"КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫН" АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ҚАЛАЙ АУДАРАМЫЗ?..

Кейде әлеуметтік желілерде ойға түрткі болатын кейбір мәселелер талқыланып жататыны бар. Сыншы, аудармашы, PhD докторы Арай Жүндібаева Facebook желісі арқылы «Көзімнің қарасы» сөз тіркесін ағылшын­шаға қалай жатық аударуға болады?» деген сауал тастаған еді. Осы сұраққа әлеуметтік желі қолданушылары өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерін айтыпты.

 Duisenali Alimakhyn: Black of my eye.

Janibek Aliken: Ай блак.

 Aray Zhundibayeva: Қайнар Олжай аға, көмек сұраймыз. «Көзімнің қарасы» дегенде Абай нені меңзеп тұр?

Serik Kerey:  my eyeslight болады. Көзімнің нұры болады. Көз дегенмен көздің ең асылы, алтыны, жарықты сезетін, саулені сезетін, ол көздің қарасы – жанары.
Абай «ең түпкі сананың, жанның сәулесін сезетін асылым» дегісі келген болар.

Aibek Erezhepov: Көз – адамның ең аяулы, ең қымбат дене мүшесі. Ал көздің ішінде ең асылы, әлемді, бүкіл әдемілікті көретін, сол әдемілікті өзіне сыйдыра алатын бөлігі, ол – қарасы (қарашық). Абай осы мағынада айтып тұр. Аударма барысында «қара көз» деген мәндегі сөзді қолданбай, тікелей «көзімнің қарасы» десе, адамға осы мағынасы ашылу керек. «Көңілімнің сарасы» дегенде – көңілде мың түрлі қалау болуы мүмкін, сол қалаулардың ең жоғарғысы, ең мәртебелісі деген мағынаны меңзеп тұр.

Aray Zhundibayeva: Тамаша! Ал осыны аудармада аз сөзбен қалай беруімізге болады?

Aigull Ismakova:  Бұл – мықты метафора. Ұлттық мәні зор. Бірақ тура осы мағынасында аудару қажет

Қайнар Олжай: «Көзімнің қарасы» яғни ең қымбат жан екенін айтып тұр.

Aray Zhundibayeva: Рақмет, Қайнар аға, өлеңде ең қымбат нәрсе турасында айтылып тұр. Көз туралы емес.

Данияр Саламат:  Көзімнің қарасы – көзқарас.

Orazbek Saparhan:  Адамның мынау әлемді көріп, оның өзіндік қызығын көру түйсігімен тамашалауы тек қана қарашық (көздің қарасы) арқылы ғана жүзеге аспақ. Онсыз өмір су қараңғы, белгілі тұрғыда тұл һәм мағынасыз.
Ендеше, бұл тіркестің мәні онсыз күні – күн емес, түнек екенін, ол – тіршілігінің мәні, өмірінің жарығы екенін меңзеп отыр.

Aray Zhundibayeva: Тамаша! Ал осы ойды аударуда аудармада нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыз?

Orazbek Saparhan: Өлеңнің толық композициясына қарай ағылшын тілінің орамына, әдеби мүмкіндігіне қарай көркемдікке құлаш ұрған жөн болар.
Өлең Шығыс поэзиясы сарындас. Екі жастың бек ынтық көңілінен гөрі бекзада сұлулықтың, хаса сұлудың әдеби портретін жасап тілмен сурет салуға құлшынған. Ақын өлеңнің поэтикалық иіріміне суреткерлік шеберлігін сәтті үйлестіріп, көркем картина жасайды. Ойлау сферасы сондай кең, тілі өте құнарлы, ұлттық һәм шығыстық дүниетаным тоғысқан, зор шабыттың, мол ақындық қуаттың жемісі.
Сол үшін, аудармашылық қуатыңыз жетсе, осы әдеби қуатты өз күшінде сақтайтындай, мағыналық дәлдікпен аударма жасамай болмас, тіке аударма пайда бермейді.
Тағы бір айтар ой, Шығыс шайырларының ғазалдарының аудармасындағы сәтті еңбектердің тәжірибесін ескерсеңіз нұр үстіне – нұр болмақ.

Сараш Қоңырбаева:  «Ты зрачок моих глаз» емес пе еді?!

Бисмилләһи… Көзімнің қарасы – көзқарасым…

Bagay Nazarbaıuly: watch In my eyes.

 Aray Zhundibayeva: Тамаша! watch in my eyes – көздеріме қара болып кетпей ме, қалай ойлайсыз?

Bagay Nazarbaıuly:  Aray Zhundibayeva иә, келмейді екен, view, әлде екінші посттағы сөздердің бірін алу керек, болмаса басқа сөз табу керек.

Aray Zhundibayeva:  Bagay Nazarbaıuly ал view болса, орысша айтсақ, «взглядқа» келеді, адамның бет әлпетінің белгілі бір күйіне (өзгеруі т.б.) келмей ме, қалай ойлайсыз?

Bagay Nazarbaıuly:  Aray Zhundibayeva looking of my eyes

Bagay Nazarbaıuly: Осылай деп көрсек қалай?

Aray Zhundibayeva:  Bagay Nazarbaıuly бұл да бір жақсы нұсқа екен?

Aray Zhundibayeva: looking my eyes – «көзіме қарашы» немесе «ал, қара, менің көзіме» (құлақ салғын сөзіме) деген өлең жолдарына сәйкес болып кетіп жүрмей ме?

Bagay Nazarbaıuly: «Қара, black» мағынасында «қара» деген түсті білдіреді. Абайдың қарасына black келмейді. «Қарау», «көру» деген сөзге жақын келетін сөздер: look, watch, view, see т.б. сөздердің бірін алған жөн. Мысалға “view of my eyes, look of my eyes, watch of my eyes….. “

Осы пікірлерді оқыған соң, біз Абайдың «Көзімнің қарасы» деген сөзінің түп мағынасына бойлау үшін, абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлына хабарластық. Ол кісі: «Бұған бас қатырудың қажеті қанша? Бұл өлеңді Абай ғашығына арнағаны бесенеден белгілі ғой», – деді. Ал ғалым Тұрсын Жұртбай: «Абайды талқылау үшін, тым болмағанда, оның бір өлеңін 2-3-рет оқу керек. «Көзімнің қарасын» Әбішке арнады деген жаңсақ түсініктерді айтып, таратып жүргендер бар. Бұл дұрыс емес, олай тұмандануға болмайды.

 «Иісің – гүл аңқыған,

Нұрың – күн шалқыған.

Көргенде бой еріп,

Сүйегім балқыған.

 

Сенсің – жан ләззаті,

Сенсің – тән шәрбаті.

Сұлуды сүймектік,

Пайғамбар сүннәті.

 

Ер емес қымсынар,

Әр кімақұмсынар.

Құдайаубұл көңлім

Күн бар ма бір тынар?»

 Енді ойлашы, осыны қалай ер адамға арнады деуге болады», – деп өз ойын айтты.

Дайындаған
Д.ӘЛІМАҚЫН