ЖҮРЕГІҢНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА

Бұл жинақ - халқымыздың данышпан, ұлы ақыны Абайға деген әлем ел-жұрты ықылас-лебіздерінің мыңнан бірі ғана. Ол ұрпақ сыйының сағынышты мөлдір тамшысындай. Абай жайлы жазғандарды түгел жинап құрастырса, том-том еңбек болары даусыз. Сөйтсе де, осы кітап тың ойлар, жаңа жарияланымдарымен мектеп оқушыларын ғана емес, көпшілік оқырманды да риза етер деген үміттеміз.