(М. Ю. Лермонтовтан)
 – Айтшы, аға, неғып жеңілдік
 Мәскеуде емес тегіндік,
 Болған білем соқтығыс,
 Емес білем аз жұмыс.
 Ұмытпайды еш орыс,
 Бородинде көргенді.
 – Ондағы біздің адамдар,
 Сендердей емес, балаңдар.
 Қиын тиді оларға
 Аз кісі-ақ қайтып санарға.
 ............................................
 
 Қол салмаққа кәртечке1
 Ол күн болды, күн кешке,
 Қас қарайып, болды түн.
 ...........................................
 Штык, қылыш қайрасып,
 Ширатып мұртын шайнасып,
 Ашулы солдат қыстықты:
 «Қойса екен бізді тыюын,
 Айтса екен бізге қиынын,
 Жыртпасақ жаудың киімін,
 Біз не етеміз, штыкті»...
 ...........................................
 
 1 - Картечь (орысша) – шашылып атылатын оқ.