"Хакім Абай" кітабы ұлы ақынның даналық дүниетанымын саралауға арналған. Абайдың данышпандық ойлары белгілі бір жүйеге түсіріле таратылмағандықтан, автор ақынның жекелеген ғибратты ой түйіндеріне түсінік беретін герменевтикалық тәсілді қолданған. Кітапта Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі философиялық тұжырымдары нақтылы ұғымдар түрінде қарастырады.
Ұлы Абайдың мәңгілік өшпес рухани мұрасын қайта жаңғырта, оқырман қауымның санасына даналықтың нұрын шашып, парасатты ой ұялататын бұл кітаптың қазақ халқының қоғамдық ой-пікірінің қалыптасу тарихын оқып-үйренушілердің білім көкжиегін кеңейте түсері сөзсіз.