Абайдан туған ән мен күй

Абай қазақтың музыка мәдениетінің өсу, дамуындағы үлкен, күрделі орын алады.
Абай атамыздың шығарған 28 әні 65 нұсқада айтылады және 2 күй, 1 желдірмесін жазған екен.
Бұл әндері махаббат-лирикалық әндер, өмір туралы философиялық әндер, тәлім-тәрбие тақырыбынд әндер, азаматтық патриоттық әндер, ән-өнер туралы әндер, мысал әндер, жоқтау әндер болып түрге бөлінеді.

Махаббат-лирикалық әндерінен:
1. Желсіз түнде жарық ай (2 нұсқасы бар)
2. Айттым сәлем, қаламқас (3) 
3. Көзімнің қарасы (4) 
4. Жарық етпес қара көңілім (1) 
5. Қор болды жаным (4) 
6. Сен мені не етесің (2) 
7. Сүйсіне алмадым, сүймедім (1) 
8. Амал жоқ қайттым білдірмей (4) 
9. Таңғажайып бұл қалай хат (1( 
10. Таңыры қосқан жар едің сен (6) 
11. Хұп білемін, сізге жақпас (1) 
12. Жарым жақсы киім киіп (1)

Өмір туралы философиялық әндер: 
1. Қарашада өмір тұр (2) 
2. Қараңғы түнде тау қалғып (3) 
3. Өлсем орыным қара жер (1) 
4. Есіңде барма жас күнің (1) 
5. Сұрғылт тұман дым бүркіп (3) 
6. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (3) 
7. Ышым өлген сыртым сау (1)

8. Теректің сыйы (1) 

Тәлім-тәрбие тақырыбндағы әндер:
1. Ата-анаға көз қуаныш (1)
2. Біреуден біреу артылса (3)

Азаматтық патриоттық әндер: 
1. Сегіз аяқ (8)
2. Бойы бұлаң (3) 

Ән-өнер туралы әндер:
1. Өзгеге көңілім, тоярсың (2)
2. Көңіл құсы құйқылжытып (1) 

Мысал әндер: 
1. Қарғамен бүркіт (1) 

Жоқтау ән: 
1. Абдырахманның әйелі мағишқа абай шығарып берген жоқтау (1) 

Күйлері: 
1. Торжорға
2. Май түні

Ән-күй:
1. Абай желдірмесі (1)

Дана Абайдың әдеби шығармаларынан басқа міне осындай әйгілі туындылары бар екенін көп адам біле бермесе керек.

6alash ұсынды