АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ҰРПАҚТАРЫ

АБАЙ ШАҢЫРАҒЫНЫҢ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ТАРТУЫ
Қымбатты ардагерлер!Құрметті отандастар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз.Назарларыңызға Абай Құнанбайұлының Ұлы Отан соғысына қатысқан   ұрпақтары жайында сыр шертетін "От кешкен Абай ұрпақтары" тақырыбындағы бейнематериалды ұсынамыз.
Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінің ұжымы