Н. АБДЫРАҚЫН: АБАЙДЫҢ ЕКІ ӨЛЕҢІНЕ ЖАҢАША ТАЛДАУ

 

ӨМІР БАЗАРЫ

 

Абай қазақта біреу, әйтсе Абайды қаншалық таныдық, ақының бір өлеңіне бірге үңілсек:

Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,  

Іздегені не болса, сол табылар.

Біреу астық алады, біреу - маржан,

Әркімге бірдей нәрсе бермес базар

Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,

Сомалап ақшасына сонан алар.

Абай атамыздың осы арада айтып отырғаны кәдімгі базар ма, әлде өмірдің базары ма?

Адам шыр етіп өмір базарына келеді. Адамның бәрі тал бесіктен табытқа дейін базардағы саудагер іспетті. Біз кез-келген жұмыс жасасақ соның ақысын дәметеміз, тіпті кішкантай баланың өзі әкесінен кітабын әкеп бергеніне «жарайсың балам» деген сөзді естігісі келеді. Барлық ісімізден қайтым күтеміз, бұл адам тәбиғаты. Тақуалардың өзі Алладан жасаған құлшылығына Жаратушының дидарын көруді дәметеді. Бүгінгі таңда амандасудың өзін де есеппен жасайтын болдық, міне нағыз сауда алаңы. Осылай өмір базарында бәріміз сауда жасап жүреміз.

Адам адамнан мына үш нәрсе арқылы озады. Әуелде адамға Алла Тағала сыйлаған тегі арқылы келетін туа біткен дарын, талант, ерекше қасиет. Екінші орта тәрбиесі, отбасы(әке-шеше, телевизор, интернет) балабақша, мектеп(достары, мүғалім) қоғам тәрбиесі. Үшінші адамның субъектив жеке тырысшаңдығы, кітап құмарлығы, ізденімпаздығы. Абай атамыз кәдімгі жай базарды тілге алатын жеңіл адам емес, ойшыл өлеңнің екінші жолында «іздегені не болса, сол табылар» деп сөзін жалғайды, адам, әрине, бұл өмірде нені қаласа Алла Тағала соны береді. Соған жететін есіктерді оның ерік қалауы бойынша ашып береді. Соған жетер күш-қуат та береді. Абай қара сөзінде де адам еркі туралы тоқталып, ауруды, түрлі жамандықты жаратқан Алла, ал сені ауыртқан, жаман қылған Алла емес қой деп ескертеді.

Адам еркі жақсы нәрсе, адам оны жaқсы жaққa пaйдaлaнсa, оның құ­ны aртaды, егер оны ер­кі­не жі­бер­се, оның көк тиын­дық тa құ­ны қaлмaйды  мысaлы, бір болaт те­мір­ді жaқсы пaйдaлaнa біл­сек, әде­мі қaнжaр жaсaуғa болaды. Ал оны дә­ретхaнaның іші­не түс­кен зaтты іліп aлaтын іл­гіш жaсaсaқ тa болaды, одaн aры ол түк­ке жaрaмaйды.

Ұлы Аллa пе­ріш­те­ле­рге aқыл бе­ріп, нәп­сі бер­ме­ген, aл хaйуaндaрғa нәп­сі бе­ріп, aқыл бер­ме­ген. Адaмзaтқa aқыл­ды дa, нәп­сі­ні де тең бер­ген, егер aдaм нәп­сі­сін тиып, Аллaның тиымдaрынa бойұ­сынсa, aдaмның дә­ре­же­сі пе­ріш­те­ден де жо­ғaры болaды. Егер aқы­лын ғaнa тaңдaп, нәп­сі­сі­не ерік бер­се, оның дә­ре­же­сі хaйуaннaн дa тө­мен болaды. Кім­де-кім өз қaлa­уынa ерік бер­се, екі дүние бақытынан айрылған aдaм.

Ібі­ліс aйт­aды екен: «Мен aдaмдaрды aзғы­рып кү­нә жaсaтып, тозaққa тaртa бе­рем. Сол кез­де олaр Аллaдaн ке­ші­рім ті­леп жaл­бa­рынaды. Алaйдa, мен олaрғa өз нәп­сі­ле­рі aрқы­лы кү­нә жaсa­тaм, aдaмдaр өз ер­кі­не (нәп­сі­сі­не) мықтaп бaғынғaн сәт­тен бaс­тaп aқиқaттaн (турa жолдaн) aдaсaды. Өз қaлa­уынa еріп, ме­ні­кі дұ­рыс жол деп ойлaп, Аллaдaн ке­ші­рім сұрaмaйт­ын болaды».

Өлеңнің үшінші жолында «Біреу астық алады, біреу – маржан» дейді, неге Абай атамыз «киім, тамақ, көлік, кітап, қарындаш» демей «астық пен маржанды» айтып отыр, кездейсоқтық емес, көп ойланып, терең толғанған ғұлама «астық пен маржанды» таңдаған. Астық ол нан, қара еңбекпен келеді, адамның бір тобы дене еңбегімен жан бағады, ал енді бір тобы су түбінен маржан сүзгендей ақылмен иманын жолдас етіп, ақыл ой еңбегімен өмір сүреді дейді. Бұндағы астық тән азығы, маржан жан азығы. Біреу тәніне азық іздесе, біреу бұл өмірдің базарынан жанына азық іздейді дегенді меңзеп тұр.

Шы­нындa, сіз өзі­ңіз­ді aқыл­ды, пaрaсaтты aдaммын деп ойлaйсыз бa? Ондa сіз өзіңді жоқтан бар еткен, бір тамшы лат сұйықтықтан, үйған қанға одан бір кесек етке айландырып, жан салған Аллaны тa­ни­сыз, Оғaн бaс иіп сәж­де­ге ке­ле­сіз. Адaмды Аллa екі түр­лі эле­ме­нт­тен жaрaтты: ет пен сүйектен жә­не рухтaн(жаннан). Олар ешқaшaн бір-бі­рі­нен бө­лін­бейді (бөлінгенде адам өледі). Осы екеуі­нің қaже­ті үшін aдaм өмір сү­ре­ді. Егер тәнді aзықтaндырмaсa aштaн өле­ді, aл егер ру­хын aзықтaндырмaсa малға aйнaлaды. Міне Абай атамыз осыны меңзеп астық пен маржанды айтып отыр. «Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар» деп Абай атамыз әркім бейімдігіне қарай, шамасын шамалап мамандық таңдайды. Ел заңгер бопты, мен де заңгер болам, ел әкім бопты, мен де әкім болам деме дейді. «Әркімге бірдей нәрсе бермес базар» деп ойын сабақтайды. Ақшасы бар адам жай базарда ел алған жақсы затты негізі ала беруіне болады, ал Абай атамыз өмірдің базарын айтып, тағы есімізге көп нәрсе салады. Өмір базары сенің еркіңе көнбейді, қалағаның әр кез бола беремейді.

Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,

Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.

Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.

Адамзаттық масштабта жазатын ақын, өз сөзінің аса салмақты екенін айтып, ішкі мәніне, терең астарына бойлай алатын, ұғына алатын адам бар ма деп алаңдайды, әрине, шын қаламгер өзі жасаған ғасырдан алда жүреді, өз дәуірі түсіне бермейді, келер ұрпақ, тіпті одан кейінгі ғасыр адамдары танитын болады, өз дәуірінің биігінде тұрып, келешекке жазады. Міне Абай атамыз бұл өлеңін бізге жазып кеткендей. Иа, барлық адамға жағу, күллі адамзатты мойындату деген нәрсенің жоқ екенін тағы айтып философ толғанады.

Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,

Біреуден біреу алып, елге тарар.

Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,

Шамданбай ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.

«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,

Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.

Мынау жолдары арқылы ақын келешек ұрпаққа сенім артады, біреуден біреу алып елге тарайтынына шын сенеді. Сөз қадірін түсінбегендерге «шынымен де итке маржан не керек»,-деп толғайды.

           Бір ұста шәкіртіне: « Жұрт жақсы біле бермейтін қымбат бағалы асыл тасты базарға апарып сатып кел»,- дейді. Шәкірт базарда жүрген қара нөпір адамдардың ортасына апарып саудалайды, ешкімде оның нарқына жетпей, аз ақшаға сұрайды, ұстазының айтқан бағасын естігенде елдер мазақтайды. Ренжіген шәкірт ұстазына келеді. Ұстазы: «Асылды таныған алады, сен базардың арғы жақ шетіндегі зергерге апар»,- дейді. Шәкірт барғанда зергер бір көргеннен «Менің қолымдағы барлық ақшам, бар затым сенікі болсын, маған сат»,-  деп жабысады.

Берісі Қазақтың, арысы адамзаттың маңдайына біткен нағыз ақындардың бірі, көсем сөзші Абай сөз зергері, сәулесі бар жігіттің жалпақ жұртта бар екеніне сеніп, қалың елге топырақ шашпайды. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...» деген ақынның әр сөзінде терең мән жатқаны шындық.

 



ЖАҚСЫ МЕНЕН ЖАМАНДЫ АЙЫРМАУДЫҢ БАСЫ...


Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Қазақтың ұлы ойшылы, бас ақыны Абай осы өлең жолында «мұрт» туралы тоқталады,  мұсылман адам сыртымен де ішімен де көрікті болуы керек.

Әр сөзіне қатты мән беретін сөз зергері Абай «мұртты» бекерге тілге алған жоқ, мұрт қоюдың өз әдебі, тәртібі бар. Мұртты ауызға қарай сәлеңдетіп өсіру жаман әдет. Мұртты ауызға жеткізбей, астыңғы жағын жақсылап қырып, бет әлпетіне, қасының ұзын-қысқа, жуан-жіңішкелігіне сәйкестіре әдемі, жарасымды етіп қойып, өте таза ұстады, ауызға түссе ол мәкурһ, ауыз айналысы ашық тұратын, керек болса тұмау тигенде ағып кетсін деп мұрт ортасын аз ашып қоятын болған. Дәрет алғанда мұрт-сақалдың түбіне су тимесе дәрет толық болмайтыны жақсы білген, сондықтан да мұртты қатты қалың әрі қатты ұзын өсірмейтін. Мұсылманшылықтың жартысы тазалық.

«Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.» Осы екі жол жалпы өлеңнің өзегі саналады. Онда ақын «салдарын алдымен, себебін артынан» жазған. Неге ақын қан мен майды екі ұртқа салды, ауызға салатын басқа нәрсе жоқ па?  Талқанға-ақ, қақалдыра салар еді. Жақсы мен жаманды айырмаудың басты себебі адал мен арамды айырмауда екенін осы «қан мен май» арқылы өте тамаша жеткізген. Қан арам, оны ауызға салуға болмайды. Бауыздау қан денеге тисе дәретті бұзады. Ал май толығымен адал. Әйтсе, алыстан шалып, кең пішетін дана ақын, соны меңзеп, адал мен арамға мән бірмесең істің бәрі бос дейді. Сол кезден бастап сенде жақсы мен жаманды айыру қабілеті жоғалады дегенді қадап айтады.

Адам не жесе сол, қандай малдың етін жесе соған бара-бара ұқсайды. Адам бір грамм арам ас жесе қырық күн бойы ісі өнбейді, намазы, дұғасы қабыл болмайды. Бүгінде адал мен арам қатты араласып кеткен, сондықтан да барынша сергектікпен, талғампаздықпен адал ас жеуге тырыссақ өзіміз үшін пайдалы. Ғаламтордан «E-қоспаларын»дағы халал және харамның тізімін шығарып алып, ас бөлмесіне жапсырып қойса ұрпақ таза өседі. Сондықтан Абай бар күнәның басы сол қан  мен майда деп топшылайды. Тіпті, қазақ еркек қойды көп жесек, еркек бала көп болады деп ұрғашы тоқтысын малдың аналық басын көбейтуге қалдырып, еркегін жеген.

  Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

  Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

 Қазақ дүние танымында сарт сөзі саудамен айналысатын адамды айтады, сондықтан да Абай уәдеге тұрмайтын арсыздыққа кетіп бара жатқан, болмыс, бітімі бұзылған қазаққа ашынады, күйінеді. Түріңе қараса қазақсың, ал ісің сарттікі дегенді осы екі жолда толғайды.

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Бұл екі жолды дәл қазіргі ғаламтордағы топ-топқа бөлініп алып айтысып, тартысып жататын қазақтарға айтқан сияқты Абай атамыз. Адал мен арамды парықтамаған адам осындай сөз ұқпас, тоғышар болады деп күйінеді. Бұрында қазақ сөзге тоқтаған, Төле би, Әйтеке, Қазыбек  көкелеріміз бір ауыз сөзбен үйдей дауды шешкен.

 Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

 Күндіз күлкің бұзылды, түнде - ұйқың.

Бұл жолдарда ақын қазақтағы ұрлықтың асқынып, тыныштықтың ел арасынан кеткенін айтады. Ұрлық малдың нағыз арам екенін ескертеді, арам табиғи( харам ли аниһи) арам және адами фактордан болатын қақысы өтелмеген(харам ли ғайриһи) арам болып екіге бөлінеді. Барлық ел арам жеп бітті деп ашынады. Кезінде аталарымыз айдаған бидайы қатар тұрған егістікке жел мен тозаңданып бір-біріне өтеді, содан жеген наным арам болады деп, елден бөлек жотаның не тоғайдың маңына барып бидай айдап нан жеген. Таза далада жүрген тауықты бір жеті аяғынан байлап қойып таза бидай беріп, таза су ішкізіп, зәрі(нәжісі) ішіне өтіп кетеді деп жүнін ыстық суға жидітпей, қолмен жұлып тазартып, сыртынан қалдықтарын үйітіп тастайтын. Кешегі Ақан сері барған үйінде бір тал қыл-қоқыс көрсе дәм татпаған екен. Міне бұл қазақы тақуалық.

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

 Бір күн тыртың етеді, бір күн - бұртың.

Арам ас жеген адам «байлаусыз, тұрақсыз, көрсеқызар» деп сөгеді ақын.

    Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?

Екі алдам біріксе бірің басшы болыңдар, бір-біріңді тыңдаңдар, болмаса, екі айрық жолға келгенде ұрсысып екіге бөлініп кетесіңдер деген ұстанымды жақсы білген қазақ сөзге қорыған. Осы жақсы қасиеттің елден кеткеніне қатты налиды.

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.

Елді орыстың билеп отырғанын меңзейді.

 Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,

Оның да алған жоқ па құдай құлқын?

Жақын туыстар тез өкпелегіш келеді, себеі ол бір туғанын міндетсініп, туысында жоқ нәрсені сұрайды, соны бер деп дәметеді, оның қолынан келмейтін істі істеп бер деп қолқа салады, солай ол байқұстың қолынан ол іс келмесе, көшке берген тайын сұрап, өкпелесіп кетеді, болмашы бір тал сүйекке де өкпелейді, бұл жамбас менің жолым еді оны ананың алдына қойды деп бұртыңдайтыны тағы бар. Міне осы жолдарда қазақтың ағайын араздығын дәл басып айтады.

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Құрғақ мақтанды, жалған атақты сынайды, адамдардың ниеті тарылып кеткенін де осы шумақта тілге алады.

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын.

Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,

 Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?

Ішінде білімі, қолында өнері жоқ, тек бар болғаны төрт аяқты малға (байлыққа) сенген құр кеуделік, егес, малға талас, бақастық, күндестік, бөспеліктің елді құртатын дерт екенін жеткізеді.

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,

Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың.

«Басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, күлкішіл кердең наданның» деп өзі жырлағандай мағанасыз бос күлкі, тұрақсыздықты сөз еткен Абай адал мен арамды білмеген, жақсы мен жаманды, жау мен досты айырмаған елде көңілге қуаныш сыйлар не бар деп ашынады.

 Ұғындырар кісіге кез келгенде,

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?

Ақыл айтсаң, сөз тыңдамай, күбір- күбір сыпсыңдап өзінше ақылды кісі бола қалады деп ақын өлеңін аяқтайды. Демек, күнә мен надандықтың басы адал мен арамды айырмауда екенін айтады, оған мән бермген адам жақсы мен жаманды білмейді. Осы өлеңде өрнектеген жамандықтың барлығы содан шығады деп ишара береді. Себебі имани терең білімді Абай мынаны біледі.  Алла Тағала адам тәнін жаратып, адамның садрына(кеудесіне) рух(жан) салады, содан соң екі қастың ортасына нәпсіні орналастырды. Адамға таңдау еркін берді. Міне әңгіме осы жерден басталады. Солай адам сыналады.

Аллa тиым сaлғaн іс­тер­дің бә­рін нәп­сі қaлaмaйды, Аллaғa қaрсы ке­ле­тін іс­тер тү­гел­дей нәп­сі­нің қaлaуы. Ақылдaн бұ­рын нәп­сі­­мен ( ерік­ің­мен) кү­ре­су парыз етілген.

 Нәп­сі төртке бө­лі­не­ді. 1. Әмра нәпсі, ол үнемі жамандыққа шақырады. 2. Ләуәмма нәпсі, ол бір кү­нә жaсaсa, де­реу өкі­не­ді. 3. Мүлқама нәпсі, ол тақуалықпен жүрседе күнәдан арыла алмаған нәпсі. 4. Мұтмайын нәпсі, ол күнәдан мүлде алыс, тақуалықтың шыңындағы нәпсі. Нaғыз мү­мін нә­пі­сін ұмытмайын етіп тәр­бие­леп aлaды. Адал жеген адамның рухы шаттанады, арам жеген адамның нәпсісі күшейеді, солай жамандыққа тартады да тұрады, ал адал жеген тақуа жақсы іске мойын бұрады. Адамды адам ететін адал ас, сондықтан Құран Кәрім де бұл тақырыпққа арнауды тоқталады.

Өз ұлтын өзінен артық жақсы көрген ақын елі үшін күйіп жанады. Абайдың ерлігі де осында.

 

Нұрхалық АБДЫРАҚЫН