Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына таман «алғашқы абайтанушы – Әлихан» деген сыңайдағы мақалалар қаптап кетіп еді. Сол авторлардың көбі Абайды Әлекеңнің қай жылдардан біле бастағаны жөніндегі деректерді алға тартып, ойларын дәлелдегендерін талай оқып, куә болдық. Әлгіндей мақалаларды оқығанда «тәуелсіздік жылдарынан бері белгілі бола бастаған дүние екен ғой» деп топшылаушы ек. Сөйтсек, қайда-а…
Өткеннен бері жазушы Жайық Бектұровтың «Енеден ерте айрылған төл секілді» атты шығармалар жинағын оқып, көзім ашылды көп дүниеге. Бүгінде әркім Америка ашқандай қылып жар салып жүрген дүниелерді Жәкең өткен ғасырдың 60-70 жылдарында-ақ тәптіштеп жазып кеткен. Кенесары ханның тәуелсіздік үшін күресінің шындығы, Алашорда, Әлихан, Әлімхан жөніндегі қаншама тың деректер ғылыми айналысқа Жайық Бектұров еңбектері арқылы өткенін байыптау қиын емес. Алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай кей еңбектерінде Жайық Бектұровқа сілтеме жасағанын айтсақ та жетер ойымыздың бір дәлелі үшін. Тәуке ханның жазғы ордасы астана маңында болғанын Жәкең әртінде топшылап көрсетіпті жазбаларында. Мағжан мен Сәкен туралы мақалалары тіптен таң қаларлық. Қазіргі бір ғалымсымақтардай өз көзқарасы үшін өзгені құрбан қылмай, тәуелсіз байыптайды. Ә.Ермектің қасында көп жүрген және сол сияқты абақты мен айдауда жүріп, каторгадан аман шықты демесеңіз, азаптаудың бәрін көрген үлкен жүрек иесі ғой. Енді Мағжан туралы мақаласындағы мына дерекке мән беріңіз:
«Мағжан – ұлы Абайды бұрынғы-соңғы қазақ әдебиетшілері ішінен Ә.Бөкейханды айтпағанда, ең алдымен жырлаған ақын. Мағжан да, Жүсіпбек те, Шәкәрім де Абайды пір тұтты. Мағжан он сегіз жасқа келгенде, 1911 жылы «Атақты ақын, сөзі алтын Абайға» деген өлең жазды. Ол осы өлеңінде «Қарадан көсем болған сендей жанды, Дүние қолын жайып енді күтпес» деп ерекше бір сәуегейлік, білгірлік, болжам айтып еді. Әлі балаң, жап-жас ақынның Абайды осылай тануы – бүгін бізге зор мақтаныш».
Абайдың ұлылығын алғаш таныған қазақ Әлекең екендігі өз алдына, Мағжанның Хакімге жазған өлеңінің тақырыбы мен екі жолын әдейі ұсынып отыр. Себебі, М.Жұмабайдың «Алтын хакім Абайға» деген өлеңін біз «Ана тілі» оқулығынан мектеп жасында жаттап өстік.
«Шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес» еді ғой ондағы нұсқасында? Ақын ақталысымен 1989 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген Шығармалар жинағында да тап осылай екен. Ал, мына Жәкең арнайы астын сызып берген жолымен оқып көрейік:
«Шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан көсем болған сендей жанды,
Дүние қолын жайып енді күтпес».
Абайдың күйігі мен Мағжанның биігі енді ашыла түсті, меніңше. Ақын әу баста осылай жазғаны анық және Жәкең оны білгендіктен әдейі таңбалап қалдырып отыр. Жайық атаның Мағжан туралы бұл еңбегі ақын ақталмай тұрып 1961-86 жылдары жазылған оның үстіне. Бұл кісі Мағжанды көргенін, жары Зылиқа апаға ақынды ақтау жолында көп септесіп, ол кісіде қалған қолжазбаларын жүйелеп, мағжантануға көп үлес қосқанын айта кеткен жөн бұған қоса.
«Алтын хакім Абайға» деген тақырыбының өзі күмәнді еді өлеңнің. Біздің ой-тұжырымымызда алтын сөзі Хакім сөзіне анықтауыш бола алмайды. Кіресіне тұрмайды. «Сөзі алтын» дегені ақылға сыяды. Өзі Мағжан болса, сөзі арзан болмасы анық қой. Сіз не дейсіз, оқырман?
Жәнібек ӘЛИМАН

Жәнібек ӘЛИМАН.