КЕҢ ЖАЙЛАУ - ЖАЛҒЫЗ БЕСІК ЖАС БАЛАҒА

(М. Ю. Лермонтовтан)


Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға,
Алла асыраған пендесі аш бола ма?
Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге,
Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.