

Отырам да оңаша, ойларына қамалдым.

Баз кешкелi жүргенде, қара түнек құрсаулап,

Сырластым да биiктеп, туған айдай жаңардым.

 

Табысқалы Абаймен, көңiлiмде жүр өрлеп,

Пенделiктi тұқырттым, өзiмдi-өзiм жүгендеп.

Итке балап кей дұшпан, кесек атса сыртымнан,

Өкiнбедiм өзi де, шошқалығын бiлер деп.

 

Сергелдеңге түссем де, жан сырымды ел ұқпай,

Тәңiрiме тәубә еттiм, тiрлiк кештiм торықпай.

Адастым да жол үстi, төмендедiм, өрледiм,

Бағыт-бағдар сiлтедi, Абай-Темiрқазықтай.

 

Сүйдiм-күйдiм, өртендiм ләззәтынан шөл бастым,

Талай-талай арудың көңiлiндегi көздi аштым.

Тiлсiз тiлмен құштым да көзбен көрдiм, түйсiндiм,

Жалғыздықтан жалығып бiр сұлумен қолдастым.

 

Жеткiзсем деп ұл-қызды, "жапырағымды көктетем",

Мазалайды осы ойлар асқақ арман жоқ бөтен.

"Бес асыл iс, бес дұшпан" аманатым, оларды,

Армансызбын айтса жұрт, "намысты, адал, тектi екен".

 

Бес күн тiрлiк жалғанда, жарлы емеспiн, арлымын,

Жүрегiмнен өткiзем дүниенiң зар, мұңын.

Дiн, дiлiне бөлместен, түрiне де тiлiне,

Құшсам деймiн бауыр деп адамзаттың барлығын.

 

Өмiр заңы жек көрер, маған бiреу ұнамай,

Сан асудан өттiм де, сүрiнсем де құламай.

Тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай,

Аман сақтап келедi жүрегiмде бiр Абай.

 

* * *

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Ойларынан таң көрем арайлаған.

Тереңiнен терсем деп маржан сөздiң,

Көз жiберiп, таңырқап, тағы ойланам.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Жақын тартып сұрардай "қалай балам?!".

"Бас-басына би болған өңкей қиқым",

Қазiрде сол "өлермен" бар айналам.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Арамызда сан ғасыр, талай заман.

Қайырымсыз қарынбай толып жатыр,

Бiрiн-бiрi аяусыз тонайды адам.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

"Қазағым" деп қайғы ойлап, қарайлаған.

Шекесiмен көз тастап, шiкiрейiп,

Құл ғып жұмсар бауырын, талай надан.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Көргендеймiн заманды шарайнадан.

Ой да бақпай, мал бақпай, егiн екпей,

Базарда жүр көп қазақ "сор" айдаған.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Түсiнбегем талай жыл, қалай жаман.

Марқұмдардың бәрi адал, бәрi дана,

Тiрлiгiнде сөз - семсер қадайды оған.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Адам - қонақ, ауысар талай заман.

Жылап туып, болмасқа алданатын,

Кейiп өлер халiне қарай ма адам.

 

Қарай ма адам... Жөн едi абайлаған,

Мазаласа сан сұрақ, "қалай болам?!".

Оянса ғой ұйқыдан, өзiн танып,

Абайдайын мәңгiлiк Ар-айнадан.

 

* * *

Таңдар атып тамаша, арайлана,

Қазынасын ақтарған талай дана.

Толғандырып, Тәңiрдей табынтқаны,

Ұлылардың ұлысы - Абай ғана.

 

Көз түрткiсiз қапаста бар айнала,

Сансырасаң жол таппай сан ойлана.

Нұрын сеуiп жаныңның түнегiне,

Бағыт-бағдар сiлтейтiн -Абай ғана.

 

Тiрлiгiңде жағылар талай жала,

Жүрекке әжiм түседi, солай жара.

Жалғыз қалып жабырқап жүргенiңде,

Жаратқан мен сенерiң - Абай ғана.

 

Жалбаң қаққан салтанат сарайда ана,

Сыртқа теуiп, шалқайып қарайды аға.

Бас-басына би болған бар тобырдан,

Табан тiрер тiлекшiң -Абай ғана.

 

Түсiрмеуге кiр сызық Ар-айнаға,

Тура жүрiп жақпассың талайға да.

Өз-өзiңнен күресiп өтер ғұмыр,

Мыңмен жалғыз алысқан -Абай ғана.

 

Темiрқазық - Алашқа, шарайна да,

Аспандайды Рухың солай дара.

Әркiм өзiн санайды данышпанға,

Абай ғана!

...Басқаға қарайлама...

 

ЖҮРЕГIҢДЕ ЖҮРУ КЕРЕК ҰЛЫ АБАЙ

 

Тiршiлiкте жүру үшiн құламай,

Жүрегiңде жүру керек ұлы Абай.

Көңiлiңе түсiрмеуге көлеңке,

Ойларынан тояттау жөн тұмадай.

 

Көрiнгенге бас имеуге "құдадай",

Жүрегiңде жүру керек ұлы Абай.

Бес асыл iс - Темiрқазық жол сiлтер,

Бес дұшпаннан сырт бересiң, сұрамай.

 

Заманада алағай да бұлағай,

Жүрегiңде жүру керек ұлы Абай.

Тар-тағдырда таңылсаң да, қапаста,

Адасқанда көзiңдi ашар шырадай.

 

Жақыныңа жат көрiнсең, ұнамай,

Жүрегiңде жүру керек ұлы Абай.

Ашындырмас, "өңкей қиқым би болған",

Табындырмас таққа мiнгiш "дүр ағай".

 

Баз кешетiн сәттерде көп, Құдай-ай,

Жүрегiңде жүру керек ұлы Абай.

Қанат бiтер көңiлiңе қайтадан,

Көз алдыңда шуақ шашар нұр, арай.

 

Өмiр деген шетсiз-шексiз тұман-ой,

Адаспай да, жүрсек деймiз құламай.

Кiр шалдырмай өту үшiн Жалғаннан,

Жүрегiңде жүру керек ұлы Абай.

 

Жүрегiмде бiр Абай

Қайта-қайта Абайға бас ұратын боп  алдым,

Отырам да оңаша,  ойларына қамалдым.

Баз кешкелi жүргенде,  қара түнек  құрсаулап,

Сырластым  да  биiктеп, туған айдай жаңардым.

 

Табысқалы  Абаймен,  көңiлiмде жүр өрлеп,

Пенделiктi    тұқырттым, өзiмдi-өзiм  жүгендеп.

Итке балап  кей дұшпан, кесек  атса сыртымнан,

Өкiнбедiм   өзi  де, шошқалығын бiлер деп.

 

Сергелдеңге түссем де, жан сырымды ел  ұқпай,

Тәңiрiме тәубә  еттiм, тiрлiк кештiм торықпай.

Адастым да жол үстi, төмендедiм, өрледiм,

Бағыт-бағдар сiлтедi, Абай-Темiрқазықтай.

 

Сүйдiм-күйдiм, өртендiм ләззәтынан шөл бастым,

Талай-талай арудың көңiлiндегi көздi аштым.

Тiлсiз  тiлмен құштым да көзбен көрдiм, түйсiндiм,

Жалғыздықтан  жалығып бiр сұлумен қолдастым.

 

Жеткiзсем  деп ұл-қызды,  "жапырағымды көктетем",

Мазалайды осы ойлар асқақ арман жоқ  бөтен.

"Бес асыл iс, бес дұшпан" аманатым,  оларды,

Армансызбын  айтса жұрт, "намысты,  адал, тектi екен".

 

Бес күн тiрлiк  жалғанда, жарлы емеспiн, арлымын,

Жүрегiмнен өткiзем  дүниенiң зар,  мұңын.

Дiн,  дiлiне бөлместен,  түрiне де тiлiне,

Құшсам деймiн  бауыр деп адамзаттың барлығын.

 

Өмiр заңы жек көрер,  маған  бiреу ұнамай,

Сан асудан өттiм  де, сүрiнсем  де құламай.

Тұмсықтыға  шоқытпай,  қанаттыға қақтырмай,

Аман сақтап  келедi жүрегiмде  бiр Абай.

 

* * *

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Ойларынан таң көрем арайлаған.

Тереңiнен терсем деп маржан сөздiң,

Көз жiберiп, таңырқап, тағы ойланам.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Жақын тартып сұрардай "қалай балам?!".

"Бас-басына би болған өңкей қиқым",

Қазiрде сол "өлермен" бар айналам.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Арамызда сан ғасыр, талай заман.

Қайырымсыз қарынбай толып жатыр,

Бiрiн-бiрi аяусыз тонайды адам.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

"Қазағым" деп қайғы ойлап, қарайлаған.

Шекесiмен көз  тастап, шiкiрейiп,

Құл  ғып жұмсар бауырын, талай надан.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Көргендеймiн заманды шарайнадан.

Ой да бақпай, мал бақпай, егiн екпей,

Базарда жүр көп қазақ "сор" айдаған.

 

Мен Абайға бет бұрдым, Абай  маған,

Түсiнбегем  талай жыл, қалай жаман.

Марқұмдардың бәрi адал, бәрi дана,

Тiрлiгiнде сөз-семсер  қадайды оған.

 

Мен  Абайға бет бұрдым, Абай маған,

Адам-қонақ, ауысар талай заман.

Жылап туып, болмасқа алданатын,

Кейiп өлер  халiне қарай ма адам.

 

Қарай ма адам...  Жөн едi  абайлаған,

Мазаласа сан сұрақ, "қалай болам?!".

Оянса  ғой ұйқыдан,  өзiн  танып,

Абайдайын  мәңгiлiк Ар-айнадан.

 

* * *

"Қолымды мезгiлiнен кеш сермедiм..."

Абай.

 

Тауға да ұрып басымды, тасқа да ұрып,

Жетелеген алысқа бастап Үмiт.

Емен жарқын күлгемiн, кей сәттерде,

Жабырқағам, жанарды жас та буып.

 

Күйгем-сүйгем, сырт бергем, үмiттенгем,

Армандағам, адасқам, күдiктенгем.

Жығылғам да, сүрiнгем, қайта тұрып,

Аспандағам, көрiнiп биiк төрден.

 

Тiрлiктегi түгендеп жыртығымды,

Далбасалап өткiзгем күн-түнiмдi.

Қу дүние көз бояп, көгiме кеп,

Өкiнiштiң көшпейтiн бұлты iлiндi.

 

Көк жиекте көрiндi көзiме анық,

Кырандаймын құлайтын өзi барып.

Шара бар ма, мен түгiл даналарда,

Өте шыққан, өлмейтiн сөзi қалып.

 

Ал өзiмде не бар деп тiрек болар,

Оңаша да мұң - тұман, сұрақ қамар.

Тапқан пұл мен баққан мал қайыр болмас,

Келмес жаққа жөңкидi күн-апталар.

 

Алпыс екi тамырға маза бермей,

Жортады мұң қанымда жазагердей.

Өкпелiмiн желге ұшқан жылдарыма,

Кеш сермедiм құлашты жаза бермей.

 

Қалған ғұмыр ұзақ па, шамалы ма,

Жұтылғанша ажалдың аранына.

Сия етiп қанымды қаламыма,

Сөзiмдi айтып қалайын заманыма.

 

КҮн төбеден ауғанда

Тас төбемнен күн еңкейiп барады,

Өзегiм-өрт, жалын шарпып сананы.

Бармағымды шайнаймын құр, шарасыз,

Қақпан қапқан көк бөрiдей жаралы.

 

Аптап ыстық, бар айналам тымырсық,

Iзсiз-тоссыз дөңгеленер күн- ұршық.

Күлген болам, жүрген болам паң басып,

Ар жағымда жаралы арлан ыңырсып.

 

Күн төбеден барады ауып iңiрге,

Сезем-бiлем түнге айналар түбiнде.

Тағдыр-тұзақ тастай батып мойныма,

Елеңдейдi көк бөрi-үмiт дүбiрге.

 

Көрермiн де маңдайымның жазуын,

Адастырмас арман-Темiрқазығым.

Күн ауған соң қиял-арлан шау тартып,

Қияндардан iздемейдi азығын.

 

Қараша кеп бозбастандым, күз ауып,

Көнергендей көрiнедi жүз арып.

Күн бесiнге құлады да, басылдым,

Көлеңкемде бара жатыр ұзарып.

 

Дүние есiгiн ашқан едiм түрiп мен,

(Есiк-төрдей өмiр-жалған жуық па ең?!)

Күн төбеден ауған соң ба, шегiндiм,

Кейiнгiге қарай берем үмiтпен.

 

http://old.abai.kz/content/serikzhan-kazhi-zh-regimde-bir-abai