Немістің ұлы ақыны, ойшыл, натурфилософ, ғалым, зерттеуші И.В.Гете антикалық әдебиеттің нағыз мұрагері болды. Гетеден аттай бір ғасырға жуық кейін туған Абайдың «Мен ескінің арты едім» деген сөзі неміс ойшылына бек жарасары анық. Екеуі де ескінің арты - жаңаның басы болғанымен ерекшеленетін алыптар тобынан екені аян.
Иоганн - Вольфганг Гете өзінің рухани зор портретін «Арнау» атты өлеңінде астарлы суреттейді. Таң сәуледен оянған ақын тауға шықтым деп жырлайды. Символдық ұғымда тау рухани асқақтық идеясын бейнелейді; бұл әулиелер мен данышпандар құдайын іздеп баратын киелі жер. Қазақта «Адам күбірін тау естиді, тау күбірін Тәңірі естиді» деген құдіретті сөз бар. Тау шыңы, құз-жартас адамзатты көк аспанға төбесі тиердей таяу тұрумен тартады. Ежелгі пұтқа табыну дәуірінде тау - құдайлардың мекені саналатын.
Өлең - құйып қойған өзі, автопортрет. Гете тау етегіндегі шық тұнған гүлдерді, тұнық аспанды көргенде жүрегін шаттық күй кернейді. Жадыраған күн нұры жанын жасартады. Ол тауға түскен тұманды қанатты деп суреттесе тегін емес, шабытына қанат бітіп, шарқ ұрады. Бұлт құрсағанда ақын алтын күн көзін көруге аңсары ауды. Ол түнектен соңғы сәуле екі есе көркем деп түйіндейді. Гетенің лирикасын құтайтып, ертегідегі тірі судай нәрлендіріп тұратын қайнар көз, ақ бұлақ - натурфилософия - неміс әдебиетінің гүл тәжі. Табиғат философиясы неміс көркем ой иелеріне ерекше етене болуымен артық.
Ақын көкірек көзімен тау шыңынан әйел құдайды көрді. Гете дәуірі классицизм мен романтизм - ескі мен жаңаның енді басталған текетіресі екені мәлім. Ол Кальдерон үлгісінен, француздардан Шекспирді артық санаған. Ақындарды пайғамбар һәм адамзаттың көшбасшысы деп тану идеясы И.В.Гетенің нақ осы «Арнау» атты өлеңінен жойқын қуатпен жарқырап, ғаламға жаңғырады. Бұл ұлы сарын Гетеден Пушкинге жұғысты болды.
Муза бейнесін суреттеп, маңдайы нұр шашып, жарқырай ұшып жүрген мұндай дегдар сұлулықты бұрын көрмедім деп мойындайды ақын.
Но там, на тучах, - явь или виденье? -
Богиня мне предстала в вышине.
Она парила в светлом ореоле.
Такой красы я не видал дотоле.
(В.Левик аударған)
Жадқа дереу орала кететін інжу-маржан жыр шумақтары міне:
Я помню чудное мгновенье:
Передо мной явилась ты,
Как мимолетное виденье,
Как гений чистой красоты.
(А.С.Пушкин. К***)
Александр Сергеевич Пушкин Анна Кернге арналған атақты өлеңінде сұлудың көркі - муза, шабыт, құдай берген әсемдік патшалығы, демек Гетенің осы бір өлеңіне перифраз, еліктеу тәрізді сезілетіні рас. Орыс ақынының «Муза» атты өлеңі шынындаГетенің шекпенінен шыққан десек еш жалғаны жоқ.
Абай қазақ сахарасында Гете мен Пушкин лирикасын сүйген, мейірі қанып тұма бұлағынан қанып ішкен дара жан болды. Үшеуі бір ұядан өскендей әсер етеді. Абай Гетенің жалғыз өлеңін, Пушкиннен бірнеше жыр аударып, оларды өз жұртына тумаса да туғандай етті.
Қуаты оттай бұрқырап,
Уәзінге өлшеп тізілген.
Жаңбырлы жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген.
Қайран тіл, қайран сөз -
Наданға қадірсіз.
«Қуаты оттай бұрқырап».
Абайдың ақындық өнерге арналған бұл өлеңі Гете мен Пушкиндегі әлгі сарынмен аса үндес келуі ғажап. Үш ақын абыздық қасиетті шын түйсінген.
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
Абай поэзия құдіретін ғана емес, адамды әуелде ақыл емес, сезім билейтінін айтып тұрған жоқ па! «Сезім культы» неміс поэзиясының кемеңгерінің негізгі қасиеті болғанын гететанушылар баса айтады.
Гете «Арнау» атты өлеңінде «асқан адам» деген ұғымды енгізді. Кейіннен Ф.Ницце фашизм идеологиясына айналдырып жіберуге үлес қосқан осы сөз - «сверхчеловек» Гетеден алынып, мағынасы бұрмаланған. Гетеде бұл ұғым - ақынның әулиелік, пайғамбарлық болмысы, өз кейіпкері мифтік Прометей тәрізді асқан алыптарға тән харекет-болмысын білдіреді.
Ақын өзін қара тобырдан бөліп, даралап, асқақтатып, жалғыз патшадай масаттанып сөйлегенін өлеңде құдайдың құдіретімен музасы жақтыртпайды, тез тыйып тастайды. Гете ақындық құдайдың пендесіне берген ерек сыйы, кімге қонса, сол артық деп түйсінген тәкаппар ойынан демде арылады.
Абайдың тура осы астам ойға дөп түсетін жыр жазуы рас:
Патша құдай, сыйындым,
Тура баста өзіңе.
Жау жағадан алғанда
Жан көрінбес көзіме.
Арғын, Найман жиылса,
Таңырқаған сөзіме.
Қайран сөзім қор болды,
Тобықтының езіне.
«Патша құдай, сыйындым».
Германияның ұлы өз тілінде, түз данышпаны дала оғланына тән стильде сөйлегенімен сөздері түп мағынасы бір ұғымда құйылысатыны керемет!
«Едва взглянул прозревшими глазами -
Уже, в мечтах сверхчеловеком став,
Забыв свой долг, ты мнишь других глупцами.
Но чем возвышен ты над остальными?
Познай себя - и в мире будешь с ними».
Гетенің кейіпкерін рух осылай жөнге салады. Ал мұнан мазмұн, пішіні аумайтын бірер тамаша өлеңді орыс поэзиясының күні А.С.Пушкин жазған: «Муза», «Поэту», «Пророк» , «Я памятник себе воздвиг нерукотворный», т.б.
«Арнау» - баталы сөз, бастау, рух шақыру. Бұл ретте біздің жыраулар поэзиясындағы сом алтындай кесек жыр - Қазтуған жыраудың «Мадақ жырына» мазмұн һәм идеясымен дөп келетіні ғажап. Екі халықтың рухы бір-біріне бөтен емес. Мұнда ақынның күллі шығармашылығының Пегас - болмысы, үлгі, қалыбы, идеясы ғана емес, келешек «Фауст» драмасының дәні тұр. Ақын абыз болса, оның жеребесі - өнер қуған тағдыры. Ақын тауға барып, құдіретпен тілдескендей бұла күй кешіп, рухы зорайып өсіп оралды. «Сен маған таңғажайып сый бердің. Енді менің мақсатым биік. Сол ұлы қазынамды ел-жұртыммен бөлісуге әзірмін» - Гете ақындықтың парызын сүйіп қабылдайды.
Расында мынау асқақ өлең А.С.Пушкиннің «Пророк» атты шедевр өлеңінің түпнұсқасындай әсер етері сөзсіз. Ал Гете өз кезегінде бұл ұлы идеяны өзінен бұрынғы Гомер,Овидий, Гораций, Вергилий сияқты антик ақындардан алуы бек мүмкін.
«Пускай ты слаб, - она мне говорила, -
Твой дух горит добра живым огнем.
Прими же мой дар! Лучей полдневных сила
И аромат лесного утра в нем.
Он твой, поэт! Высокие светила
Тебя вели извилистым путем,
Чтоб истина счастливцу даровала
Поэзии святое покрывало».
Гете өзін ақын қылған болмысты осылай антикалық-мифтік бейнелер арқылы суреттейді. Пушкин әйгілі «Пророк» атты өлеңінде ақындықты пайғамбарлықпен тең санайды!
Духовной жаждою томим,
В пустыне мрачной я влачился, -
И шестикрылый серафим
На перепутье мне явился.
Орыс ақынына жыр арқасын сезінерде періште тап келеді. Бұл сиқырлы һәм мистикалық өлеңнің көркемдік қуаты ересен, образдар шоғыры көркем.
Как труп в пустыне я лежал,
И бога глас ко мне воззвал:
«Восстань, пророк, и виждь, и внемли,
Исполнись волею моей,
И, обходя моря и земли,
Глаголом жги сердца людей».
Ең ғажабы, конгениальді деген ұғымның Гете-Пушкин-Абай әлемін біртұтас баурап алуы дер едім. Пушкин Гетеден көркем идеяны қарыздануы бек мүмкін, бірақ қаншалық тосын, соны, өзіне ғана тиесілі зердемен көркем бере білген. Мұнда плагиаттық сөз ұрлау, қарадүрсін көшірмешіліктің исі жоқ. Ал әдебиет әлемінде қарыздану - оның өсіп-өнер, тамырын таратар ізгі жолы екенін концепция қылып ең әуелі Гете айтып берді. Біртектес ақындар бір-біріне ұқсас, әрі сөйте тұра қайталанбас тұлғалар. Ұқсас болмағы - күн ортақ, жер ортак, нәсілі- адам. Алайда әрқайсысы бір-бір таудың бұланындай!
Абайда поэзия туралы өлеңдер басқаша сарында берілген. Әйткенмен Гете мен Пушкин жырларымен нақ осы меридианда дөп келер бір өлеңі айқын, ол «Арнау» мен «Пайғамбарға» рухы ғана емес, образдары бойынша тұстас келеді.
Жалын мен оттан жаралып,
Жарқылдап Рағит жайды айдар.
Жаңбыры жерге таралып,
Жасарып шығып гүл жайнар.
Жалын мен оттан жаралған
Сөзді ұғатын қайсың бар?
«Жалын мен оттан жаралып»
Абайда «Қуаты күшті нұрлы сөз» - құдіретті өлең туарда табиғаттың тылсым күші беріледі. Рағит (арабша «Рәғид») - найзағайды, күнді күркірететін періштенің аты. Ал Гете жырларында нақ осы періштенің рөліндегі Зевс - грек мифологиясындағы бас құдай, найзағай құдайының есімі жиі айтылатыны қалай? Табиғи үндестік. Орыс поэзиясында ақынды пайғамбар көру шын үрдіс. «Всевидец душ, пророк сердец, / Гомер, божественный певец». (В.К. Кюхельбекер. «Поэты»). Кейбірінде ақын «Пророк библейский», «Пророк бога»; Пушкин ақынға «Жрец Аполлона» деген теңеу берген. «Послушай, муз невинных / Лукавый духовник» деп жазады ол К.Дельвигке.
Абайда ақындықтың мәні хақында өлеңдер бір сара. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», т.б. Жыр - жұпарлы дүние. «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» атты өлеңінде Абай:
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар, - деп түйіндейді.
Абайда өлең - жарық дүниеның өзегі, өмірдің мән-мағынасы, арқауы.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең.
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол».
Қарны тоқ хасса надан ұқпас сөзді
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді.
«Өзгеге, көңілім, тоярсың».
Осы өлеңі Гетемен іштей үндестігі аса мол.
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын, көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.
Қара басқан, қаңғыған,
Хас надан нені ұға алсын?
Жылай - жырлай өлгенде,
Арттағыға сөз қалсын.
Абай анық абыздық күйге шомып, жалған дүниенің тәлкегінен түңіліп, тек өнер қасиетіне бас сауғалап қорғалап тұрған үркек һәм бекзат жан күйін суреттейді. Хаосты жеңетін, катарсис арқылы ішті тазартатын - ұлы сөз. Жаны тазарса - адамның хикмет кеудесіне жетер керемет жоқ екенін ақын егіле жырлайды. Поэзияны пір тұтуды, алыптарға еліктеуді Абай бір мүшелінде, 13 жасында бастайды.
Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдауси,
Хожа Хафиз - бу хәммәси
Мәдәт бер я шағири фәрияд.
Ақын шығыстың ұлы шайырларын теңдесі жоқ, асылға бағалайды. Бұл расы, баталы өлең. Гете Абайдан 100 жыл бұрын Хожа Хафизге сыйынған еді.
Гете-Пушкин-Абай әлемі рухы туыс ірі құбылыстың айғағы. Ғылыми тілде бұл сарындасу конгениальдық делінеді, табиғи дарындылық, қабілеттің бір тектілігі, ойлау қалыбы, стиль, әдеби үлгі, мәнердің негізі алшақ еместігі.
Айгүл Кемелбаева, жазушы,әдебиеттанушы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

http://old.abai.kz/content/aig-l-kemelbaeva-gete-men-abai-akyn-paigambar-basy