ҰЛЫ ОЙШЫЛДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

  • Басты бет
  • Түркістан облысындағы Абай есімді жастарға сый-сияпат тарту етілді

Түркістан облысындағы Абай есімді жастарға сый-сияпат тарту етілді

Оқылған 1201 рет

Қосылған күні: 11.08.2020

Ұлы Ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы еліміздің барлық өңірінде кең көлемде тойланды. "Абай күнін" атап өтуден Түркістан жастары да қалыс қалмады, - деп хабарлайды

Egemen.kz.

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында Ұлы Абайдың 175 жылдық мерекесіне орай облыстық Қоғамдық даму басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Адамзаттың Абайы" атты мерекелік іс-шара өтті.

Жиынға облыстың бірқатар аудандарынан Абай есімді жасөспірімдер қатысып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ұлы ақынның атын иеленген балалар арасында екі Абай Құнанбаев бар. 

Мерейтойлық шара барысында облыстағы жас ақындар Абайға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқып, көркемсөз оқу шеберлері ақынның жырларын нақышына келтіре жұрт назарына ұсынды. Сондай-ақ, Абайдың халық арасына кең таралған әндері де шырқалды.

Айта кетейік, мемлекет басшысының Жарлығымен 10 тамыз – "Абай күні" болып белгіленген еді. Осыған орай Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында мерекелік іс-шаралар әлі де жалғасуда.