Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы. Мені мен сен тең бе деп мақтанасың, Білімсіздік белгісі — ол баяғы. Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа, Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа. Адамды сүй, алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде онан басқа?! 1901-ші жыл
|