ҰЛЫ ОЙШЫЛДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

АБАЙ ӘЛЕМІН БЕЙНЕЛЕГЕН АРУЛАР

Оқылған 2301 рет

Қосылған күні: 25.05.2020

Абай Құнанбайұлының 175 жыл­дығына орай Қазақ ұлт­тық қыздар педагогикалық уни­вер­ситетінде «Визуалды өнер­де Абай әлемін бейнелеу» тақырыбындағы республикалық жас суретшілер байқауы мәреге жетті.

Кәсіптік білім кафедрасының мұ­рындық болуымен ұйымдас­ты­рылған шығармашылық сайысқа колледж және мектеп бітіруші түлектер қатысып, өздерінің тырнақалды туындыларын ұсынды.

– Байқауға қағаз бетіне немесе кенепке түрлі-түсті бояумен немесе гра­фикалық құралдармен Абай Құ­нанбайұлының шығармаларына арналып салынған жұмыстар қабылданды. Суретті салуға бар болғаны 2 сағат уа­қыт бөлінді. Zoom платформасы арқылы комиссия мүшелерінің бақы­лауымен қатысушылардың туындылары бағаланды. Алғашқы сайысқа 26 жас талап қатысып, бақтары мен баптарын сынады, – дейді Кәсіптік білім кафедрасының меңгерушісі Рахия Дарменова.

Онлайн форматта өткен шығар­машылық сайыста бірінші орынды «Жел­­сіз түнде жарық ай» та­­қы­рыбындағы картинаны салған Қы­­зыл­­орда облысының Арал ауда­нындағы №260 мектептің 11-сынып оқушысы Фарида Жолмырзаева ие­ленді. Екінші орынға «Абайтану» туын­дысымен дайындық курсының тыңдаушысы Бүл­діршін Тұрдыбай лайық деп танылса, үшінші орын «Қансонарда бүркітші шығады аңға» атты суреттің авторы Алматы технология және флорис­тика колледжінің студенті Меруерт Садықоваға бұйырды.

Сонымен бірінші орын алған бойжеткен Қыздар университетінде оқуға бір жылдық оқу ақысына 50 пайыздық, екінші орын алған қыз 25 пайыздық және үшінші орын алған қатысушы 15 пайыздық жеңілдік алады.

– Абай туралы, оның поэзиясы жайлы аз айтылған жоқ. Алайда, бүгін мен болашақтың алтын діңгегіне айналған ойшылдың тұлғасын толық танып үлгердік деу асығыстық. Сыры мен жұмбағын ішіне бүккен шығармалары әлі де баршылық. Бұл оның тым тереңдігін аңғартса керек. Адамзаттың ақылманы ең алдымен ұлтын шексіз сүюдің қандай болатынын көрсетті. Сынады, сынау арқылы ұлтының өсіп-өркендегенін көздеді. Абайдың ерекшелігі – надандықтың орнына білімпаздықты, тайталастың орнына татулықты, даңғойлықтың орнына даналықты сіңістіріп, халқымыздың рухани қасиеттерін паш еткендігі. Ақын мерейтойы қарсаңында тұңғыш рет ұйымдастырылған байқау Абай ұлылығын жастар арасында кеңінен дәріптеуді мақсат тұтудан туындады, – дейді Қазақ ұлттық қыздар пе­даго­гикалық университетінің Бас­­пасөз және қоғаммен байланыс бөлі­мінің басшысы Жандар Асан.

 

АЛМАТЫ