Абай... Сен бе? Ойпырмай, Абай десем,
Құшағын құшқан жанның талай да әсем.
Ибраһимның иманын саған берсе,
Жақсы жолға баста елді қалайда сен.
Өз атыңда аудан да, талай көшем,
Сол жаныңа білмеймін, қалай көшем?!
Бәлкім, Сіздің үмітті ақтамадық,
Бәлкім, біздің жігітте арай бәсең...
Тұрғызылмас "О!" дейтін оңай кешен,
Қарамайды көшеге қарайлысы ең...
Көшем оңды болсашы, Көсем керек,
... Ой-көселер көремін, Абай десем!..
Қайрат Әлімбек