ҰЛЫ ОЙШЫЛДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

АБАЙДЫ БАЛА КЕЗДЕН ОҚЫТҚАН ДҰРЫС

Оқылған 1871 рет

Қосылған күні: 09.10.2020

Елбасының «Абай аманаты» мақаласынан өзімді көптен бері толғандырып келе жатқан сұрақ­тың жауабын таптым.  Абай­тану­дың мектеп бағдарламасына арналған бірнеше нұсқасы жа­зыл­ғаны белгілі. Кезінде заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов бір мақаласында Абайды кезеңге бөліп зерттеу керек, кезеңге бөліп оқу керек деген.

Абайтану саласында  Абайды мек­тепте қалай оқыту керек деген бағытта жұмыс істеймін.  Ал Елбасы мақала­сында  «Менің Абайды тануым әуелде неден басталды?» деген сауалға «…ұлы ақынның сөздері бесік тербеген әлдимен бірге құлаққа сіңді,   өлең сөзге жүйрік, ел әдебиетіне қанық әжем Мырзабала мен анам Әлжан кішкентай күнімде тіні үзілмеген дәс­түрлі тәрбие аясында халқымыздың ертегі, аңыз, қиссаларын жадыма барынша сіңірді. Бұл Абай әлеміне апаратын жолдың бастауы» деп жауап жазады. Ендеше біз неге балаларға Абайды бала кезден түсіндіріп өсір­мей­міз. Біз мектеп бағдарламасында абайтануды балалардың жас ерек­ше­ліктеріне қарай кезең-кезеңімен бөліп оқыта алмай келе жатырмыз. Бала Абайды «Абай жолы» романының мазмұны бойынша 14 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресінен қайтып келе жатқан кезінен білеміз. Ал оған дейін Абайдың дүниеге келуі, Абай өскен орта, туған жері, рухани тәрбиесі, әкесінің баласына көр­сет­кен мейірімі, Абайдың елгезектігі, оның ауыз әдебиетіне қызығу­шы­лығы жайлы көп айта бермейміз. Бала Абайды тани алмаған бала ақын Абай­ды қалай таниды. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласындағы Абай атын­дағы №87 мектепке осы бағ­дар­ламаны ен­гіздік. 1-5-сынып ара­лы­ғында бала Абай­ды оқыту, 6-8-сынып аралы­ғындағы оқу­шы­ларға ақын Абайды оқыту, 9-11-сынып оқу­шыларына хакім Абайды оқытуды жолға қойдық. Одан кейін саты-сатысымен Абай ай­тып кеткен «то­лық адам» тұжырым­да­масын оқытуға көшеміз, бұл – бағ­дарламаның негізгі мазмұны.