АБАЙ ЖӘНЕ АРХИВ.

Кітапта Абайдың Ресей сенатына хаты. 1885 жылы ұлы ақынның қатысуымен жазылып, Қарамолада өткен төтенше съезд қабылдаған құқықтық ереже. 1903 жылы патша ұлықтары ақын үйінде жүргізген тінту сияқты бұрын оқырман қауымға да, зерттеушілерге де беймәлім болып келген құнды-құнды құжаттар қазақ және орыс тілдерінде топтастырылып отыр. Сондай-ақ Абайға байланысты архив деректері негізінде жазылған "Төбеби", "Зар-запыран" атты пьесалар да осында.