А. КӨПБАСАРОВА: АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ

Аудармашы түпнұсқаның мазмұнын, пішінін саралап білумен бірге оның тууына негіз болған өмір құбылыстарының сипатын да жете тануы қажет. Ақынға, ақынның белгілі өлеңінің тууына негіз болған өмір құбылыстарының тобын танып, таразылай отырып, ақынның ойлау, сезіну даралығын, оның шығармашылық тұрғысы мен нысанасын түсінгенде ғана аудармашының еңбегі шығармашылық дәрежеге көтеріліп, поэтикалық қасиет иелене алады. Түпнұсқаның мазмұнын, тақырыбы мен идея-сын дәл жеткізудің бірден-бір құралы тіл екені түсінікті. Пішінді түзетін құрал да сол. Сон-дықтан белгілі мазмұнды, оның кейбір нәзік қырларын жеткізудің поэтикалық тәсілдері мен құралдары ұлттық ерекшеліктерімен сипаттал-ғанына қарамастан, қызметін неғұрлым дұрыс, толық жеткізетін тілдік құралдарды аудармада тілдің белгілі заңдылықтарына сәйкес басқа типтегі құралдармен алмастыруына тура келеді. Әйтсе де өлең сөзді аудару тәжірибесінде түпнұсқаның мазмұны менпішінін мейлінше дәл сақтау, өзге тілде дәл әрі көркем жеткізу аудармашыдан неше алуан тәсілдерді пайда-лануды талап етеді. Түпнұсқадағы өзге тілден тікелей аударылмайтын тілдік бейнелеу құрал-дарына сай баламаны өзге тілдің қорынан табу, сол арқылы түпнұсқаның табиғатын өзге тілде өрнекті түрде танытудың түрлі тәсілдері Абай өлендерінің орыс тіліндегі аудармаларынан да байқалады. Оларда
мазмұн мен пішіннің сақта-луы да, тілдік бейнелеу құралдарының берілуі
де түрлі деңгейде жүзеге асырылған. Солардың көпшілігінде қазақ ақыныныңойы мен ойлау даралығы, ақындық тұрғысы, «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын келістірген» шеберлігі түпнұсқадағы деңгейге көтеріле алмай жатады. Абай өлеңдері орыс тіліне өз дәрежесінде аударылып болды десек, қателескен болар едік. Абай өлеңдері орыс тіліне мүлде сапасыз аударылды деудің де реті келмейді. Сондықтан Абай өлеңдерінің орыс тіліне аударылуы мәселесі нақты да затты талдауды, дерекке негізделген тиянақты тұжырымды талап етеді.

Абайдың өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік
бейнелеу құрал-дарының қызметімен ерекшеленеді. Қайсы бір жанрдағы
өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу құралдары күрделі, ұлттық реңі бай
болып келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдердің тілі қарапайым, нақты.
Алғашқы жанрлық топтағы өлеңдерді басқа тілге аудару аудармашыдан үлкен еңбекті, көп ізденісті талап етсе, кейінгі топтағы өлеңдерді аудару
едәуір жеңіл. Алайда аудармашылық шеберлігі кемел аудармашылар үшін де
Абайдың өлеңдерін аудару, Абаймен ақындық жарыстыра отырып аудару оңай емес. Бұған Абай өлеңдерінің аудармалары толық негіз бола алады.

Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі көлемді болғанмен, көркемдік
бейнелеу құрал-дарының молдығы және күрделілігі жағынан аудармашы үшін
аса көп қиындық келтір-мейтіндей көрінеді. Шындығында олай емес,
аудармашылар бұл өлеңді қинала аударғандай әсер туады. М.Петровых,
Ә.Қодар аударма-ларында «Ғылым таппай мақтанба» түрлі түрғыдан, түрлі
деңгейде байымдалған, аудар-малардың көркемдік-эстетикалық дәрежелері де
түрліше болып шыққан.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа кулуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз [1,65].

Өлең жолдарында көркемдік бейнелеу құралдарының ішінде жиі қолданылатын
теңеу де, эпитет те жоқ, басқа бейнелеу құралдары да сіресіп тұрған жоқ.
Ақын анық, айқын, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде ой толғап отыр.
Аудар-мада бұлай емес. М.Петровых пен Ә.Қодар осы жолдарды былай
аударады:

Пока не знаешь — молчи.

Пока блуждаешь — молчи.

В бесцельных днях и в ночи

Пустых забав не ищи.

Чтоб человеком ты был

И в ровенъ с веком ты был,

Ты пятерых побори,

И пятерых избери… [2, 57]

Без знаний нос не задирай,

Найди себя, потом играй.

Не надо смеха через край.

Пуста веселость эта.

Пяти вещей ты избегай,

К пяти вещам стремленье знай,

Раз хочешь выйти в люди.

Все сбудется в судьбе твоей,

Когда так жить полюбишь… [3, 25].

Түпнұсқа мен оның екі түрлі аудармасын жолма-жол және шумақ деңгейінде
салыстырып қарағанда, Абайдың ойы да, сөзі де мүлде басқа деңгейде
шыққаны көзге түседі. Әрине, аудар-машылар Абайдың өлеңін орыс тіліне
аударып отырғанда, орыс тілінің заңдылықтарын, орыс тілінің көркемдік
құралдарын, орыс тілінің лек-сикалық, фонетикалық, морфологиялық және
синтаксистік мүмкіншіліктерін пайдаланады. Бірақ бұл аудармашыға
түпнұсқадан негізсіз ауытқуға жол бермеуге тиісті. Әр ұлт тілінің
синтаксистік жүйесінде ерекшелік бары рас, алайда олардың синтаксистік,
поэтикалық, лин-гвопоэтикалық қызметінде үндестік, үйлестік, бірегей
жүйе барын естен шығармау керек. Сондықтан түпнұсқаның синтаксистік
жүйесіне, басқаша айтсақ, өлеңнің тармақ жүйесіне орынсыз, қажетсіз
өзгерістер, толықтырулар енгізу, сөйтіп түпнұсқаның құрылым жүйесін ғана
емес, мағыналық-мазмұндық жүйесін де бұрмалау аудармашы шеберлігін
таныта алмайды. М.Петровых түпнұсқадағы «ғылым таппау», «орын таппау»
секілді авторлық тіркестерді өзінше өзгертіп аударған. Ал «мақ-танба»,
«баптанба» секілді әрқайсысының дер-бес мазмұны, мағынасы бар екі түрлі
сөздің орнына бір ғана «молчи» («үндеме») деген сөзді қолданады.
М.Петровых пайдаланып отырған сөздердің эмоциялық, эстетикалық бояуы
сол-ғын. Ал түпнұсқадағы «мақтанба» да, «баптанба» да белгілі бір
лексикалық мағы-насына қосымша эмоциялық реңкі бар сөздердің қатарына
жатады. Ақынның өлең тармақтарына белгілі бір дәрежеде қосымша мағына
үстеп, оның мазмұнын байытып тұрған – осы сөздер. М.Петровыхтың
аудармасында осындай қосым-ша мағыналық реңк, өлең тармақтарының
маз-мұнын, ақынның ойын байытып тұрған мән мүлде жойылып кеткен. Соның
нәтижесінде ақынның ойы мен ойлауы да кедейленіп шыққан.

Ә.Қодардың аудармасы да ақын өлеңінің мәнін толық жеткізе алмаған.
Абайдың тілінде бейнелі, астарлы сөз жоққа тән дедік. Ә.Қодар болса,
Абайдың «мақтанба» деп тура мағынада, анық та айқын, нақты айтып отырған
сөзін орыс тіліне мүлде басқа деңгейдегі сөзбен аударады — «нос не
задирай». Бұл — бейнелі, тұрақты сөз тіркесі. Аудармада өлеңнің екінші
тармағының мазмұны мен пішіні де бұзылып берілген. |Аудармашының «Найди
себя, потом играй» дегені Абайдың «Орын таппай баптанба» деген тармағына
мүлде балама бола алмайды. Осылайша, Абайдың өлең тармақтары екі
аудармашының аудармасында да сөз, сөз тіркесі деңгейінде, бунақ, тармақ
деңгейінде дәл бала-ма дәрежесінде берілмеген. Айтылған жайларға
қосымша, екі аудармашы да түпнұсқадағы кейбір тармақтарды өзгертіп
немесе тастап кетіп, олардың орнына өздерінің тарапынан басқа
тармақтарды қосады.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ақын адамның бес дұшпаны мен бес асыл
істі былай санап көрсететіні белгілі:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Злословие, ложь, хвастоство,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Безделье и мотовство -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Вот пять врагов твоих, знай.

Талап, еңбек, терең ой,

А разум, и доброта,

Қанағат, рақым, ойлап қой

Упорство, скромность, труд -

Бес асыл іс көнсеңіз [1, 65]

Вот пять друзей, согласись [2,57].

Өлеңде көрініс тапқан бес жаман қылық — кісінің бес дұшпаны және оған
қарама-қарсы бес асыл қасиет ақынның мәдени-әлеуметтік, философиялық
көзқарасының, дүниетанымы-ның басты өлшемдерін белгілейтін тұжырымдар
желісімен сабақтасады. Сондықтан ақынның бұл секілді терең философиялық
танымнан ту-ған, әлеуметтік-этикалық тұрғысын білдіретін ойларын еш
өзгертусіз, дәлме-дәл аударудың маңызы жоғары. Ақынның мұндай ойларын,
тұрғысын, көзқарасын білдіретін ұғымдар мен түсініктерді де ауытқусыз,
тура жеткізу шарт. Бұл жерде жекелеген сөздердің немесе бейнелі ойлардың
аударылуы туралы емес, нақты ұғымдар мен түсініктердің аударылуы туралы
сөз болып отыр. Сондықтан да аудармашының бұл ұғымдар мен түсініктерді
дәл, тура аударуы өлеңнің мазмұнын ғана емес, ақынның
әлеуметтік-этикалық, философиялық көзқарас-тарын да дәл жеткізуді
қамтамасыз ететінін ескеруге тура келеді. Түпнұсқаның мазмұнын, ақынның
дүниетанымын, ұсынып отырған пікірлері мен тұжырымдарын терең ұғынған
аудармашы бұл талаптардың орындалуына бар күшін, жігерін жұмсайтынында
сөз жоқ. Соған қарамастан, аудармада «еріншек» (безделье), «талап»
(упорство) секілді нақты үғымды білдіретін термин дәрежесіндегі сөздер
түпнұсқадағы мағынасын жоғалтып, едәуір қарабайырланып берілген. Ә.Қодар
да «бекер мал шашпақ» (деньги на кутеж), «қанағат» (довольство малым)
ұғымдарын дәл аудармаған [3, 25].

Аудармашы түпнұсқадағы әрбір детальді, әрбір бейнелі мағынаны
мүмкіндігінше дәл аударуға күш салатыны рас. Түпнұсқадағы жекелеген
бейнелеу құралдарын немесе пішін-нің басты қырларын дәл бермей, өзгертіп
жеткізу шығарманың бастапқы түрін, формасын ғана емес, мазмұнын да
өзгертіп жіберерінде сөз жоқ. Жоғарыда талданған өлең жолдары туралы
осыны айтуга болады. Екі аудармашы Абай өлеңінің жалпы мазмұнын ғана
бере алған. Одан ақынның ой желісі, айтып отырған ойының жалпы мазмұны
табылғанмен, ақынның шығар­машылық ерекшелігі, өлеңнің
көркемдік-эстетикалық болмыс-бітімі, мазмұн мен пішін-нің жарасқан
келісімі көмескі тартып көрінеді.

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Абай өзінің ғылым, білім туралы ойын
үзбей, жалғас-тыра, дамыта баяндайды. «Бұл тұста ерекше бір көңіл
бөлерлік жай — Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен
сабақтастыра айта-ды, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды» [4,78].
Екі аудармашы да өз аудармаларында осы көрсетілген ой желісін жеткізе
алған. Ау-дармашы үшін бұл аз жетістік емес.

Түпнұсқадағы жекелеген ерекше ұғымдар-ды, түсініктерді басқа тілде
жеткізу аударма-шыдан терең білімді, үлкен еңбекті және ақын-дық талант
пен шығармашылық шеберлікті та-лап ететіні рас. Түпнұсқада көрініс
тапқан өмір шындығының мәнісін, ақынның ойлау дара-лығын, стилін, тіл
ерекшелігін білу — аудармашы үшін ең басты шарт. Алайда шынайы
аудар-машыға білім сенімді көмекші болғанмен, маңдайдан тер ағызғандай
адал да тиянақты еңбек, нағыз шығармашылық еңбек жоқ жерде, айтарлықтай
нәтиже болмайды. Терең білім тиянақты еңбекпен, ал білім мен еңбек
ақындық талантпен, шығармашылық шеберлікпен ұштас­қанда ғана аударма
түпнұсқа деңгейіне не соған жетеқабыл деңгейге көтеріледі. М.Петро-вых
аудармасында Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі де едәуір
өзгерістерге үшыраған. Дегенмен аудармашы ақын өлеңінің мазмұнын, оның
сезім сырын едәуір толық жеткізген. Ақынның көңіл күйі де дұрыс
жеткізілген. Өлеңнің өзі мен оның аудармасын өзара салыстырып көрейік:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім

Пайдасын көре-тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?.. [1,43].

Я презрел познанъе, юноша пустой,

Видел пользу в нем, но шел стезей другой.

Возмужал — наука из-под рук ушла,

Поздно к ней ты устремился, разум мой!

Кто повинен, что остался я ни с чем,

Смолоду учась, я был бы не такой! [2, 38].

Аудармашы М.Петровых ақын өлеңінің маз-мұнын, ақынның көңіл күйін жіті
таныған. Түпнұсқаның әр сөзін, әр тармағын терең түсіну, соның
нәтижесінде өлеңнің мәнін, рухын ұғыну аудармашыны жалаң-жадағай
аударудан сақтандырып, тиісті шығармашылық табысқа жеткізген.
Аудармашының басты жетістігі — өлеңнің мазмұнын, ішкі эмоциялық байлығын
орыс тілінде белгілі дәрежеде дұрыс бере білуінде. Әйтсе де аудармашы
бұл жерде де өз тарапынан өзгертулер жасамай тұра алмаған. Абай бұл
өлеңінде өзінің ғылым жолын жастай қумағанына, ержеткен соң іздегенде,
ғылым жеткізбей кеткеніне өкініш білдіріп, сол өкінішін сыр қылып
толғайды. Ақын бұл сырын нақты ешкімге де арнамаған. Аудармада ақынның
осы сыры едәуір қосымша желілермен толықтырылады. Абай өлең мазмұнын тек
өз сыры, өз өкініші ретінде ғана баяндайтын болса, аудармада ақын
өзінің ақыл-ойына наз айтқандай күй танытады. Түпнұсқада істің,
құбылыстың иесі ақынның өзі болса, аудармада ғылымға кеш ұмтылған ақын
емес, оның ақыл-ойы болып шыққан. Бұл секілді өзгертулер, толықтырулар,
сөз жоқ, түпнұс-қаның тұтастығына, стильдік бітіміне өз салқы-нын
тигізіп тұрғаны рас. Бұл арада ақынның ойлау жүйесінің ерекшелігі де
өзгеріске түскен. Мүның бәрі, әрине, аудармашының түпнұсқа табиғатын
мейлінше дәл аудару талаптарының үдесінен шыға алмай жатқанын көрсетпесе
керек. Дегенмен мұндай өзгерістердің, толық-тырулардың қайсы бірі
түпнүсқа мәтініндегі кейбір сөздердің орыс тілінде аударылу
мүмкіндігінің төмендігімен байланысып жатыр. Мысалы, «түспеді уысыма»,
«қолымды мезгі­лінен кеш сермедім», «қолымды дөп сермесем, өстер ме
едім» секілді сөз тіркестерін орыс тіліне өте дәл, тура аудару мүмкін
емес. Ауыспалы мағынада, тұрақты тіркес дәре-жесінде пайдаланылған
мұндай тілдік құрал-дардың мазмұнын аудармашы орыс тіліне қарапайым,
тура мағынадағы тілдік құралдар-дың тобы арқылы аударған. Өлеңнің
мазмұндық желісі де осы бағытта аударылады. Сөйте тұра ол түпнұсқаның
мағыналық құрылымына, тақы-рыбы мен идеясына, ондағы характер
табиға-тына мүмкіндігінше терең бойлаған. Соның нәтижесінде аудармашы
түпнұсқаны сөзбе-сөз немесе жолма-жол аударуға бармай, оның мазмұны мен
мағынасын терең жеткізуге жол тапқан. Сонымен қатар ол түпнұсқаның
пішініне тән ерекшеліктерді де сақтауға күш салады.

Аударма түпнұсқаның мазмұны мен пішінін өзге тілде қайта жасай алғанда
ғана сәтті бола-ды. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасын-дағы бірлік
пен келісімді жарастықты түрде басқа тілде жеткізе алған аударма ғана
көркем-дік тұрғыдан бағалы.

Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескер-медім» өлеңінде ақын өзінің өмірін,
іздеп тап-қаны мен іздемей жоғалтып алғанын ақылға салып, жастықта
аңғырттықпен өткізген жылда-ры үшін өкініш білдіреді, өкініп қана
қоймай, өзіне үлкен сыншылдықпен қарап, ғылымнан кеш қалғаны үшін
өзін-өзі қатты сынайды, мінейді. Білгеніне қанағат түтпай, білген үстіне
біле беруге ұмтылған таныммен, сыншыл таныммен танылады. Ақын өз
басынан өткен осындай жайларды айта отырып, енді өзінен кейінгі буынның
білім алуын, өмірін текке, арзан қызыққа арнамай, ғылым жолын қууын
ғибрат етеді. М.Әуезов: «Бұл шығарма енді халықтық, адамгершілік,
ағартушылық жөнінде үлкен қияға қарай жол тартқан жаңа ақынның бейнесін
көрсете бастайды» [5,110], — деп, өлеңнің осындай жаңашыл мазмұны мен
ақынның жаңа бағытын, сол арқылы оның ақын-дық бейнесінің жаңа қасиетпен
даралана баста-ғанын аңғартады. Бұл айтылған пікірлер Абай-дың өлеңінің
мазмұны мен мәніндегі, түрі мен түсіндегі бірлік пен байланыстан
туындап жат-қан тұтастықты дәл анықтайды. Аудармада ақын өлеңінің
осындай ерекшеліктері, оның мазмұны мен пішіні арасындағы диалектикалық
бірліктен, келісім мен жарасымнан туып жатқан осындай поэтикалық
даралығы бар. Жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің, кейбір тұстарда
әсерлі бейнелеу құралдарының өз дәрежесінде аударылмай, өзгерістерге,
толықтыруларға түс­кеніне қарамастан, аудармашылардың шебер­лігі,
түпнұсқаның әлеуметтік, эмоциялық маз-мұнына адалдығы ойдағыдай деңгейде
көрініс тапқан.

Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба»
өлең-дерінде баяндалған ұстаздық үлгі мен тұрғы үзілмей, басқа
өлеңдерінде де жалғасып отыра-ды. Жоғарыда аталған өлеңдер мен
«Интернатта оқып жүр» жазылу мезгілі жағынан өзара жақын, тақырыбы мен
идеясы жағынан да са-рындас, бағыттас. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі
қымбат» өлеңі туралы да осыны айту дұрыс. Басты идеясы алдыңғы
өлеңдермен үндес, сарындас болғанмен, кейінгі өлеңде ақынның жастар
алдындағы ағалық ниеті, ұстаздық ғибраты тікелей оқу, білім, ғылым
төңірегінде ғана болмай, өмірдегі адамгершілік іс, достық пен татулық,
адалдық секілді әлеуметтік-этикалық биік қасиеттерді үлгі етіп, өсиет
қылады. Адамгершілік, кісілік туралы «ойларды шешендік, ақылгөйлік
түрінде әсіресе баса айту — бұл Абайдың ағалық, ұстаздық ниеті» [5,123].
Тақырып пен идея, мазмұн тұрғысынан алып қарағанда, аудармада Абайдың
осы ниеті, осындай ұстаздық ғибраты мен көзқарастары ашылуының маңызы
жоғары. Өлеңнің алғашқы шумағын алып, онда берілген жайлардың орыс
тіліне аударылу, орыс тілінде берілу деңгейіне назар аударайық:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат [1,59].

Өлең тармақтарындағы әр ой анық, оны жеткізіп түрған тілдік құралдар,
түрге пішін беріп тұрған бейнелеу құралдары да жара-сымды. Мазмұн мен
пішін арасынан ешқандай жарықшақ табылмайды, бәрі де сұлу келісіммен
үндесіп тұр. Ақын өлеңнің бастапқы тарма-ғында жігіттерге екі түрлі,
біріне-бірі қарама-қарсы екі құбылысты қатар пайымдауды ұсы-нады: ойын
және күлкі. Ауызекі сөз барысында ойын мен күлкі бір-бірінен
ажыратылмай, екеуі өзара шектес, мәндес құбылыстар ретінде айты-латыны
рас. Ақын осы екі құбылыстың ара-жігін ашып, олардың әрқайсысының мәні
мен мәнісін ажыратып сипаттайды. Олардың мәнін ашу мақсатында ақын
бір-біріне қарама-қарсы мағынадағы, антонимдік қатынастағы екі сөзді
таңдап алған: арзан — қымбат. Өлеңнің мағы-налық өзегі мен құрылым
жүйесі үшін «ойын-ның арзан» болуы қаншалықты шешуші болса, соған орай
«күлкінің қымбат» болуы сон-шалықты маңызды. Бұл секілді антонимдік
қатынаста тұрған сөздердің мағыналары ақын-ның айтайын деп отырған
негізгі ойының сал-мағын арттырып, өлеңнің поэтикалық қасиетін күшейте
түсетіні сөзсіз. Ақынның осы ойы өлеңнің келесі тармағында және бір жұп
құбы-лыстармен егізделеді. Ол құбылыстар — сыр мен сымбат. Өлеңнің басты
идеясы мен тақырыбын, мазмұны мен пішінін тану үстінде осы екі
тар-мақта түзілген түр мен өрілген ойдың өзара қа-тынасы, байланысы,
сабақтастығы айрықша мәнді. Өлеңнің ішкі болмысына, нақты мағы-насы мен
эмоциялық мазмұнына, поэтикалық тұтастығына бастайтын арна осы екі
тармақтан басталады. Ақынның ішкі сырына, ақындық-азаматтық нысанасына
барар жол осы екі тар-мақтың көркемдік-эстетикалық табиғатынан та-мыр
тартады.

А.Гатовтың аударуында өлеңнің осы екі тармағы былай берілген:

Джигиты, ценен смех — не шутовство,

Различны внешний вид и естество [6,21].

1951 жылғы басылымдағы осы аударма кейінгі басылымдарда басқаша
редакцияда ұсынылған:

Джигиты, дорог смех, не шутовство,

Несходны внешний вид и естество [7,37].

Редакциялау нәтижесі айтарлықтай нәтижелі де емес, әсерлі де емес екені
өз-өзінен көрініп тұр. Рас, «ценен — дорог» тобында түпнұсқадағы
«қымбат» сөзіне мағыналық жағынан жақыны — кейінгі редакциядағы «дорог»
сөзі. Бұл сөз аударманы түпнұсқаға бұрынғыдан гөрі, жеке-леген сөз
деңгейінде болса да, жақындата түс-кен. Ал «различны» сөзін «несходны»
сөзімен ауыстыру түпнұсқадағы «екі түрлі нәрсе ғой» сөздерінің мағынасын
дәл жеткізу мақсатынан шықпай, аудармадағы «внешний вид и естес-тво»
тіркестерінің өзара байланысы мен маз-мұндық-мағыналық қатынастары
талабынан ту-ып отырған қажеттілік десе болғандай. Сөйтіп, аудармада
ақын «сыр мен сымбаттың ұқсас еместігі» туралы айтқан болып отыр. Оның
үстіне «внешний вид и естество» «сыр мен сымбаттың» дұрыс аудармасы да,
баламасы да бола алмайды. «Внешний вид» орыс тілінде құбылыстың
эмоциялық мазмұнын, реңін біл-діре алмайды. Ал Абайдың «сыр», «сымбат»
сөздерінің әрқайсысында олардың лексикалық тура мағыналарынан басқа,
оларға қосымша эмоциялық мазмұн бар. Бұл мазмұн басқа сөздер беретін
мағыналар аясында барынша жарқырап ашылады.

Өлеңнің кілті «ойын арзан, күлкі қымбат» тіркестері айналасында екені
туралы ілгеріде айтылды. Ойын мен күлкінің айырмашылық-тарын ақын «арзан
— қымбат» секілді мағы-налары жағынан антонимдік қатынаста тұрған екі
дара, бір-біріне қарама-қарсы мәндегі сөздердің жұбы арқылы аңғартады.
Мұны ақын-ның ақындық ойлауын, нысанасын даралайтын ерекше поэтикалық
тәсіл қатарына жатқызу дүрыс. Өкінішке қарай, бұл тармақтардағы мән мен
мағына да ақынның өз шығармашылық шеберлігі мен даралығы дәрежесінде
аударыл-маған. Аудармада ойын мен күлкі, арзан мен қымбат арасы мүлде
ажыратылмаған. Өлеңнің алғашқы тармағының мағынасын қазақша-лайтын
болсақ, «ойын емес, күлкі қымбат» дегендей ұғым туады. Абай ойын мен
күлкінің қайсысы қымбат екенін айтуды мақсат етпеген. Ақын «ойынның
арзан, күлкінің қымбат» екенін, басқаша айтқанда, ненің қымбат, ненің
арзан екенін арнайы баса баяндап отыр. Сондай-ақ «ойын» сөзін
«шутовство» деп аудару да келісіп тұрғанға үқсамайды. «Шутовство» мүл-де
басқа мағынаны білдіреді. Айтылған жайлар-дың бәрі өлеңнің мазмұны мен
пішінін келіс-тіріп аударуда, мазмұн мен пішіннің үйлесімін түпнұсқаның
көркемдік-эстетикалық дәреже-сінде тәржімалауда аудармашылардың
айтар-лықтай биік көркемдікке жете алмағанын байқатады.

Шумақтың кейінгі екі тармағын да бұдан гөрі дәл және көркем аударуға
болар еді. Ақын күлкінің қымбат екендігі туралы ойын одан әрі
жалғастырып, «арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік» ер туралы
толғанады. Сондай ер табылса, сонымен сұхбат құрудың ғанибеттілігі
туралы пікір түйеді. Аудармашы ақынның ойын дәл жеткізе алмай, сондай ер
табылса, «соған сен, соны сүй» дегенді айтады. «Сонымен сұхбат құру»
және «соған сену, соны сүю» екі түрлі, бір-бірінен алшақ, алыс ұғымдар
қата-рына жатады. Олар бірін-бірі алмастыра ала-тындай тең дәрежедегі
баламалар қызметін атқара алмайды. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік
кісімен сұхбат құрудың ғанибеттілігі туралы ой — өз алдына жеке бір ой
сарыны, поэтикалық мотив болып табылады. Ойынның арзандығы, күлкінің
қымбаттығы туралы ой жүйесі туралы да осыны айтқан дұрыс. Сыр мен сымбат
жайы да осындай. Өлең шумағындағы бұл секілді ой сарындары, мотивтер
өлеңнің көркем шығарма, поэзиялық туынды ретіндегі көркемдік-эстетикалық
тұтастығы мен бітім даралығын түзеді. Олардың бірін назардан тыс
қалдырған жағдайда, өлеңнің болмысы да келеңсіз күйге түсіп, сыр мен
сымбаттың келісімі бұзылады. Олай болса, мұндай мотив-тердің құрамдас
бөліктерін аудармада алып тастау немесе ықшамдап, бірі мен екіншісін
кіріктіріп жіберу, мағынасын өзгерту түпнұсқа өлеңнің табиғи
жаратылысына, жарасымына кінарат түсіреді.

Аудармашы осы өлеңнің екінші шумағын мазмұн мен пішін үйлесімін сақтап
аударып келе жатып, соңғы тармаққа келгенде, шалыс басып кетеді. Әрине,
алдыңғы тармақтардың аударылуында да ауытқулар жоқ емес, бірақ олар
ақынның ойына қарама-қарсы келмейді. Ал мына екі тармақтағы ой аудармада
мүлде басқа, ақынның ойынан алыс кетеді:

Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,

Абайлар әрбір сөзді өз халінша [1,59].

Есть и такой, кто понимает слово,

Но истолкует к выгоде своей [7,37].

Өлең тармақтары сөз мәнісін білерлік кісінің қасиеті туралы. Ақын оны
жек көріп, жақтырмай отырған жоқ, қайта басқаларға үлгі боларлық
дәрежеде сипаттап отыр. Оның «әрбір сөзді өз халінша абайлауына» ақынның
іші жылып, қанағат тауып отыр. Бұдан тыңдау-шының, сұхбаттасушының жаңа
типі танылады. Басқаларға көңілі толмай отырғанда, ақын бұған іші
жылып, оны жақын тартып суреттейді. Әрбір сөзді абайлап, өз халінше сөз
мәнісін білерлік кісі аудармада басқа қасиетімен көрі-неді. Ол сөз
мәнісін білгенмен, әр сөзді өз пайдасына қарай бұрып пайдаланатын
қутұяқ-тың өзі болып шыға келген. Абай сөз тыңдаушы кісілердің үш түрлі
типін көрсетеді: біріншісі «үйден шыққанша тыңдайды»; екіншісі
«ұққа-нынша көңіл қояды»; үшіншісі «сөз мәнісін білерлік, әрбір сөзді өз
халінше абайлайды». Осы үш түрлі тыңдаушы типі аудармада былай
сипатталған: а) один пропустит мимо ушей; ә) другой проникает в смысл
твоих речей; б) понимает слово, но истолкует к выгоде своей.

Тыңдаушының үш түрлі типі де аудармада өзгеріп, өңін құбылтып жіберген.
Абай тыңдау-шылардың ешқайсысын тыңдамайды, құлағына ілмейді деп отырған
жоқ. Әрқайсысы шама-шарқына қарай тындайды. Сол шама-шарықтың деңгейі
түрліше болғандықтан, тыңдаушы-лардың тыңдай білу қабілеті де әр басқа.
Солардың ішінен ақын сөз білерлік, сөз мәнісін танырлық қабілеті бар, әр
сөзді өз халінше танитын мүмкіншілігі бар кісіні жекелеп, дара-лап
мінездейді. Бұл тектен тек емес. Ақын үшін тыңдаушылардың,
сұхбаттастардың дәл осы типі бағалы. Ақынның ойы мен қалауы осы типтегі
тыңдаушыға көбірек ауады. Аудармада ақын сипаттап отырған тыңдаушылардың
осы типі жойылып кетеді. Бұл, әрине, жекелеген сөз, тармақ деңгейіндёгі
өзгертулер қатарына жатпайды, бұл мазмұн мен мағына деңгейіндегі
өзгеріс, мазмұн мен мағынаны өзгертіп қана қоймай, оларды жадағайлайтын,
жұтаңдататын олқылықтар.

«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңіндегі адал, шынайы
адамгершілік негізіне құрылған достық пен мейірмандық, адалдық пен
татулық қарым-қатынас сипатын ашатын ойлар-дың жүйесін даралай отырып,
М.Әуезов мына тармақтардың мазмұнын ерекше жоғары баға-лайды [5,123]:

Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!

***

Жолдастық, сұхбаттастық — бір үлкен іс,

Оның қадірін жетесіз адам білмес [1,60].

***

Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ,

Қажымас, қайта айнымас қайран тату! [1,62].

Аудармада Абайдың бұл секілді ойлары, ақындық нысанасы жастарға айтқан
ғибраты орыс тілінің заңдылықтарына сәйкес ойға қо-нымды, бірсыдырғы
болып шыққан. Алайда әр тармақты түпнұсқа мен аударма негізінде
са-лыстыра отырып талдағанда, ақынның ойлау машығына, ақындық нысанасына
тән кейбір ерекшеліктерді аудармашының үстірт, күңгірт пайымдағаны
аңғарылады. Көрсетілген егіз тармақтарда ұлттық тілдің ерекшелігіне сай
өрілген бейнелілік, астарлы ишара, ауыспалы мағыналы, мағынасы бай
сөздер, фразео-логиялық оралымдар жоқ. Ақын әр нысаналы ойын, ғибрат
сөзін жастың ұғымына сәйкес анық, ашық баяндаған. Соған орай аудармашы
да бұл жолдарды еркін, ашық, анық тілмен аударуы шарт еді. Мұндай
еркіндік, аудар-машының түпнұсқа мәтінін, ондағы ойды өзінше өрбітуі
өлеңнің басқа бөліктерінде де кездеседі:

Біріңді бірің ғиззат құрмет етіс,

Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып [1,60], -

деген тармақтарда да ақынның жастарға өсиет еткен тұжырымды пікірі,
ғибраты жатыр. Аудармашы осы тармақтарды мына түрде ау-дарған:

Друг к другу проявите уваженье,

Которого у нас обычно нет [7,38].

Ақынның өлеңінің осы екі тармағының біріншісі негізгі ойдың пәні
қызметін атқарса, екінші тармақ түгелдей сол пәннің сын-сипатын
білдіреді. Басқаша айтқанда, бірінші тармақ белгілі бір құбылыстың мәнін
білдірсе, екінші тармақ сол құбылыстың образын береді. Бұдан да гөрі
қарапайым айтар болсақ, бірінші тар-мақта ақын жастардың бірін-бірі
құрмет етуін нысана етсе, екінші тармақта сол құрметтеудің амалын, сыны
мен сипатын білдіреді. Соның нәтижесінде оқырман мен тыңдарман үшін
жастардың бірін-бірі құрмет етуінің сипаты, мә-нісі қандай болатыны
көзге елестеткендей анық әрі бейнелі болып шығады. Аудармада жастар-дың
бірін-бірі құрмет етуі туралы ой сақталған да, екінші ой, жастардың
бірін-бірі құрмет етуінің сипатын, мәнісін білдіретін ой назардан тыс
қалып қойған. Мұның өзі өлең тармақ-тарындағы негізгі ойдың толық
аударылмай, жартылай, жадағай берілгеніне айғақ болып түр. Сондай-ақ
аудармашы аударуға тиісті, орыс тілінде жеткізуге тиісті мағынаны
назардан тыс қалдырып қоймай, оның орнына өз тарапынан басқа ой қосады.
Оны қазақшалағанда, мынадай ойдың желісі шығады: біздің әдетімізде
құрметтеу деген жоқ, бірақ бір-біріңді құрмет-те. Жоғарыда берілген
аударма үзіндісінен осындай ойды қазақ оқырманы да, орыс тілді оқырман
да табады.

Өлеңнің тұтас желісін сүзіп шыққанда, ақын шынында да, қазақ жастарының
бірінен-бірі бейне қорқып, жаннан шошып түрғандай құр-меттеуі туралы
толғанады, сондай қасиеттің жастар арасында орын алуын мұрат түтады.
Бірақ ақын қазақ ішінде кісіні құрмет тұту жоқ деген ойды айтпайды,
ондай ойдан ол алыс. Аудармашының ақынның айтпаған сөзін айтқан етіп,
ойламаған ойын ойлаған етіп көрсетуі әр-қашан кемшілік, олқылық бола
бермеуі мүмкін. Ал мұндай орынсыз еркіндік түпнұсқаның негізіндегі басты
идеяны, авторлық мұрат пен нысананы бұрмалайтын болса, онда мұндай
аудармаға сын көзімен қарамасқа амал жоқ.

Ақынның өлеңіндегі мына тармақтағы ой да жадағай аударылған:

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма [1,61]

Но, если это дочь людей хороших,

Не будь глупцом, не упускай — женись! [7,39].

Ақын қыздың ата-анасы туралы «ары бар, ақылы бар, ұяты бар» деген кісі
қасиетін таразылап, анықтайтын сөздерді бекер айтып отырған жоқ. Ары
бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ана тәрбиелеп өсірген қыз да жаман
болмайды. Мұндай ұғым қазақта күні бүгінге дейін бар. Аударма «ары бар,
ақылы бар, ұяты бар» деген кісі қасиетін анықтайтын бірнеше ұғымның,
түсініктің орнына аудармашы «жақсы» (хоро-ших людей) деген бір ғана
ұғымды жеткізеді. Әрине, «жақсы ата-ана» ұғымы мен «ары бар, ақылы бар,
ұяты бар ата-ана» ұғымы арасында едәуір өзгешелік барын жоққа шығаруға
бол-майды. Сонымен бірге Абайдың танымында ар-ұят, ақыл туралы толғамдар
оның дүние-танымын, философиялық тұрғысын танытатын эстетикалық
категориялармен ұштасады. Бір ғана айтып қоя салған сөз не ұғым болса,
онда оны аудармашы осы үлгіде де аударуы мүмкін және одан айтарлықтай
олқылықты көре қою да қиын. Ал мұндай ұғымдар мен түсініктер ақынның
дүниетанымын, ақындық-азаматтық тұрғысын белгілейтін ұғымдармен астасып,
сабақтасып жатқан жағдайда, оларды басқа бір қарапайым сөзбен немесе
ұғыммен алмастыру орынсыз болып табылады.

Аудармашы Абай өлеңдерінің кейбір шу-мақтарының да мазмұнын өзінше
баяндап шы-ғып, бетімен кететіні бар. Мына салыстыру-ларға назар
аударайық:

Құрбыңның тәуір болсын өз мінезі,

Абыройлы қалжыңмен келсін сөзі.

Сен оған мойын бұрып сөз айтқанда,

Қатыныңда болмасын оның көзі [1,61].

Разборчивее выбирай друзей,

Отбрось развязных шутников скорей.

Но к разуму и красоте стремленье,

К Познанью рвенъе оценить умей [7,39].

Авторлық мұрат пен нысананы бұрмалайтын болса, онда мұндай аудармаға сын
көзімен қарамасқа амал жоқ. Ақынның өлеңіндегі мына тармақтағы ой да
жадағай аударылған:

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма [1,61]

Но, если это дочь людей хороших,

Не будь глупцом, не упускай — женись! [7,39].

Ақын қыздың ата-анасы туралы «ары бар, ақылы бар, ұяты бар» деген кісі
қасиетін тара-зылап, анықтайтын сөздерді бекер айтып отыр-ған жоқ. Ары
бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ана тәрбиелеп өсірген қыз да жаман
болмайды. Мұндай ұғым қазақта күні бүгінге дейін бар. Аударма «ары бар,
ақылы бар, ұяты бар» деген кісі қасиетін анықтайтын бірнеше ұғымның,
түсініктін орнына аудармашы «жақсы» (хоро-ших людей) деген бір ғана
ұғымды жеткізеді. Әрине, «жақсы ата-ана» ұғымы мен «ары бар, ақылы бар,
ұяты бар ата-ана» ұғымы арасында едәуір өзгешелік барын жоққа шығаруға
бол-майды. Сонымен бірге Абайдың танымында ар-ұят, ақыл туралы толғамдар
оның дүниетаны-мын, философиялық тұрғысын танытатын эсте-тикалық
категориялармен ұштасады. Бір ғана айтып қоя салған сөз не ұғым болса,
онда оны аудармашы осы үлгіде де аударуы мүмкін және одан айтарлықтай
олқылықты көре қою да қиын. Ал мұндай ұғымдар мен түсініктер ақынның
дүниетанымын, ақындық-азаматтық тұрғысын белгілейтін ұғымдармен астасып,
сабақтасып жатқан жағдайда, оларды басқа бір қарапайым сөзбен немесе
ұғыммен алмастыру орынсыз болып табылады.

Аудармадағы мазмұн мен түпнұсқадағы ма-ғына арасында ешқандай жақындық
жоқ. Тіпті аударманың Абайдың өлеңіне қатысы барын анықтау мүмкін емес.
Сірә, аудармашының өзі де Абайдың айтып отырған сөзінің мәнісін толық
түсінбеген болса керек. Мұндай олқы-лықтар аудармашы түпнұсқада
суреттелген оқиғалар, құбылыстар тобын тани алмағанда, түпнұсқаның
тілін, мазмұны мен пішінін мүлде байымдай алмағанда, сондай-ақ оны
танып-білуге талпынып, тер төгіп еңбектене алмағанда ғана туады. Өлең
сөздің аудармасы тек ақынмен сөз жарыстыру немесе ақынның өлеңінің
мазмұнын өзінше баяндау емес, ол — өнер, өнер болғанда да өте биік өнер
қатарына жатады [8]. Мұндай өнерге өнерпаздың көзімен қарап, өнер-паздың
көңілімен бұрылып қарау шарт.

Аударма өзінің болмыс-бітімімен де, қоғам-дағы көркемдік-эстетикалық
және әлеуметтік қызметімен де түпнұсқамен етене байланысты. Оның
қызметінің қандайын да түпнұсқаның болмыс-бітімінен, табиғатынан бөліп
тастап, жеке-дара қарастыруға, бағалауға, сондай-ақ қа-былдауға
болмайды. Екінші жағынан, түпнұс-қаның көркемдік-эстетикалық және
әлеуметтік қызметі мен мәнін аударманың дәл осындай қызметімен
салыстырып қана қоймай, оларға бір талап, бір өлшеммен қарау тағы да
орынсыз болып табылады. Түпнұсқаның табиғатындағы мазмұндық және
пішіндік құбылыстардың негіз-гі желісі аудармада көрініс тапқанмен, оның
көзге көрінбейтін, тек көңілмен ғана танып біле-тін, белгілі ұлттық
тілдің табиғи ерекшелігінен туындап жататын ішкі байлығы, сөз бен
сөздің, ой мен ойдың жанасуынан тұтанып жататын қосымша поэтикалық
мағына аудармаға өте сирек көшеді. Бұл қажет болмағандықтан емес,
аудармашының ақындық мүмкіншілігінің шек-теулілігінен. Осының салдарынан
аударманың түпнұсқадан алшақтауы, тіпті «жаттануы» келіп туады. Аударма
мен түпнұсқа арасындағы мұндай ерекшеліктердің негізінде олардың бірін
екіншісіне қарсы қойып, олардың бір-біріне сәйкестігін немесе
сәйкессіздігін үзілді-кесілді тұжырымдау аударма теориясы үшін бірден
бір дұрыс шешім бола бермейді. Аударма мен түпнұсқа арасындағы сәйкестік
пен сәйкес-сіздікті өзара тығыз байланыста, даму, өзгеріс үстіндегі
құбылыс ретінде пайымдаған абзал. Өйткені әдебиет үшін аударманың
дәлдігі қанша бағалы десек те, айналып келгенде, ше-шуші пікір оны,
аударма туындыны, қабыл-даудың, эстетикалық қабылдаудың сипатына орай
түйінделеді.

«Әсемпаз болма әр неге» — ақынның жас-тарды адамгершілікке, кісілікке
шақырған, тәр-биелік мәні жоғары өлеңдерінің бірі. Жастардың бойына
лайықты қасиеттерді, олардың еліне, халыққа пайдалы болуына жол ашатын
адам-гершілік өлшемдерін насихаттай отырып, ақын ақыл, қайрат, шафқат
секілді гуманистік сипат-тағы қасиеттерді бөліп көрсетіп, олардың халық
игілігіне, ізгі жолға жұмсаудың маңызын жоға-ры бағалайды. Ақын ұстаздық
сөзін, адамгер-шілік қағидаларын «терең түрдегі мораль философиясымен
байланыстыра айтады» [5, 162]. Өлеңде адам болам деген кісінің өмірден
өз орнын табуына, орын болғанда, кісілігімен, биік адамгершілігімен,
өнерімен, білімімен ел игілігіне қызмет жасау арқылы айқындалатын орынды
табуына жол нұсқаған ғибрат бар. Дүниенің бір кетігіне кірпіш болып
қаланудың мағынасында «сол кетікті толтырудың өнерін біл дегенді, қара
күшпен емес, біліммен меңгер дегенді ұсынады» [9, 243; 10, 88]. Бұл –
Абай-дың өмірлік тұрғысы мен ақындық нысана-сындағы ірі, биік идеялардың
бірі. Оны білдіретін, оның мәнісін ашатын бірнеше ойлар, тақырыпшалар
өлең желісінде өзара тұтасып жатыр. Аудармада оларды ретімен, жүйесімен
жеткізгенде ғана түпнұсқаның идеялық мазмұ-ны, ақынның ұстаздық
ғибратының мәні дұрыс ашылады. Вс. Рождественский бұл орайда көп еңбек
сіңірген. Аударманың көркемдік сипаты жоғары. Абайтану саласындағы
зерттеу еңбек-терде осы өлеңнің мазмұны мен мәні, идеясы туралы айтылған
ойлар аудармаға да қатысты қабылдана ма, аударма туралы да осы ойларды
іркілмей айтуға бола ма деген сұрақтардың тууы заңды. Жалпы алғанда,
абайтану ғылымында бұл өлеңге қатысты түйінделген басты ойлар-дың
қорытындысы аудармаға қатысты айтуға да лайықты. Алайда аудармадан
өлеңнің басты идеялық мазмұнын табумен қанағаттанбау керек. Өлеңнің
мазмұндық желісін түзетін то-лып жатқан үлкенді-кішілі жекелеген ойлар
мен толғаныстардың сипаты да аудармада қажетті поэтикалық қуатпен
берілуі шарт.

Осы ретте аудармашылардың түпнұсқаның табиғатын қаншалықты дәл сақтағаны
немесе дәл сақтай алмағаны арнайы талдауды талап етеді.

Әсемпаз болма әр неге,

Будь разборчив в пути своем,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Если ты талантлив — гордись.

Сен де бір кірпіш, дүниеге

И надежным лишь кирпичом

Кетігін тап та, бар, қалан!

В стену строящуюся ложись.

Қайрат пен ақыл жол табар,

Убегающий видит путь,

Қашқанға да, қуғанға.

Догоняющий вслед спешит.

Әділет, шапағат кімде бар –

Воля с разумом их ведут.

Сол жарасар туғанға.

Справедливость — вот свет души.

Бастапқы екеу соңғысы,

Если воля есть, умживет.

Біте қалса қазаққа,

Доброты же правды нет, -

Алдың — жалын, артың — мұз,

Впереди огонь, сзади лед,

Барар едің қай жаққа?[1,205]

И никак не уйти от бед [7,111].

Өлеңнің әр тармағын түпнұсқа мен аударма бойынша салыстырып қарағанда,
аудармашы-ның кейде орынды, оралымды, кейде орынсыз іс жасағаны белгілі
болады. Әр тармақтың нақты мазмұнын ұстанып, аудармадан соны іздеген
жағдайда, аудармашының әр жолына сын айтуға болады. М.С.Сильченко
өлеңнің жолма-жол аудармасын жасағанда, түпнұсқаға Вс.Рождес-твенскийден
әлдеқайда жақын барады әрі оның мазмұнын да дұрыс жеткізеді. Өлеңнің
бастап-қы екі тармағандағы өзгешеліктерге назар аудармай, кейінгі екі
тармақтың аударылу жайына назар аударып көрейік. М.С.Сильченко бұл
жолдардың аудармасын жолма-жол былай береді:

Ты ведь только кирпич во вселенной,

Иди (на свое место) и точно ложись [11,181].

М.С.Сильченко әр тармақтың мағынасын дәл беруге тырысқанмен, айтарлықтай
нәтижеге жете алмаған. Бірінші тармақтың мазмұны бел-гілі дәрежеде
түпнұсқаға жақын. Алайда мына жолдардан «сен де бір әлемдегі кірпішсің»
де-ген ұғым туады. Ақынның дүние деп отырғаны әлем (вселенная) емес,
өмір дегенді білдіреді. Екіншіден, ақынның айтып отырған «дүние» сөзі
қандай оймен, қай тармақтағы ойдың маз-мұнымен сабақтасып жатқанын
жолма-жол аудармашы тап басып ажырата алмаған. Соның нәтижесінде бұл
аудармадан «сен де бір кірпіш-сің дүниедегі, бар да, орнынды тауып жат»
деген мағына туады. Оның үстіне екінші тар-мақтың аудармасын жолма-жол
аударма қата-рында тану қиын. Ал Вс.Рождественскийдің аудармасынан гөрі
жатық, түпнұсқаның мазмұ-нын тура болмаса да, бір шама сақтай алған.
Әйтсе де оның аудармасынан түпнұсқадағы мазмұннан өзгеше, «қаланып
жатқан қабырғаға мықты бір кірпіш болып жата қал» деген сияқты тым
қарабайыр ой туындайды. Әрине, түпнұс-қамен таныс емес орыс тілді оқушы
осы аудар-маның өзінен де үлкен ой тауып, үлкен толға-нысқа түсуі ғажап
емес. Ол оқушының білім деңгейіне, таным дәрежесіне тікелей байла-нысты.
Әйтсе де түпнұсқаның мазмұнын мүм-кіндігінше дәл жеткізген аударма
қатарына бұны да қосуға болмайды. Абай бұл жерде өз тілінде еркін айтқан
ойының бейнелі табиғатын аудармада жоғалтып алып отыр. Екінші шумақ-ты
тұтастай және әрбір тармақ бойынша са-лыстырып шыққанда, бұдан да
өрескел ауыт-қулардың беті ашылады. Бұл жерде тағы да М.С.Сильченконың
жолма-жол аудармасына сүйенген дүрыс. Ол бұл шумақтың екі тармаған мына
тәртіппен аударған:

Энергия и разум откроют путь

И убегающему, и настигающему [11,181].

Бірінші жол түпнұсқаның мазмұнын, шынында да, дәлме-дәл, тура жеткізіп
түр. Ал екінші жолдың соңғы сөзі түпнұсқадағы «қуған-ға» сөзінің
мағынасын жеткізетін балама сөз қатарына жатпайды. Дегенмен М.С.
Сильченко бұл екі тармақтың негізгі мазмұнын дұрыс берген.
Вс.Рождественскийдің аудармасынан көркемдік тапқанмен, мұндай дәлдікті
табу қиын. Тіпті бұл екі тармақ түпнұсқадан мүлде алшақтап, мүлде басқа
мағынаны білдіретін сөз-дердің тобына айналып кеткен. Бұдан
түпнұс-қадағы мазмұн мен аудармадағы мазмұн ара-сында ешқандай жақындық
жоқтығы көзге түседі. Шумақтың кейінгі екі тармағы туралы да осыны
айтқан дұрыс деп ойлаймыз.

Шумақтағы басты, өзекті ойды ұстап тұрған екі ұғым бар. Олардың бірі —
қайрат, екіншісі — ақыл. Аудармада бұл екі ұғым жоқ. Осы шу-мақтағы және
бір басты, өзекті ойды ұстап тұрған келесі жұп ұғымдар — әділет пен
шапағат. Аудармада бұл екі ұғым да жалаңаш, жадағай күйге түскен.
Өлеңнің мағыналық-құрылымдық жүйесінде бұл аталған ұғымдар ақынның айтар
ойының негізін құрайды және бір шумақтан келесі шумаққа жалғасып
жатады. Мына шу-мақта бұл ұғымдардан көз жазып қалған ау-дармашы келесі
шумақты аударуға келгенде, одан ары қарай адасады. Екінші шумақтағы
қай-рат пен ақыл, әділет пен шапағат үшінші шу-мақта тура аталмайды,
ақын оларды «бастапқы екеу» және «соңғы» деп басқа сөздер арқылы береді.
Бұл ұғымдардан әуелде көз жазып қалған аудармашы кейінгі шумақтағы бұл
сөз-дердің мәнісіне терең бойлай алмай, тағы да өзінше жырлап кетеді.
Оның үстіне аудармашы ақынның осы шумақтың алғашқы екі тармағын тіпті
орыс тілінің талаптарына сай бермегені байқалады. Әйтпесе дәл осындай
өлең тармақ-тарын немесе синтаксистік құрылымды орыс тіліне лайықты
деуге бола ма? Біздіңше, бол-майды. Бұл секілді аударма түпнұсқаның
маз-мұнын кедейлендіреді, ақынның шығармашы-лық даралығын жояды.

Жоғарыда аталғандай ауытқушылық өлеңнің түрік тіліндегі аудармасында да
кездеседі. Түрік тілі орыс тілі сияқты емес, қазақ тілімен негізі бір,
түбірі бір, қазіргі шақта да лексикалық қоры үндес тіл қатарына жатады.
Соған қарамастан өлеңді түрік тіліне аударушылар ақын өлеңінің кейбір
нәзік иірімдерін тап басып тани алмаған секілді. Оған мына үзінді мысал
бола алады: Абайдың «Бастапқы екеу соңғысыз» деген тар-мағын аудармашы
өзінше бағалап, бұлардың мәнін орын-орнына қояды. Бірақ «бастапқы
екеудің» орнына аудармашылар үш ұғым-үш қасиетті қатар алады. Абайдың
айтып отырған «бастапқы екеуінің» үстіне «соңғының» бірін қосып
жібереді. Сонда аудармада «қайрат, ақыл, әділет» үшеуі туралы айтылады
[7, 96-97]. Абай бұл үшеуін қатар алған емес, алғашқы екеуі қазақта
болып, соңғысы болмаса деген ұғым осылайша бұзылған. Оның үстіне
аудармашы-лар осы үшеуінің қазақтың бойында болуы туралы емес, болмауы
туралы ұғымды береді де, бұл үшеуі қазақта болмаса, сонда ғана оның алды
жалын, арты мұз болатындай түсінікті ұсынады. Біздіңше, аудармашылар
бұл үш ұғымды бекер бір қатардағы құбылыстар ретінде таныған. Абайдың
ұғымында бұл қаси-еттер, «бастапқы екеу» және «соңғысы» қазақ-тың бойына
қатар бітер болса, онда қазақтың қасиеті мүлде басқаша сипатымен
ерекшеленер еді. «Соңғысы» болмай, «бастапқы екеу» бойында болғанда ғана
қазақтың алды жалын, арты мұз секілді күйі туындайды. Мұның өзі ақынның
ойын, өлеңнің мазмұнын, құрылым жүйесін мүлде басқа бағытқа бұрған.

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің бастапқы мағыналық бөлімінде ақын адам
алдына нақты бір міндет қойып, оған белгілі бір халықтық маңызы бар
пайдалы істі атқаруды парыз етеді. Екінші мағыналық бөлімде бұл міндет
пен па-рызды атқару үшін кісілік қасиеттерді — қайрат пен ақыл, әділет
пен шапағат — көрсетеді. Осы бөлімнің жалғасы болып табылатын келесі
шумақта адам бойында осы қасиеттердің бас-тапқы екеуі — қайрат пен ақыл —
болып, кейінгі екеуі табылмаған жағдайда, кісінің адамгер-шілік негізі
сұйылып, бағыт-бағдарсыз, нысана-тұрғысыз өмір кешетіні жайында терең
әлеуметтік ой түйінделеді. Мұндағы әділет пен шапағаттың шет қалуы, кісі
бойынан табыл-мауы туралы ойдың негізінде ақынның жүрек туралы ойлары,
жүрек туралы үстанған эстетикалық биік нысанасы бар [12, 279-281].

Ақынның «Он жетінші сөзі», «Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек», «Жүректе
қайрат болма-са» және басқа шығармалары кісі бойындағы осындай асыл
қасиеттердің адам өміріндегі, қоғам, әлеумет тіршілігіндегі маңызы
туралы тұтасқан ой-пікір жүйесін баяндайды. Ақынның эстетикалық биік
нысанасын, қоғамдық пікірін, дүниетанымын, адамгершілік келбетін
таны-татын бұл секілді танымдық мәні жоғары пікірлерді аудармада жүйесін
бұзбай, олардың арасындағы бірлік пен тұтастықты сақтай отырып жеткізу —
аса маңызды шығармашылық міндет.

«Әсемпаз болма әр неге» өлеңіндегі «қай-рат» сөзін М.С.Сильченко
«энергия» деп, Вс. Рождественский «воля» деп аударады. Қайрат пен воля
екеуі қазақ ұғымында бір сөз болмағанмен, өзара шектес, жақын. «Әуелде
бір суық мұз — ақыл зерек» өлеңін орыс тіліне аударған А. Штейнберг те
бұл сөзді осылай аударады. Екі аудармашының да ақын шығар-машылығында
орталық желіні түзетін, ақынның көзқарасын аңғартатын танымдық сипаттағы
ұғымды бірдей, біркелкі аударуы орынды болып шыққан. Ал түпнұсқаның
жалпы мазмұны ау-дармада қалай шыққанын, ақынның дүние-танымын, зор
толғанысының мәнісін аудар-машылардың қалай, қандай дәрежеде бере
алғанын байқау үшін, мынадай салыстыруларға назар аударайық:

Әуелде бір суық мұз — ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық журек.

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек [1, 128].

Острый разум чист, словно пласт ледяной,

В непослушливом сердце — кипучий зной.

Терпеливую мысль и пылкую страсть

В силах ты обуздать лишь волей одной.

Только тот, кто сердце и разум скует

Непреклонной волей, — достигнет высот [7, 76-77].

Нақты, дәл аудару талабы тұрғысынан кел-генде, аударманың мазмұнына,
мағынасына қа-тысты бірқатар сын айтуға болады. Тіпті түп-нұсқаның
негізгі мазмұнын жеткізу, ақынның ойының нақты мәнін жеткізу бағытында
да келіспей жатқан жайлар жеткілікті екені көрініп түр. Ақын зерек ақыл
мен суық мұз арасындағы қатынасты тепе-тең ұстап, бұл екі ұғымды
метафоралық қатынаста алған болса, аудармада бұл теңеуге айналып кеткен.
Теңеудің образы «чист, словно пласт ледяной» болуы да түп-нұсқаға сай
келмейді. Зерек сөзінің мағынасы қазақ ұғымында өткір ұғымымен
жанаспайды, бұлар — екі түрлі сөз, екі түрлі ұғым. Аудар-машының
«острый» деп отырғаны «зерек» деген түсінік бермейді, «өткір» деген
ұғымды білді-реді. Өткірлік тура мағынасында затқа, құралға, қаруға және
басқа осындай заттық мәнді білдіретін бұйымдарға қатысты қолданылады.
Адамға, оның қасиетіне, болмыс-бітімін анық-тайтын құбылыстарға қатысты
айтылғанда, ол тура емес, бұрма, ауыспалы мағынада қолда-нылады. Ал
«зерек» сөзі білдіретін ұғым затқа немесе жануарға байланысты емес, тек
қана адамның ішкі қасиетінің ерекшелігіне байла-нысты қолданылады.
Сондықтан «зерек» сөзі мен «өткір» (острый) арасында үлкен эмоция-лық
мазмұн айырмашылығы бар. Ол айырма-шылықтарды ескермеу, көңілден таса
қалдыру түпнұсқа мазмұнының аудармада сұйылып жетуіне алып келеді.
Екіншіден, ақынның дүниетанымында адамның жаны мен тәні — екі түрлі, екі
деңгейдегі құбылыс. Жан мен жүрек, ақыл мен қайрат болмаса, адамның
денесі де бір, бос қуыс та бір. Ақынның: «Адам — бір боқ көтерген боқтың
қабы» [1, 288], — деуінде осындай сыр бар. Сондықтан «Жылытқан тұла
бойды ыстық жүрек» тармағының мазмұнына ерекше мән беріп қараған жөн.
Бұл арада «тұла бой» және оны жылытқан «ыстық жүрек» екеуінің арасындағы
қатынас еш әлсіремеген күйі аударылуына ерекше назар аударған дұрыс.
Аудармашы бұл аталған логикалық қатынас-тарға, «тұла бой» мен «ыстық
жүрек» арасындағы осындай терең мағынаға тиісті көңіл бөлмеген.
Аудармашының пайымдауын-дағы осы тармақтардың мағынасын қазақшалар
болсақ, мынадай ой түзіледі: «Асау жүректе — қайнаған ыстық».
Шындығында, ақын жүректе қайнаған ыстық барын айтып отырған жоқ, ыс-тық
жүректің тұла бойды жылытатыны туралы ой тастап отыр. А.Штейнберг
жүректе ыстық барын айтады да, сол ыстық жүректің ең басты қызметін,
«тұла бойды жылытқан» қасиетін, аударма мәтініне енгізбейді.

Өлеңнің кейінгі тармақтарындағы ойлар да бұрмаланған. «Тоқтаулылық,
талапты шыдам-дылық қайраттан шығады» деген ақын ойында тағы да терең
мағына бар. Ол жеке тұрған ой емес, ақынның басқа өлеңдерінің ішкі
мазмұ-нымен, жоғарыда айтқанымыздай, сабақтасып, тұтасып жатқан ой.
Қайраттан шығатын осын-дай қасиеттер аудармада «қайратпен бағынды-ратын»
құбылыстарға айналған. Қайраттан шығатын қасиет және қайратпен
бағындыратын, бұғаулайтын қасиет — бұлар да екі түрлі бол-мысты
білдіреді. Келесі тармақтарда ақын «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста»
десе, аудармашы мұны «жүрек пен ақылды қайратпен құрсаулап ұста» деген
сияқты мазмұнда жет-кізеді. Ақыл, қайрат, жүректі тең ұстау мен ақыл,
жүректі қайратпен бұғаулап ұстау — бұлардың арасында да ешқандай
жақындық жоқ. Оның үстінде «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау»
қатардағы бір ойды білдірмейді, ол ақынның дүниетанымын, ақындық,
қоғамдық-әлеуметтік, эстетикалық нысанасы-ның негізін құрайды. Олай
болса, мұндай маз-мұндағы өлең жолдарын дәл осылай аударуға бола ма?
Біздіңше, аудармашы бұл өлеңді үлкен жауапкершілікпен, ақынның
дүниетанымына, ақындық әлеміне, оның әрбір ойына терең бойлай отырып,
оларды зерттеушілік зердемен терең зерделей отырып қана аударуы қажет
еді.

Берілген үзіндінің соңғы тармағында («Сон-да толық боласың елден бөлек»)
ақынның және бір күрделі, терең танымын аңғартатын ұғым жатыр. Ол –
толық адам туралы ұғым. Толық адам туралы ұғым ақынның бір ғана
шығар-масының емес, тұтас ақындық ойының өзекті желісі болып табылады
[13, 246-258]. Аудар-мада бұл ұғым да сейіліп, көзге түспей, көрін-бей
қалған. Ә.Қодар ғана ақынның шығарма-шылығында басты желі болып тартылып
жатқан бұл ұғымға тиісті көңіл бөліп, сәтті аударма жасайды:

Держа в единенъи Ум, Сердце и Волю,

Ты к цельности редкой придешь без труда [3, 43].

Үңіліп қараған адамға бұл аудармада да кемшіліктер бары белгілі болады.
Абай айтып отырған «бірдей ұста» мен Ә.Қодар айтып отырған «держа в
единении» екеуі екі басқа мағынаны білдіретіні сөзсіз. Ә.Қодардың
аудар-масын «бірдей ұстау» емес, «бірге ұстау» мағы-насында ғана
қабылдауға болады. Ал ақын бұл үш қасиетті «бірге» ұста, деп отырған
жоқ, «бірдей ұста» дейді. Толық адам болудың шар-ты осы үш қасиетті
бірге ұстауда емес, бірдей ұстауда. Олай болса біз сәтті деп отырған
Ә.Қодардың аудармасында да Абайдың өзекті ойы толық жетпеген деуге негіз
бар. Оның үстіне ақынның толық адам туралы қағидасына, тұжырымына да
көлеңке түскен. Өлеңнің басқы тармақтарын Ә.Қодар мынадай үлгіде
аударған:

Наш холоден Ум, наподобие льда,

Горячее Сердце согреет всегда.

Разумность и такт, прозорливость терпенья,

В нас Воли рождает тугая узда [3, 43].

Аудармашы метафоралық қатынаста тұрған екі түрлі құбылыс арқылы берілген
ұғымды жеңілдетіп жеткізеді. Соның нәтижесінде ақыл-дың суықтығы,
салқындығы туралы түсінік сақ-талған да, оның басты қасиеті — зеректігі –
жойылып кеткен.

Жүректің жылытатындығы туралы ой сақ-талған да, оның нені (тұла бойды)
жылытатыны ескерусіз қалған. Сөйтіп, түпнұсқадағы мазмұн мен мән
аудармада өзгеріп әрі жұтап шыққан. Өлеңнің соңы мынадай екі тармақпен
түйін-деледі:

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол ушеуінің жөнін білмек [1, 128].

Ақыл, қайрат, жүрек — бұл үшеуінің бірінсіз бірінің күні жоқ болғанда,
олардың жөнін біліп, әрқайсысының орны мен ретін анықтайтын күш — ғылым.
Бұл үшеуінің басын қосу, ақынның ойынша, ғылымның ісі болып табылады.
Бұл «ұлы ақынның өз ойы, өз танымы екенін оның барлық шығармаларының
рухы айғақтайды» [13, 242].

Ақынның барлық шығармаларының рухы айғақтайтын осы мағыналы тұрғы
аударма-шылардың тарапынан әртүлі дәрежеде байым-далады. А.Штейнберг
ақынның бұл орайдағы өлең жолдарын былай аударады:

Разноречъе троих сумей сочетать,

Этой мудрости учит нас жизнь сама [7,77].

Аудармада аталған үш қасиеттің әділқазысы, жөнін айтушы ретінде ғылымның
орны мүлде көрінбей қалған. Бұл жерде ғылым туралы әлде-қандай сөз жоқ.
Ә.Қодардың:

Ум, Сердце и Воля — ничто б друг без друга,

А Знанье их суть пронесет сквозь года [3, 43], -

деуі де түпнұсқаның тіліндегі ғылымның орнын тап басып көрсете алмаған.

Абайдың «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңі оның «қайрат, ақыл,
жүрек» тура-лы толғамдарын жаңа бір биіктен танытатын өлеңдердің
қатарына жатады. Өлеңнің атын О.Румер «Стяжателю одно лишь тешит душу —
скот» деп аударады. Ақынның «малға дос» деп отырғаны аудармашының
қолынан «стяжатель» болып шыққан. Өлеңнің кейінгі жолдарында да осындай
белгілер бар. Алайда өлеңнің басты мазмұнын аудармашы дұрыс жеткізеді.
Өлеңнің жалпы мазмұнын аудармада жеткізу, дәл беру — бұл да үлкен
ақындық өнерді талап ететіні сөзсіз. Ал әр сөздің, әр тармақтың
мағынасын дәл аударуды талап етпей, өлеңнің әр шума-ғының жалпы
мазмұнын, ақын ойының желісін сақтап аудару түпнұсқаның тілін, ақынның
ойын, ақын шығармасында көрініс тапқан өмір құбылыстарының тобын дұрыс
тани алған жан үшін көп қиындық келтірмесе керек. Аудар-машы өлеңнің
әуелгі үш шумағын аударғанда осындай білім мен білік, таным дәрежесін
аңғартады. Жекелеген тармақтар мен шумақ-тардың басты ой желісін бұзбай
жеткізе білуі де оның еңбегінің биік дәрежесін танытады. Аудармашы
түпнұсқа мазмұнын, онда көрініс тапқан өмір шындықтарының сырын
нақпа-нақ бермесе де, оның негізгі қыры мен сырын, мәнін оңтайлы
жеткізеді. Түпнұсқаның әсері бір бө-лек, аударманың әсері бір бөлек
екені рас. Бір тілді емес, қос тілді, орыс тілін де, қазақ тілін де
білетін және түпнұсқаның да, аударманың да көркемдік-эстетикалық
болмыс-бітімін, табиға-тын салыстыра отырып қабылдай алатын оқушы үшін
түпнұсқаның қасиеті, поэтикалық қуаты бір басқа да, аударманың ой қуаты
бір басқа. Түпнұсқа мен аударма арасындағы алшақтық та, ауытқу да
осындай қос тілді оқырман үшін мейлінше анық көрінеді. Бұл жерде қос
тілді оқырман туралы бекерден бекер ой қозғап отырған жоқпыз. Абайдың
шығармалары алғаш орыс тіліне аударыла бастағанда, аудармашылар өз
аудармаларын орыс тілді оқырмандарға арна-ғаны сөзсіз. Ол тұста қоғамның
даму дәрежесі, оқырмандардың түрі мен типі осындай мақсатта қызмет
етуді аудармашылардан да, баспа қызметкерлерінен де талап еткені шын.
Бүгінгі жағдайда оқырмандардың жаңа типі өсіп, жетілді. Олар — екі тілді
оқырмандар. Екі тілді бірдей білетін оқырмандардың өсіп-жетілуі орыс
тілді оқырмандарға ғана арналып жасалған аудармаларға бүгінде мүлде
басқаша талаппен қарауға алып келіп отыр. Қос тілді оқырмандар талабына
кез-келген аударма жауап бере алмайды. Алайда тарихи тұрғыдан келгенде,
бұл аудармалардың өз кезінде үлкен қоғамдық-әлеуметтік қызмет атқарғанын
жоққа шығармау керек. Оның үстіне қоғам тек қос тілді оқыр-мандардан
ғана тұрмайды. Орыс тілді оқыр-мандар Абай шығармаларын оның осындай
аудармалары арқылы ғана тани алады. Сон-дықтан ақын шығармаларының
аудармаларын бағалағанда, олардың осындай қызметін де ескеруге тура
келеді. Осы тұрғыдан келгенде, ақын шығармаларының орыс тіліне аударылуы
барысында түпнұсқаның негізгі мазмұндық желісінің сақталуы аса мәнді
болып табылады. Түпнұсқаның басты мазмұндық желісінің сақта-луы бар да,
ақынның түбегейлі нысана-тұрғы-сын танытатын ойлардың жүйесі бір басқа.
Ілге-ріде айтқанымыздай, түпнұсқаның негізгі маз-мұны аудармада дұрыс
беріліп, ақынның түбе-гейлі нысана-тұрғысын танытатын ой жүйесі көзден
таса қалған жағдайда, ондай аударманың көркемдік-идеялық сапасы төмен
болатынын ашық айту қажет. «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа»
өлеңіндегі мазмұн мен мағына соңғы шумақта түйінделеді. Түйінді ойын
ақын былай жеткізген:

Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек [1, 249].

Ақынның айтып отырғаны оның өзінің жеке дүниетанымы, әлеуметтік
философиялық көзқа-расы, эстетикалық нысана-тұрғысы екені анық. Сонымен
бірге бұл ойларда оның терең ұлттық болмысы жатыр, бұл ойларда оның
ұлттық қасиеті бар. Өлеңнің ұлттық сипаты да осындай тұғырлы түбегейлі
мәнімен сипатталады.

Жүректің қасиетін ақын қара сөзінде де кеңінен таратып баян еткен.
Осындағы жүрек қасиеті туралы сипаттамалардың дені ақынның өлеңдерінде
де басты желі болып тартылған. Ақын кісі бойындағы мейірім, шафхатты,
рахымды, махаббатты жүректен шығатын асыл қасиет қатарында бағалайды.
Сол себепті ақын өлеңдеріндегі «ыстық қайрат», «нұрлы ақыл», «жылы
жүрек» — бәрі де аудармада түпнұс-қадағы мәнін жоғалтпай, өздері де таса
қалмай, аударма шығарманың орталық өзегін түзетін ой желісі, ұғымдар
жүйесі ретінде қала беруі орынды болады Түпнұсқадағы «ыстық», «нұр-лы»,
«жылы» сөздері белгілі заттың, кұбы-лыстың айрықша қасиетін ашып тұрған
көркемдік бейнелеу құралдары (эпитет) екені рас. Бірақ бұл жерде
аудармада түпнұсқаның көркемдік бейнелеу құралдарының сақталуы туралы
әңгіме болып отырған жоқ. Бұл үш сөз-дің үлкен әлеуметтік мәнді ашып
тұрған бай қызметі бар. Олар адам бойындағы үш асыл қасиеттің, «үштік
ұғымның өзіне тән гуманистік мағынасын ашып айғақтап тұр» [13, 241].
Ақынның «үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті: ыс-тық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрек» деуінде қаншалықты терең мағына барын осы айтылған жайлардан
аңғару қиын емес. Ақын ойының темірқазығындай қызмет атқаратын мұндай
ой-ға да, мән-мағынаға да толы өлең жолдарының әр сөзі, әр тіркесі
аудармашыдан барынша дәлдікті талап етеді.

Ақынның адамдық қасиет, адамшылық іс туралы желілі ойлары «Сенбе жұртқа,
тұрса да қанша мақтап» өлеңінде және бір тереңдігімен көңіл аударады.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап [1, 267].

Төрт тармақ шумақтың алғашқы екі тар-мағында бір тақырыптық желі бар. Ол
жұртқа сенбеу, оның себебі туралы. Соңғы екі тармақтағы тақырыптық желі
— кісінің өзіне сенуі, оның нәтижесі туралы ой. Ақын өзіңе сен дегенде
кісінің бойындағы ілгеріде көрсетілген үш қасиетті негізге алып
отырғанын есте ұстаған дұрыс. Сол үш қасиеттің біреуі — ақыл — мына
жерде анық көрсетіледі де, оған еңбек қосылады. Еңбек — қайраттың
қызметі. Олай болса, ақын ақыл мен қайратты қатар ала отырып, «өзің»
деген ұғымның астарында «жү-ректі» мегзеп отырған болып шығады. Сөйтіп,
бұл жерде де толық адамның басты шарты, үш қасиет қатар негізге алынған
деуге болады. Осындай іргелі, күрделі, терең ой желісіне құрылған
өлеңнің орыс тілінде бірнеше аудар-масы бар. Олар — А.Гатовтың,
Ә.Қодардың, М.Сұлтанбековтің аудармалары. Үш аудар-машының таным сипаты,
шығармашылық ерек-шеліктері, шеберлік үлгілері әр түрлі. Түп-нұсқаны
тану мүмкіншіліктері де басқа-басқа. А.Гатов өлеңнің бастапқы шумағын
былай аударған:

Разным людям не верь, что тебя вознесут, -

Ведь они коварно тебя предадут.

Верь себе! И опора и счастье твое -

Это лишь неразлучные ум и труд [7, 134].

Түпнұсқадағы серпін, қимыл-қозғалыс, ой-дың әрекетшілдігі аудармада
біршама беріл-генін жоққа шығармау абзал. Жұртқа сенбеу туралы
тақырыптық желі сақталған. Оның себе-бі де ашылған. Өзіне сену туралы
тақырыптық желі — бұл да бар. Оның нәтижесі де сурет-телген. Алайда
өлеңнің бір жолынан екінші жолына жалғасып, дамып жатқан желілі ойдың
тұтастығы қатты әлсіреген. Өлеңде ақыл мен еңбектің қызметі нақты,
процесс күйінде сурет-телген болса, аудармада ол жоқ, еңбек пен ақыл
сүйеніш пен бақытқа баланған. Еңбек пен ақыл — бақыттың көзі. Оны жоққа
шығару ретсіз. Ақынның шығармашылық мұрасы бұл ойды толығынан қолдайды.
Дегенмен дәл мына өлең жолдарында еңбек пен ақылдың сипаты емес, нақты
қызметі бағалы. Ақынның «алып шығар» деген қимыл-қозғалысқа, серпінге
толы сөзін аудармашы қимыл-қозғалыссыз «опора и счастье» деп, бейнелі,
ауыспалы мағынадағы сөздердің қызметі арқылы беруі ақын өлеңінің
контексіндегі ақыл, қайрат, жүрек туралы ұғым-ды мүлде бүркеп тастаған.
Сөйте тұра аударма туынды түпнұсқадан тыс орыс тілді оқыр-мандардың
эстетикалық тұщынуын туғызатын көркемдік құбылыс дәрежесіне дейін
көтеріл-ген. Ақынның дәл осы өлең арқылы айтайын деген ойы, белгілі
дәрежеде көркем түрге иеленіп, орыс тіліне бірсыдырғы аударылған. Бұдан
жақсы, бұдан жатық, бұдан гөрі дәл әрі көркем аудару мүмкіншілігін ешкім
жоққа шығармайды. Бірақ ол екінің бірінің қолынан келмейді. Ә.Қодар мен
М.Сұлтанбековтің ау-дармаларында да мінсіз келісім бар деп айту қиын.

Пусть хвалят люди, верить не резон.

Ты жди подвоха, если вознесен.

Поверь в себя, тебе помогут дружно

Твой труд и ум твой, взявшись с двух сторон [3, 37].

Ә.Қодардың аудармасы — осы. Түпнұсқаның алғашқы екі тармағының мазмұны
жартылай берілген. Екінші тармақтың мағынасы ашыл-май, басқаша сипат
алған. Кейінгі екі тармақтың мағынасы да өзгеріп, артық сөздерге орын
бе-рілген. Ақынның «өзіңе сен, өзіңді алып шығар» деген ойына қосымша,
үстеме мағына қосылып, екінші жағынан, ақынның өз ойы көмескілене
түскен. Аудармашының «помогут дружно» деуі түпнұсқадағы нақты айтылған
ойды бұлың-ғырландырып, нақтылықтың орнын жалпылық сипат басқан.
«Помогут дружно» тіркесі түпнұс-қадағы тікелей бірліктердің ұғымын
жеткізе алмайды. Оның үстіне аударманың өлең сөз сияқты төгіліп
тұрмағаны оны түпнұсқаның ыр-ғақ, ұйқас жүйесімен салыстырғанда
айқындала түседі.

М.Сұлтанбековтің аудармасында мазмұндық нақтылық, дәлдік басым. Әр
тармақтың көтеріп тұрған мазмұны, атқаратын қызметі бұл жерде нақты
сақталған. Шумақтың жалпы мазмұндық бітімінде де тұтастық бар:

Сколько б тебя ни хвалили — не верь,

Хитрость таится в хвалебной молве.

Веру в себя укрепляй, чтоб вдвоем

Разум и труд выводили на свет [14, 25].

Соңғы екі тармақтың синтаксистік құры-лымы түпнұсқадан мүлде алшақ. Бұл
алшақтық өз кезегінде түпнұсқадағы ой жүйесінің құры-лымы мен
аудармадағы ой жүйесінің құры-лымындағы алшақтыққа алып келген. Соған
байланысты ақынның айтып отырған ойы да жүйелі қалпын сақтай алмаған.
Аудармадағы мағынаны қазақ тілінде былай баяндауға бола-ды: ақыл мен
еңбек екеуі сені жарыққа алып шығу үшін, өзіңе деген сеніміңді арттыр
(бекіт). Бір ұғымды екінші бір ұғымның орын-далуының шарты етіп көрсету
түпнұсқа жүйе-сіндегі бірден бірге дами ұласып жатқан ой ағынының
еріксіз үзік-үзік болып шығуына себепкер болған.

Өлеңнің түйінді мәні соңғы шумақта жинақ-талған:

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Содан тапқан — шын асыл, тастай көрме [1, 267].

Өлеңнің бастапқы шумағы секілді мұнда да қимылды, қозғалысты, процесті
білдіретін сөз-дердің қатары самсап тұр. Ақынның әр сөзінде бір
әрекеттің сыры бар, бір қызметтің қыры бар. Қимылды, қозғалысты
білдіретін әр сөзде ақын-ның ғибратты өсиеті бар. Солардың түпқазығы
болып ақынның жүрек туралы танымы, жүрек-пен байланысты ұғымдар
жүйесінің өзегі тағы жарқырап көрінеді. Мұндағы ой бейнелі, образ-ды.
Жүрек туралы ілгерідегі ойлар тура мағынада қолданылып келген болса,
мына жер-де олай емес. Ақын жүрекке сүңгу, жүректің түбін қөздеу туралы
ой тастайды. Жүрек адам-ның кеудесіндегі жұдырықтай ғана ет болса, оған
қалай сүңгуге болады, оның түбіне қалай үңілуге, түбін қалай көздеуге
болады? Ол мүмкін емес. Ал бұл сөздерді ақын қолданып отырған мәнде
қабылдар болсақ, онда әңгіме басқа. Ақын ет жүрек туралы айтып отырған
жоқ, сол ет жүректің қасиеті мен қызметі, ондағы махаббат, мейір, рахым
туралы айтып отыр, шафхат та осы қатарда. Осы жерде ақынның жоғарыда
әңгіме болған «Он жетінші сөзіндегі» жүрек туралы сипаттамаларына тағы
бір назар аударған артық емес. Қайрат, ақыл, жүрек туралы сондағы
ойлардың мәнісі мына өлең жолдарында қысқаша түйінделіп, шиыр-шық атқан
мағыналы өсиетке, ғибратқа айнал-ған. Өзге тілді оқырмандар үшін де,
түпнұс-қаның аудармадағы көркемдік қасиеті үшін де өлеңнің осындай
мәнінің аудармашы тарапынан лайықты көрсетілуі аса бағалы.

Жоғарыда түпнұсқа мен аударма арасын-дағы сәйкестік пен алшақтық жайы
тек мазмұн-мағына арнасында ғана сарапталды. Бұл жерде нақты, тура
мағыналы сөздердің тура мағынада аударылуы, тармақ беретін мағынаның
аудар-мада мүмкіндігінше дәл берілуі, тармақ, шумақ, тұтастай өлең
мазмұнының, ақынның өмірлік тұрғысын, ақындық биік нысанасын танытатын,
эстетикалық көзқарастарының негізін аңғар-татын тұжырымды ойлардың
берілу дәрежесі жайында сөз болды. Әрине, аударма өз қал-пында,
түпнұсқадан тыс тұрып та белгілі көркемдік-эстетикалық, танымдық қызмет
ат-қаратынында сөз жоқ. Ақынның ойын ақынның өз ақындық қуаты деңгейінде
бейнелі жеткізу аудрамашы үшін мүмкін еместігінде сөз жоқ. Бейнелілік,
образдылық сыры мен сымбатын аударуда аудармашыдан ешқандай биік талап
өлшемдерін талап етпей, тек мазмұн-мағына деңгейінде ой қозғағанның
өзінде, аудармада түпнұсқа мазмұнының кейде өрескел бұрма-ланатыны,
кейде орынсыз өзгеріске ұшырай-тыны белгілі болады. Бұл өзгерістер мен
бұр-малаулар Абайдың ақындық өнері туралы халық санасында, абайтану
ғылымында қалыптасқан биік ұғымнан төмен түсініктің орын алуына
мұ-рындық болуы ғажап емес. Сондықтан Абайдың ақындық даналығына
лайықсыз аударманың болмыс-бітімін сыншыл оймен байымдаудың әлеуметтік,
ғылыми маңызы жоғары. Әдеби шығарманың өзге тілге аударылғаннан кейінгі
аударма қалпындағы көркемдік сапасы мен әлеуметтік қызметі түпнұсқадан
тыс бағалануға тиісті емес. Аударма шығарманы оқырман өзінше қабылдап,
оның көркемдік-эстетикалық мәнін түпнұсқадан тыс, өзінше өлшеп-пішіп,
өзінше бағалауына ерікті. Алайда аудармашы түпнұсқадан ауытқып, өз
оқырманының қолына автордың басты ойын, өмірлік маңызы жоғары
пікірлерін, шығармашылық нысанасын өзгертіп жеткізетін болса, онда бұл
оқырманды адас-тыруға, түпнұсқа туынды туралы мүлде бөлек, ақиқатқа
жанаспайтын түсініктің пайда болуына алып келеді.

ӘДЕБИЕТ

1. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық
толық жинағы. — Т.1. -Алматы: Ғылым, 1977. — 454 б.
2. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Избранное /Перевод с
казахского. — М.: Художественная литература, 1970. — 272 с.
3. Абай (Ибраһим) Кунанбаев. Избранное /Перевод с
каз.комментарии А.Кодара. — Алматы: Ана тілі, 1996. — 224 с.
4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы: Ана тілі,
1995. — 272 б.
5. Әуезов М. Абай (Ибриһим) Құнанбайүлы. Монография //
Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. — Т.ХХ. — Алматы: Жазушы,
1985. — 6-245-б.
6. Абай Кунанбаев. Избранное. — Алматы: Казгосиздат
худ.лит., 1951. -140 с.
7. Абай Кунанбаев. Избранное /Перевод с казахского. —
М.: Художественная литература, 1981. — 224 с.
8. Чуковский К.И. Высокое искусство. — М.: Сов.писатель,
1988. — 345 с.
9. Мұқанов С. Абай Құнанбаев //Мұқанов С. Таңдамалы
шығармалары. Он алты томдық. Он алтыншы том. — Алматы: Жазушы,1980. —
169-391-б.
10. Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағлымы. — Алматы: Ғылым,
1994. — 280 б.
11. Сильченко М.С. Творческая биография Абая. — Алма-Ата:
Издательство Академии наук Казахской ССР, 1957. — 294 с.
12. Дәдебаев Ж. Абай //Дәдебаев Ж. Атыңнан айналайын Әулие
ата: тарихи-филологиялық зерттеулер. — Алматы: Қазақ университеті, 1998.
— 270-283-б.
13. Мырзахметов М. Мүхтар Әуезов және абайтану
проблемалары. — Алматы: Ғылым, 1982. — 296 б.
14. Абай Құнанбаев. Безветренной ночью луна /Перевод с
казахского М.Султанбекова. – Семи-палатинск: обл.типогр.,1992. — 28 с.

 

abai-inst.kz

/

04:32:02