Фестиваль екі күнге жалғасты

Этномәдени бірлестіктер арасында ұлы ағартушының шығармашылығын насихаттап, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті паш етуге арналған поэзия фестиваліне бастапқыда еліміздегі этностардың мемле­кеттік тілді еркін меңгерген 175 өкілін қатыстыру көзделген болатын. Оларға қазақ тілінде 175 өлеңін оқып, әлеуметтік желі­де түрлі форматта бейнетүсірі­лім жариялау міндеттелген еді. Алай­да этнос өкілдерінің ақын­ға деген ерекше құрметі мен іл­типаты бұл межеден асып түсті.

Нәтижесінде ҚХА Баспасөз қызметіне 705 бейнеролик ке­ліп түсті. Оның ішінде 521 қа­тысушы ақын өлеңдері мен аудар­маларын қазақ тілінде ас­қақ­татса, 127-сі басқа тілдерде айшықтауға тырысты. 126 өнер­паз Абай әндерін шырқап, қа­ра сөздерін нақышына келтіріп жеткізді.

Қазақстан халқы Ассамблея­сы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев этнос өкіл­дерін қолдау үшін Абайдың 37-қара сөзін оқып, көпшілікке тарту етті.

Барлық бейнежазбалар мен роликтер Ассамблея сайты мен өңірлік құрылымдарының Facebook, Instagram, Vkontakte, Youtube, Telegramm каналында, түрлі ақпараттық сайттарда жарияланды. Атсалысушылардың көптігіне байланысты поэзия фес­тивалі халықтық сипатқа ие болып, екі күнге жалғасты. Бұған қосымша, Абай күнінде ҚХА ғалымдары мен сарапшылары Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай – рухани реформатор» мақаласының ма­ңыздылығын талқылап, беделді БАҚ беттерінде 50-ден астам пікір жариялады.

ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Абайды таныту – борышымыз», «Насле­дие Абая – духовный оплот един­ства» мақаласы жарық көр­ді. Бұдан бөлек, Ассамблея Түр­кия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қыр­ғызстан мемлекетінің абай­та­нушы-ғалымдары мен тарих­шыларының қатысуымен «Абай: тарих және қазіргі заман» халықаралық конферен­циясын ұйымдастырды. Жал­пы, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының  Абай күніне арналған іс-шараларына республика бойынша 27 795  этнос өкілі қамтылса, онлайн конференцияға фейсбук пен Zoom арқылы 965 сарапшы-ғалымдар мен тарихшылар қа­тысты.