Абайдың бағы ашылмай жүрген бір туындысы - «Китаб тасдиқ». Біз оқып жүрген қазақша аударма туындыға өз аты қойылмай, осы күнге дейін «38 қара сөз» деген лақап атпен жүр. Мүрсейіт қолжазбасынан бермен қарай Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының түпнұсқасы қазақ оқырманына жетпеген. Тек қазақ тіліндегі тәржімәні місе тұтып, оны түпнұсқаға тең көріп жүре бергенбіз.
Ақжол Қалшабек