Р. СЫЗДЫҚОВА: АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛІ

Кітапқа Абай шығармалары тілінің (өлеңдерінің де, "Қара сөздерінің" де) сөздік құрамы мен грамматикалық ерекшеліктері талданады. Қазақ тілінің Абай қолданған байырғы төл сөздерімен қатар ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, орыс сөздері әңгіме болады. Ұлы қаламгер тіліндегі кейбір көне сөздермен бірге әдеби тілімізге өзі қосқан немесе жандандырған жаңа сөздердің де сыр-сипаты танытылады. Қазіргі әдеби нормалармен салыстырғанда Абайдың поэзиясының тілінде, әсіресе прозасында біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер талданып, олардың мән-мәнісі, қолданылудағы себеп-дәлелі көрсетіледі.