Бүгін Қазақстанда Абай күні тойланып жатыр. Ерекше айтып өтер жайт, Президент Жарлығымен құрылған Абай облысының орталығы – Семей қаласы болып бекітілді.
Биыл қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ақын, сазгер, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 177 жыл толды. Ол 170-ке жуық өлең жазып, 56 шығарманы аударған.
Абайдың еңбектері әлем халқының 60 тілінде жарық көрді. Қоғамдық саясат институтының дерегінше, «Абайдың қара сөздері» жыл басында «Меломан» дүкендер желісі бұл шығарманы Қазақстандағы ең көп сатылатын кітап деп атады. «Қара сөздерге» деген сұраныс жыл сайын артып келеді.
2019 және 2021 жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда сату 22%-ға өскен.
Абайдың өмір жолы да жастардың қызығушылығын тудырады. Қоғамдық саясат институтының деректері бойынша, жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын 2021 жылы әрбір оныншы жас қазақстандық оқыған, бұл – 14-20 жас аралығындағы азаматтар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Айта кетерлігі, сауалнама жауап нұсқаларынсыз ашық өткізілген.
Қоғамдық саясат институтының зерттеуіне сәйкес, Абай бейнесі саясаткер ретінде аса жоғары сұранысқа ие. Мәселен, белгілі тарихи тұлғалардың қатысуымен сайлау өтсе, адамдардың басым көпшілігі Абайға дауыс беруге даяр (27,7%) (эксперимент мысал ретінде жазылғанын ескеріңіз – ред.).
Демек, қазақстандықтар интеллект, ақиқатты іздеуге құлшыну, тәжірибе сияқты қасиеттерге ие данагөйдің кейпін артық көреді.
Зерттеуді Қоғамдық саясат институты 2021 жылғы 24 шілде-9 тамыз аралығында жүргізді. Іріктеме жиынтығы 14-20 жас аралығындағы жастар – 1 700 респондент. Іріктеу айырмашылығының артық-кемі ±2,38%.
Зерттеуді Қоғамдық саясат институты 2021 жылғы наурызда жүргізді. Іріктеме жиынтығы – 18 және одан жоғары жастағы – 1 700 респондент. Іріктеу айырмашылығының артық-кемі ±2,38%.