ҚАРАМОЛАДА ЖАЗЫЛҒАН ЕРЕЖЕ

Ең алғаш қолданыла бастаған қазақ қауымы өкілдерінің өз зердесінен туған тұңғыш заң нұсқасы – Тәуке ханның жеті жарғысы саналып келеді. Десе де қазақ даласында тұңғыш жарық көрген праволық құжат 73 баптан тұратын «Ереже» деп аталатын заң нұсқасын Абай жазып, Семей облысының Қарамола дейтін жерінде бес дуан елінің билері сьезінде қабылданып, бекітілгенін білсек те, тереңдеп, дендеп зерттей алмай келеміз. 

Семей губерниясына қарасты бес ояздың би-болыстары, ел билеуші ақсақалдары бас қосқан Қарамола жәрмеңкесінде 1885 ж. мамыр айында өткен төтенше съезіне биыл 130 жыл толып отыр.  Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтоына тұспа-тұс келсе де, Ұлы ақынның 170 жылдық мерейтойы қарсаңында  тақырыпқа сұранып тұрған бұл айтулы шара туралы ешқайсысы тіс жармады. Қазақ хандығы, қазақ тарихы жайлы не бір телеарналар, басылым беттері тұщымды хабар бере алмады. Қазақстан бойынша жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындары Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында  әртүрлі іс-шаралар өткізіп жатқанымен қазақ тарихында ойып орнын алатын мерейлі Қарамолада жазылған ереже жайлы жақ ашпады. 

Қазір кез келген оқу ордаларында заң факультеттері мен арнайы заң туралы ғана білім беретін жетекші оқу орындары  да үндемеді.  Қазақ тарихында Шербешнай сьезі, Шар съезі, Қарамола съезі сияқты бірнеше атауға ие тарихи оқиға бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда өз бағасын алуы заңдылық қой. Диплом жұмысы кезінде, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде тақырып таба алмайтындар бұл жөнінде білмейтін де шығар. Әйтпесе Сәкен Өзбеков, Салық Зиманов сынды бір-ер ғалымнан кейін назардан тыс қалған Абайдың қайраткерлік қызметіндегі жұлынды саласы осы «Қарамола ережесі» болатын.

Бұл «Ереженің» 1886 жылы Қазан университетінің баспаханасында араб әрпімен басылып шығарылған мұқият түптелген шағын кітапша түріндегі бір данасын белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов ғұмырының соңғы кезінде Қазақстан Орталық мемлекеттік архивіне табыс еткен. Құжатпен бірге белгілі қаламгер Сапар Байжановқа төмендегідей хат жолдайды: «Сапар, 1885 жылы Қарамолада бес дуанның сьезінде қабылданған ережені беріп жібердім.

  1. Ескіше  білетін біреуге түгел жаңа алфавитпен көшіртіп аларсың да бастырып шығарарсың (көшірмесін мұқият қарау керек болар)
  2. Ереже әуелі орысша басылған, Қазан университетінің архивінен сол түпнұсқасын да алдырғаның дұрыс болар.
  3. Бұл өте мағыналы нәрсе ғой, екі тілде де басылып шыққаны үлкен еңбек болар еді. (Басқа көршілес бауырларымызда бұндай заң қабылданбаған ғой).

Абай арызын алдым. Рахмет.

Ғабит Мүсірепов. 21.11.85.

Р.С. Көшіргенде татарша текстің өзін қазақшалаған дұрыс болатын шығар.Ғ.М.»

Өткен ғасырдың аяғында Қазан қаласында араб әрпімен басылып шыққан қазақ тіліндегі тұңғыш праволық құжат Қазақстан Орталық архивінің қызметкерлері Б.Байғалиев пен Ж.Ахмадиевтің күшімен қазіргі қазақ әрпі мен әдеби тіліне икемдей көшіріліп, 1992 жылғы Абай журналының №3 санында тұңғыш рет жарияланды.

1885 ж. Қарамола деген жәрмеңкеде бірнеше дуан елдің ол күндегі әдеті бойынша бас қосқан Шербешнай сьезі болады. Осыған Абай да келеді. Семей облысына қарасты бес уездің сьезіне Абай би емес, Шыңғыс болысының «Құрметті қазағы» ретінде шақырылған. Бұған аталған съезді қабылдаған Ереженің соңына жазылған тізімдегі аты-жөні дәлел болады. Орайы келгенде айта кетуіміз керек, ғалым Бейсенбай Байғалиев «Абай өмірбаяны архив деректерінде» атты кітабында: «Құрметті қазақ» - ел ұғымындағы ауылдың сыйлы ақсақалы, кез келген беделді адамы емес, жергілікті әкімшілік тарапынан ұсынылып, Дала губернаторы бекітетін атақ-дәреже. Бұл дәреже өкімет алдында ерекше еңбегімен көзге түскен қазақтарға ғана берілген» - дейді. Бұл уақытта Тобықты ішінде Абайға жау болып шыққан кісілер, өздерін іштей ниеттес, тілектес болатын кісілерді басқа елдерден де тауып алған болады. Бұрын Абайдың өзге сырт елдегі достары  көп болса, сол достарының қарсысында жүрген жауларының барлығы да енді Тобықты ішінде жіктеліп алғанда шұрқырасып келіп, оп-оңай Абайдың Тобықты ішіндегі жауларымен табысып, солардың қарасын көбейтіп, табын молайтады.

Шербешнайға жиылған топтың ішінде осы  сияқты Абайға қастық ниет ойлайтын адамдар Қарамолаға келетін жандаралдан Абайды жазалайтын қаттылықты күтеді. Абай айдалар деп те үміт қылатындар болады. Сонымен Жандарал келіп тобықты ішіндегі кісілерін жағалай жүріп, әрқайсысымен танысып келе жатып, Абайға келгенде; «Партияшыл, ел бүлдіргіш  Құнанбаев сенбісің?» дейді. Абай «мен» депті. «Неге партия қыдасың?» дегенде; «Жалғыз мен партия қылмаймын, дүние түгел партия, жанды-жансыз мақұлықтың барлығы да алыс-тартыспен тіршілік етеді. Дүниедегі тіршілік күрес, партия тіршілігі, әуелі өзіңіз де партия қыласыз» дейді. «Сені ел неге көп жамандайды?» дегенде; «Ел көп, мен жалғызбын, көп әрқашан тентек, бұзық, бұзық көппен алысқан жалғыз жаманатты болмай тұрмайды. Қай қауымды алсаңыз да, жақсысынан жаманы көп емес пе? Бірақ, көп екен деп жаманның сөзін мақұлдау керек пе?» депті.

Осы сөздерден кейін «Абайды не қылар екен» деп анталасып,  асығып күтіп тұрған елдің барлығының көзінше жандарал Абайды өзіне тіккен үйге ертіп жүріп, ұзақ әңгімелесіп отырып қалады. Аздан соң, шәй ішіп шыққанда елге «сиезді жақсы өткізіңдер, ұрыда ақысы кеткендердің ақысын әперіңдер, сиезді жақсы өткізу үшін Абай сияқті кісіні төбе би сайлаңыздар» дейді. Сөйтіп, Семей губернасиясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше  съезде Абай төбе би болып сайланады.

Бұл оқиға Абайдың білімділігі, жүйіріктігі арқасында мұнымен алысқан кісілердің әрқашан тең түсе алмай, ұлық алдына келгенде жеңіліп шығатыныны дәлелдейді.

Сьезді Семейдің генерал-губернаторы, генерал Цеклинский басқарады. Бұл жәрмеңкеде өткен сьезде Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы арнайы заң ережесін қабылдауды ұйғарады. Цеклинский Абаймен жолыққанда, Абай жалпы қазақ даласын орыс заңдарымен ғана басқаруға болмайтынын, бұл елдің өзінің ерекшеліктері бар екенін, атадан балаға ғасырлар бойы мирас болып келе жатқан әдет-ғұрпы, заңдары барлығын, көп мәселелерді қазақ ішінде осы заңдар негізінде шешуге болатындығын айтады. Бұл кезде Абайдың басына қара бұлт үйіріліп, кейбір атқамінерлер Абайды осы жиында құртамыз деп келген еді. Керісінше, Абайдың патша ұлықтарымен жолыққаннан кейін оның зерек, терең білімді адам екеніне көздері жетіп, ешқандай қиянатқа бармайтынын түсінгеннен кейін әлгі адамдар Абайды төбе би етіп сайлайды. Абай Шар бойында үш күннің ішінде жанына бірнеше адамды ғана алып, 100-ден артық баптан тұратын заңды жасайды. Абай қазақтың бұрынғы заңдарын жетік білетіндігін, сонымен қоса орыс заңдарын да терең меңгергенін көрсетіп, осылардың барлығын үйлестіре отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі қазақ қоғамына қажетті заңдарды жазып шығады. Абай қазақ елінің әдет-салтын, жете зерттей отырып, адам құқын жан-жақты қорғауға белсене қатысады. Осылайша үш күн, үш түн ішінде Қарамола сьезіне арнайы заң ережесі жасалып, билер талқысынан өтеді. Абай жазған қазақтың жаңа заң ережесі (73 статья) қабалданады.  Абаймен бірге Қарамолада болған Мүсірәлінің куәлігі бойынша Абай тізген ереже бабы жүзден асады. Шамасы келгенше көпшілік үшін әділет іздеген Абай ұрлық, қылмыс пен әйел мәселесіне арнап екі жаңа ереже айтады.

Абайдың ел билеудің әділеттік, құқықтық жүйесіне сай  заң нормаларын заман талабына сай жаңартады.  Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа, зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Абай қазақ қоғамында әділеттілік пен тұрақтылықтың белгісіндей болған, ежелден келе жатқан билер институтының адамгершілікті һәм құқықтық мұрасын барынша игерді. Сонау ХІІІ ғасырда билер атасы атанған Мөнке бидің тәжірибесін, «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке хан тұсындағы ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтекелер дайындаған «Жеті жарғыдан» рухани сусындады. Мұның бәрі Абайды би ретінде ерте танылуына ықпал етті.

Бұған дейін Республикалық «Абай» журналының 1992 ж. №3 санында жарияланған Сапар Байжановтың нұсқасын жариялап отырмыз.

Семей облысының бес дуанының барша халқының сайланмыш адамдарының 1885- жылы май айында Шар бойында Қарамола сьезінде жазылған ЕРЕЖЕ»

1-БАП.  Болыстық сьезде даулар үлкендігіне қарай, сомасына қарай бітіледі. Төтенше сьездерде ұлықтардың әмірі бойынша бір ояз бір оязбен кезектесіп бітіледі, әр ояздың барша билерімен емес.

2-БАП. Дауласқан әр екі тарап қалаған билерін таңдап алады. Бірақ, би есебін ереже бойынша  ұлықтар шығарады. Сұраймыз, әр тараптан үш биден артық болмаса екен. Би шешімін шығармас бұрын үштік бимен жарасады. Егер даугерлер үштік би бітімен бітпеймін десе һәм бітім болмаса, сонда жоғарыда айтылмыш бойынша билер таңдап шығарады. Екі жағының билері таласып, жұп болса, төменде айтылмыш рет бойынша бітіреді. Әр ояздың халқы орталарынан бір төбе басы би шығарады. Бұған қызметтегі һәм қызметсіз де құрметті кісілер сайлануға мүмкін. Егер билердің бітімі талас болса, сайланғандар екі төбе би шығартып алады, тиісті ояз халқынан. Егер бұлардың арасында талас болса, қалған ояздардың төбе басына жеребе салынып, шыққан кісі бітімдеріне араласып, сол кісінің ауған жағының бітімі орнығып, мақұл болады. Осы рет бойынша ояздық төтенше сьездерде екі жағы тең талас болса, төбе басы би бір жағына ауып тоқтатады.

3-БАП. Жауапкердің шақыру бойынша келмегендіктерін старшын мен болыстар куәландырып, келмегендігінің мақұл яки емесін билер тексереді. Егерде келмеген  себебі тексеру бойынша сыйымды болса, сыртынан билік шығарылады. Бір бидің яки сьездегі билердің сыртынан қылған биліктері тағайынсыз болмақ. Билік көшірмесі старшындар яки болыс арқылы мақұлданады. Егерде жауапкер разы болса, билік тағайынды болып, бұзылмайды. Егерде разы болмаса, екі жұма арасында алғаш билік айтқан биге қайтадан арыз қылады. Сонда би жауапкердің құзырына қайтадан билік айтады. Егер жауапкер тексерілу бойынша ағарса яки болыстық сьезге тыңдатса, сьез билерінің билігін ұнатпаса, сонда айыпты жағын шығынын қайтаруға міндетті қылып һәм жаза бұйырылады. Жалған айтқаны үшін жоғарыда айтылмыш рет бойынша болыстық сьезд сырттан билік құрады. Разы болмаған төтенше сьезге билігін сынатады. Әр төтенше сьездің билігі дер уақытында бұзылмайды.

4-БАП. Егер даугер шақырылған уақытында келмесе, сұралмыш дауын бос қалдырады. Сонда жауапкер арыз етсе, билердің ықтияры бойынша жауапкердің шығынын даугерден бұйырып береді. Бірақ даугер ықтиярлы дауын қайтадан сұрамаққа сол дауы билердің тексеруі бойынша жалған шықса, даудың сомасына қарай һәм жауапкердің қадіріне қарай шығынын тартады.

5-БАП. Бір старшын елдің ішінде даугер, жауапкерлердің барша жанжал, сұрау дауларын сол старшын елінің биі бітірмекке міндетті. Бірақ би өзін мынандай жағдайда билік айтудан босатады: егер дауласқан жағынан бірі туысқан жақыны болса, қайсы бірі ата-анасы, бір тума аға-інісі, әкесінің бір тума аға-інісі, жиені, немере баласы және туған құдасы һәм дұшпан, өштес адамдары, қайсы бірінің дұшпандықтары бұрын биге түсісіп, мойнына жаза салынып, анықталған болса, сыйымды болады.

Қарамолада жазылған ереже

Ең алғаш қолданыла бастаған қазақ қауымы өкілдерінің өз зердесінен туған тұңғыш заң нұсқасы – Тәуке ханның жеті жарғысы саналып келеді. Десе де қазақ даласында тұңғыш жарық көрген праволық құжат 73 баптан тұратын «Ереже» деп аталатын заң нұсқасын Абай жазып, Семей облысының Қарамола дейтін жерінде бес дуан елінің билері сьезінде қабылданып, бекітілгенін білсек те, тереңдеп, дендеп зерттей алмай келеміз.  Семей губерниясына қарасты бес ояздың би - болыстары, ел билеуші ақсақалдары бас қосқан Қарамола жәрмеңкесінде 1885 ж. мамыр айында өткен төтенше съезіне биыл 130 жыл толып отыр.  Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтоына тұспа-тұс келсе де, Ұлы ақынның 170 жылдық мерейтойы қарсаңында  тақырыпқа сұранып тұрған бұл айтулы шара туралы ешқайсысы тіс жармады. Қазақ хандығы, қазақ тарихы жайлы не бір телеарналар, басылым беттері тұщымды хабар бере алмады. Қазақстан бойынша жоғары оқу орындары мен арнаулы оқу орындары Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында  әртүрлі іс-шаралар өткізіп жатқанымен қазақ тарихында ойып орнын алатын мерейлі Қарамолада жазылған ереже жайлы жақ ашпады.

Кәзір кез келген оқу ордаларында заң факультеттері мен арнайы заң туралы ғана білім беретін жетекші оқу орындары  да үндемеді.  Қазақ тарихында Шербешнай сьезі, Шар съезі, Қарамола съезі сияқты бірнеше атауға ие тарихи оқиға бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда өз бағасын алуы заңдылық қой. Диплом жұмысы кезінде, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде тақырып таба алмайтындар бұл жөнінде білмейтін де шығар. Әйтпесе Сәкен Өзбеков, Салық Зиманов сынды бір-ер ғалымнан кейін назардан тыс қалған Абайдың қайраткерлік қызметіндегі жұлынды саласы осы «Қарамола ережесі» болатын.

Бұл «Ереженің» 1886 жылы Қазан университетінің баспаханасында араб әрпімен басылып шығарылған мұқият түптелген шағын кітапша түріндегі бір данасын белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов ғұмырының соңғы кезінде Қазақстан Орталық мемлекеттік архивіне табыс еткен. Құжатпен бірге белгілі қаламгер Сапар Байжановқа төмендегідей хат жолдайды: «Сапар, 1885 жылы Қарамолада бес дуанның сьезінде қабылданған ережені беріп жібердім.

  1. Ескіше  білетін біреуге түгел жаңа алфавитпен көшіртіп аларсың да бастырып шығарарсың (көшірмесін мұқият қарау керек болар)
  2. Ереже әуелі орысша басылған, Қазан университетінің архивінен сол түпнұсқасын да алдырғаның дұрыс болар.
  3. Бұл өте мағыналы нәрсе ғой, екі тілде де басылып шыққаны үлкен еңбек болар еді. (Басқа көршілес бауырларымызда бұндай заң қабылданбаған ғой).

Абай арызын алдым. Рахмет.

Ғабит Мүсірепов. 21.11.85.

Р.С. Көшіргенде татарша текстің өзін қазақшалаған дұрыс болатын шығар.Ғ.М.

Өткен ғасырдың аяғында Қазан қаласында араб әрпімен басылып шыққан қазақ тіліндегі тұңғыш праволық құжат Қазақстан Орталық архивінің қызметкерлері Б.Байғалиев пен Ж.Ахмадиевтің күшімен қазіргі қазақ әрпі мен әдеби тіліне икемдей көшіріліп, 1992 жылғы Абай журналының №3 санында тұңғыш рет жарияланды.

1885 ж. Қарамола деген жәрмеңкеде бірнеше дуан елдің ол күндегі әдеті бойынша бас қосқан Шербешнай сьезі болады. Осыған Абай да келеді. Семей облысына қарасты бес уездің сьезіне Абай би емес, Шыңғыс болысының «Құрметті қазағы» ретінде шақырылған. Бұған аталған съезді қабылдаған Ереженің соңына жазылған тізімдегі аты-жөні дәлел болады. Орайы келгенде айта кетуіміз керек, ғалым Бейсенбай Байғалиев «Абай өмірбаяны архив деректерінде» атты кітабында: «Құрметті қазақ» - ел ұғымындағы ауылдың сыйлы ақсақалы, кез келген беделді адамы емес, жергілікті әкімшілік тарапынан ұсынылып, Дала губернаторы бекітетін атақ-дәреже. Бұл дәреже өкімет алдында ерекше еңбегімен көзге түскен қазақтарға ғана берілген» - дейді. Бұл уақытта Тобықты ішінде Абайға жау болып шыққан кісілер, өздерін іштей ниеттес, тілектес болатын кісілерді басқа елдерден де тауып алған болады. Бұрын Абайдың өзге сырт елдегі достары  көп болса, сол достарының қарсысында жүрген жауларының барлығы да енді Тобықты ішінде жіктеліп алғанда шұрқырасып келіп, оп-оңай Абайдың Тобықты ішіндегі жауларымен табысып, солардың қарасын көбейтіп, табын молайтады.

Шербешнайға жиылған топтың ішінде осы  сияқты Абайға қастық ниет ойлайтын адамдар Қарамолаға келетін жандаралдан Абайды жазалайтын қаттылықты күтеді. Абай айдалар деп те үміт қылатындар болады. Сонымен Жандарал келіп тобықты ішіндегі кісілерін жағалай жүріп, әрқайсысымен танысып келе жатып, Абайға келгенде; «Партияшыл, ел бүлдіргіш  Құнанбаев сенбісің?» дейді. Абай «мен» депті. «Неге партия қыдасың?» дегенде; «Жалғыз мен партия қылмаймын, дүние түгел партия, жанды-жансыз мақұлықтың барлығы да алыс-тартыспен тіршілік етеді. Дүниедегі тіршілік күрес, партия тіршілігі, әуелі өзіңіз де партия қыласыз» дейді. «Сені ел неге көп жамандайды?» дегенде; «Ел көп, мен жалғызбын, көп әрқашан тентек, бұзық, бұзық көппен алысқан жалғыз жаманатты болмай тұрмайды. Қай қауымды алсаңыз да, жақсысынан жаманы көп емес пе? Бірақ, көп екен деп жаманның сөзін мақұлдау керек пе?» депті.

Осы сөздерден кейін «Абайды не қылар екен» деп анталасып,  асығып күтіп тұрған елдің барлығының көзінше жандарал Абайды өзіне тіккен үйге ертіп жүріп, ұзақ әңгімелесіп отырып қалады. Аздан соң, шәй ішіп шыққанда елге «сиезді жақсы өткізіңдер, ұрыда ақысы кеткендердің ақысын әперіңдер, сиезді жақсы өткізу үшін Абай сияқті кісіні төбе би сайлаңыздар» дейді. Сөйтіп, Семей губернасиясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше  съезде Абай төбе би болып сайланады.

Бұл оқиға Абайдың білімділігі, жүйіріктігі арқасында мұнымен алысқан кісілердің әрқашан тең түсе алмай, ұлық алдына келгенде жеңіліп шығатыныны дәлелдейді.

Сьезді Семейдің генерал-губернаторы, генерал Цеклинский басқарады. Бұл жәрмеңкеде өткен сьезде Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы арнайы заң ережесін қабылдауды ұйғарады. Цеклинский Абаймен жолыққанда, Абай жалпы қазақ даласын орыс заңдарымен ғана басқаруға болмайтынын, бұл елдің өзінің ерекшеліктері бар екенін, атадан балаға ғасырлар бойы мирас болып келе жатқан әдет-ғұрпы, заңдары барлығын, көп мәселелерді қазақ ішінде осы заңдар негізінде шешуге болатындығын айтады. Бұл кезде Абайдың басына қара бұлт үйіріліп, кейбір атқамінерлер Абайды осы жиында құртамыз деп келген еді. Керісінше, Абайдың патша ұлықтарымен жолыққаннан кейін оның зерек, терең білімді адам екеніне көздері жетіп, ешқандай қиянатқа бармайтынын түсінгеннен кейін әлгі адамдар Абайды төбе би етіп сайлайды. Абай Шар бойында үш күннің ішінде жанына бірнеше адамды ғана алып, 100-ден артық баптан тұратын заңды жасайды. Абай қазақтың бұрынғы заңдарын жетік білетіндігін, сонымен қоса орыс заңдарын да терең меңгергенін көрсетіп, осылардың барлығын үйлестіре отырып, өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі қазақ қоғамына қажетті заңдарды жазып шығады. Абай қазақ елінің әдет-салтын, жете зерттей отырып, адам құқын жан-жақты қорғауға белсене қатысады. Осылайша үш күн, үш түн ішінде Қарамола сьезіне арнайы заң ережесі жасалып, билер талқысынан өтеді. Абай жазған қазақтың жаңа заң ережесі (73 статья) қабалданады.  Абаймен бірге Қарамолада болған Мүсірәлінің куәлігі бойынша Абай тізген ереже бабы жүзден асады. Шамасы келгенше көпшілік үшін әділет іздеген Абай ұрлық, қылмыс пен әйел мәселесіне арнап екі жаңа ереже айтады.

Абайдың ел билеудің әділеттік, құқықтық жүйесіне сай  заң нормаларын заман талабына сай жаңартады.  Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа, зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Абай қазақ қоғамында әділеттілік пен тұрақтылықтың белгісіндей болған, ежелден келе жатқан билер институтының адамгершілікті һәм құқықтық мұрасын барынша игерді. Сонау ХІІІ ғасырда билер атасы атанған Мөнке бидің тәжірибесін, «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке хан тұсындағы ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтекелер дайындаған «Жеті жарғыдан» рухани сусындады. Мұның бәрі Абайды би ретінде ерте танылуына ықпал етті.

Бұған дейін Республикалық «Абай» журналының 1992 ж. №3 санында жарияланған Сапар Байжановтың нұсқасын жариялап отырмыз.

Семей облысының бес дуанының барша халқының сайланмыш адамдарының 1885- жылы май айында Шар бойында Қарамола сьезінде жазылған ЕРЕЖЕ»

1-БАП.  Болыстық сьезде даулар үлкендігіне қарай, сомасына қарай бітіледі. Төтенше сьездерде ұлықтардың әмірі бойынша бір ояз бір оязбен кезектесіп бітіледі, әр ояздың барша билерімен емес.

2-БАП. Дауласқан әр екі тарап қалаған билерін таңдап алады. Бірақ, би есебін ереже бойынша  ұлықтар шығарады. Сұраймыз, әр тараптан үш биден артық болмаса екен. Би шешімін шығармас бұрын үштік бимен жарасады. Егер даугерлер үштік би бітімен бітпеймін десе һәм бітім болмаса, сонда жоғарыда айтылмыш бойынша билер таңдап шығарады. Екі жағының билері таласып, жұп болса, төменде айтылмыш рет бойынша бітіреді. Әр ояздың халқы орталарынан бір төбе басы би шығарады. Бұған қызметтегі һәм қызметсіз де құрметті кісілер сайлануға мүмкін. Егер билердің бітімі талас болса, сайланғандар екі төбе би шығартып алады, тиісті ояз халқынан. Егер бұлардың арасында талас болса, қалған ояздардың төбе басына жеребе салынып, шыққан кісі бітімдеріне араласып, сол кісінің ауған жағының бітімі орнығып, мақұл болады. Осы рет бойынша ояздық төтенше сьездерде екі жағы тең талас болса, төбе басы би бір жағына ауып тоқтатады.

3-БАП. Жауапкердің шақыру бойынша келмегендіктерін старшын мен болыстар куәландырып, келмегендігінің мақұл яки емесін билер тексереді. Егерде келмеген  себебі тексеру бойынша сыйымды болса, сыртынан билік шығарылады. Бір бидің яки сьездегі билердің сыртынан қылған биліктері тағайынсыз болмақ. Билік көшірмесі старшындар яки болыс арқылы мақұлданады. Егерде жауапкер разы болса, билік тағайынды болып, бұзылмайды. Егерде разы болмаса, екі жұма арасында алғаш билік айтқан биге қайтадан арыз қылады. Сонда би жауапкердің құзырына қайтадан билік айтады. Егер жауапкер тексерілу бойынша ағарса яки болыстық сьезге тыңдатса, сьез билерінің билігін ұнатпаса, сонда айыпты жағын шығынын қайтаруға міндетті қылып һәм жаза бұйырылады. Жалған айтқаны үшін жоғарыда айтылмыш рет бойынша болыстық сьезд сырттан билік құрады. Разы болмаған төтенше сьезге билігін сынатады. Әр төтенше сьездің билігі дер уақытында бұзылмайды.

4-БАП. Егер даугер шақырылған уақытында келмесе, сұралмыш дауын бос қалдырады. Сонда жауапкер арыз етсе, билердің ықтияры бойынша жауапкердің шығынын даугерден бұйырып береді. Бірақ даугер ықтиярлы дауын қайтадан сұрамаққа сол дауы билердің тексеруі бойынша жалған шықса, даудың сомасына қарай һәм жауапкердің қадіріне қарай шығынын тартады.

5-БАП. Бір старшын елдің ішінде даугер, жауапкерлердің барша жанжал, сұрау дауларын сол старшын елінің биі бітірмекке міндетті. Бірақ би өзін мынандай жағдайда билік айтудан босатады: егер дауласқан жағынан бірі туысқан жақыны болса, қайсы бірі ата-анасы, бір тума аға-інісі, әкесінің бір тума аға-інісі, жиені, немере баласы және туған құдасы һәм дұшпан, өштес адамдары, қайсы бірінің дұшпандықтары бұрын биге түсісіп, мойнына жаза салынып, анықталған болса, сыйымды болады.

6-БАП. Әр старшын, болыс, ояз араларында болатын барша дауларды даугер болысқа айтуға тиісті. Сонда болыс даугер, жауапкерді алдына шақырып, жауапкерге ереже бойынша ықтияр береді. Бір болыс елден разы болмаған екі биін шығармаққа онан қалған билерден даугер бірін тыңдап, билікке түсіп, сол би билік айтады. Болыстық сьезде билердің барлығы түгел болып билік айтады. Билік шығаруға мүмкін емес болған жағдайда төтенше сьездің би саны ұлық ықтиярында болады һәм билік шығарылмайды.

7- БАП. Береке бітім һәм салауат бітім қылуға мүмкін, салауат даудың уақытына қарай болады. Береке бітім һәм салауат сьездерде жасалғандай болса, келесі уақытта қайтадан сөз қозғау мүмкін емес.  Әмме даугер мен жауапкер бөтен ояздікі болса, екеуінің арасында уағда қылуға мүмкін елге барып бітпекке, бірақ бұл уағданы қызмет иелері куәландыруы керек.

8-БАП. Бидің биліктерін болыстар орнына келтіруге міндетті болған себептен, сьезд біткен соң биліктің көшірмелерін тиісті болысқа мағлұм қылады. Егерде даугер жауапкерлердің ықтияры бойынша, екі ел арасында кесім малдарын ойластыруға уағда қылса, сол уағда сьезд басымен бірге шешіледі.

9-БАП. Бір би һәм сьезд биі биліктерін айғақ куәлігіне қарай бітіреді. Егер билер айғақ куәлігін мақұл көрмесе, онда оларды шақырмай-ақ істерді күмәнға салады. Яғни би куәні шақырып, тиісті жауабын алса, онда дауды күмәнға салуға мүмкін емес. Куәларды шақырудан бұрын куәліктен анықтау керек. Куә болуға жарамайды: ақылынан адасқандар, 18 жасқа толмағандар, әр жастағы әйелдер, жақын-туғандар, құдалар һәм өшпес дұшпан кісілер. Куәлардың сыйымды, сыйымсызын билер шақыртпай, бұрын айыруы керек. Дұшпандық тұрғыдан бос айтылған сөз қабыл алынбайды. Жұртқа белгілі дұшпандық мақұл көрінуі мүмкін, онан артық айыруға болмайды. Дауласушылардың куәлары бір болыс болса, олардың куәлігі сыйымды, сыйымсызын би тексереді.

10-БАП. Егерде көрсеткен куәға кісіні толымды көрмесе, сонда куәға айғақ орнына көруге мүмкін, егер жауапкер адам айғақтың сөзін қабыл көрмесе, айғақ сөзінің растығына дау сомасына қарай ел ара түсіп, бір кісі жан берсе керек. Қазақша айғақ жазасы деген дау аяғы күмәнмен тоқталады. Күмән өтпесе жауапкер күйеді, күмән өтсе ағарды. Жауапкер адам айғақ өтірік айтқаны үшін үстінен арыз беруіне болады.

11-БАП. Қазақ рәсімінде сүйінші алуға болады; бірақ, сүйінші алған кісі куәлікке жарамайды, айғақ болуға мүмкін.

12-БАП. Күмәнші растығын тексермекке һәм күмәншінің өтпек жерінің алыс, жуықтығына қарай күмәннің құнын билер кеседі.

13-БАП. Күмәннің саны – ер құнына төрт кісі, әйел құнын екі кісі өзге даулардың һәммасына бір кісі. Күмәнге дау соммасына қарай ел түседі. Бір түйеге екі елу басыдан, бір қараның дауына бір елу басыдан күмән ұсталады. Қанша қара болса, сонша елу басынан ұсталады. Дау соммасы қанша көп болса да, бір болыс елден күмән аспас күмәншіні даугер таңдайды. Күмәнге салатын бір елубасы яки бір болыс елін жауапкер көрсетеді.

14-БАП. Күмән жауапкердің елінің болыстық молдасының алдында құранмен кесім айтылады.

15- БАП. Күмән етілген уақытта даугердің көз болуы міндетті емес, бірақ молда даугердің келмегендегісін кітапқа жазып қойса керек.

16-БАП. Күмәннің уақыты сол уағдалы күннің күн батуына дейін.

17- БАП. Күмәнға ұсталмайды: молда, ел билеушілер, билер, қажылар, 18- жасқа жетпегендер, алпыс үштен асқандар. Төре қазақ үшін және қазақ төре үшін күмәнға жарамайды.

18-БАП. Жауапкердің ықтиярында: күмәнға өз елін ұстата ма яки рулас елін ұстата ма?

19-БАП. Күмәншіні күмәннен шығаруға болады, егер дұшпандығы халыққа мағлұм болып, бимен бірге күтілген болса.

20-БАП. Әр күмән болыстың, молланың құзырында болады. Молданың қаталдығы, зұлымдығы болса жұрт тексереді.

21-БАП. Жалған күмән еткен кісіге айып салынады – түйе бастатқан бір тоғыз.

22-БАП. Күмән етпесе, қанша нәрсе, қанша мал бұйырады, күмәнға кім ұсталған – барлығын толық етіп, билігінде анық етіп жазуға би міндетті.

23- БАП. Күмәннің құнын ұзартуға сыйымды себебі болса, болсы яки өз елінің бір биінің куәландыруы бойынша мүмкін болады.

24-БАП. Күмәнші, жаншы, төреші болып даугердің ықтияры бойынша билік айтады. Мұның билігін жауапкер бұза алмайды. Бұл билік көшірменің сыртына жазылады.

25-БАП. Құн, жесір даулары жиырма жылдан арғылары салауыт. Өзге даулар он жылдан арғылары салауат. Билік айтқан күнге дейінгі төрт жылға созылған даулардың анықталған малдардың толық басы қайтады.Шығынымен одан арғы үш жылғы даулардың  анықталған молданың үш бөлігінің екі бөлігі тиеді. Қалған үш жылдағы даулардың анықталған малынан үш бөлігінің бір бөлігі тиеді. 75 жыл һәм одан арғы болған даулардың барлығы салауат. Осы сияқты болып құнның малы да алынады. Жиырма жылдық құн малы үшке бөлінеді – бір бөлігі билік айтқан күнге жуық жеті жылдағы дауға, екінші бөлігі одан арғы жеті жылдағы дауға, үшінші бөлігі қалған алты жылға.

26-БАП. Ойланып жүріп өлтірілген ердің құны жүз түйе болады. Мұның 25-і тайлақ, 25-і құнан атан, 25-і дөнен атан, 25-і бесті атан және ойланбай басқа себеппен өлтірілсе, оған 50 түйе құн. Мұның 25-і құнан, 25-і бесті атан.

Әйелдің құны - ер құнының жартысы. Қателікпен оқыстан өлтірілген кісіге құн жоқ. Және ері әйелін өлтірсе, оған құн жоқ.

27- БАП. Барымташыға һәм ұрыға өлсе құн жоқ.

28-БАП. Адам мүшесі мертіксе, үкімі шариғат бойынша айтылады. Шариғат айыруының қателігі болмасын деп сұраймыз. Бұл сөзді айырмаққа тапсырылса екен, Семейдегі Ахмед Уали Мұнасиф ұлына һәм Өскемен молдасы Мырзағали Ғаббас ұлына. Олардың айырып берген шариғаты осы ережеге тіркеліп жазылса екен.

 

29- БАП. Балиғатқа толмаған қызды зорласа, айыпқа лайықты қалың малының үш бөлігінің бір бөлігін береді. Балиғатқа толған қызды зорласа, ат шапаннан түйе бастатқан тоғызға дейін айып береді. Күйеудегі әйелді зорлағанға бір тоғыздан үш тоғызға дейін. Ойнас қылған еркек, әйелге екеуіне де дүре соғылсын, айып жоқ. Мұндай істер тексеріледі; егер әйелдің күйеуі яки әйелдің өзі, яки туысқаны, яки әке-шешесі арызданса, осы баптың басында жазылған екі дауды сьезд билері бітіреді.

30-БАП. Күйеуі бар әйелді біреу алып қашса яки өзі қашса, ойнасымен бірге ондай әйел өз елінің сьезд билеріне тура қайтарылады. Билер әйел мен күйеуін жарастырады. Егер күйеуі әйелдің өзін алса. Ал алып қашушы жігіттен бір тоғыздан үш тоғызғам дейін айып салынады. Егер күйеуі әйелін алмаймын десе, әйел ойнасында қалады, бірақ алып қашушы әйелдің күйеуі төлеген толық қалың малын қайтарып береді. Әйел мөрден құр қалады. Егерде біреу біреудің айттырған жесірін алып қашса, алып қашушы қыз әкесәне толық қалың малын береді: елу жыртыс сот ақысымен. Егерде әкесі жасау беруге ықтияр болмаса, қыз жасаусыз қалады, және қыз әкесә бұрынғы күйеуінен алған қалың малын қайтарып, үстіне бір тоғыздан үш тоғызға дейін айып береді.  

31-БАП. Егерде біреу әке-шешесін ренжітсе, әке-шешесінің ықтияры бойынша қазақ ғұрпына қарай жаза берілсін, егер молданы яки құрметті кісілерді ренжітсе, ат-шапанын, атан бастатқан тоғызға шейін айып береді. Тағы біреу біреуді қол жұмсап ренжітсе, бір тоғыздан үш тоғызға дейін айып береді; егер айып алушы кесілген айыпты алмаймын десе, бір айға абақтыға отырғызады.

32-БАП. Ұрыс, төбелес шығарғандар билердің билігі бойынша ат, шапаннан үш тоғызға дейін сұраушының пайдасына айып төлейді. Бірақ, ұрыс, төбелестің басшысы өзге жолдастарынан гөрі айыпты артығырақ төлейді. Бұзықтық шығарған адамдар болыстың приговоры мен яки ереже бойынша билердің билігіне ақшамен яки каталашкамен абақтымен жазаланады.

33-БАП. Қызмет уақытында старшиналардың тілін алмаса, билердің хүкімі бойынша бес тенге айып яки жеті күн абақтыға отырғызып жазаланады. Болыс старшиналардың ықтияры бойынша жалдаған шабарманның тілін алмаса жоғарыда айтылмыш жазаға кіріптар болады. Егер болыс старшындарының ықтиярынсыз жалдаған шабарманның тілін алмаса, тіл алмағанның жазасы болыстың өз хүкімінде болады. Егерде біреу болыстың тілін алмаған болса, ояздың ықтияры бойынша бір болыс елдің сьезіне яки ояздың төтенше сьезінің тексеруіне береді. Хүкім айтқан уақытта бір биге, яки сьезд билеріне дөрекілік еткенге харақат әлгі айтылмыш бойыншща сьезд биі арқылы жаза беріледі.

34-БАП. Суға кетіп бара жатқандарға, өрт уақытында, боран һәм суықта сол сияқты түрлі себептерде болысып, көмек етпегендер бас тоғызбен айыпталады.

35-БАП. Мал өнімін тоқтатпақ үшін жасалған хүкімдер бойынша жаһат қылмағандарға болыстың үкімі бойынша 3 теңге айып жаза болады. Көрші елінде мал өлімі болған уақытта жаһат етпегендерге жаза көбейеді, жеті күннен бір айға дейін абақты бұйырылады. Арық бұзғандарға, көпір құдық бұзғандарға, өзге біреудің өз еңбегімен жасаған ибарларын бұзғандарға шығыннан басқа айып бұйырылады. Ат, шапан яки ақша бойынша 15 теңге.

 

36- БАП. Қазақ арасындағы ұрлық үшін ұрлаған малын қайтарып, айып береді, мойнына қосақ, артына тіркеу, Қанды ат, билік атымен мойнына қосақ, артына тіркеу мал бағасымен бірдей болады. Жүйрік жорғаныкі орта атпен бірдей болады. Мал иесіне тиісті; һәм ұрының астындағы қанды аты әр ұрыдан алынып беріледі, билік ат ұры басы сайын алынып, билік айтқан билерге беріледі.

37-БАП. Мал төленгеннен басқа ұрыларға жаза бұйырылады. Бір айға дейін абақты, алпыс шыбыққа дейін дүре. Билер бұл жазаны хүкім айтқанда бұйырмаққа міндетті. Немере яки жиен болса, нағашысынан, атаағасынан мал алып қашса, оған жаза жоқ. Және алып қашқан малы қайтарылмайды. Екінші мәрте алып қашса, би арқылы нағашысы, ата, ағасының сұрауы бойынша жаза беріледі. Бұл үкім әйел жағынан жиенге немесе немереге тиісті.

38-БАП. Жылқы құйрығын кескендер бір ат шапаннан бір түйеге дейін айыпталады.

39- БАП. Ұрлыққа жаһат еткен адамдар ұрымен бірдей жаза тартады. Бірақ, дұре, абақты серік болған уақытты кісілерге бұйыруға көбінесе тиісті.

40- БАП. Жиырма жылқыдан артық барымта қылған кісілерден ұры басы бір қанды ат, бір билік аттан уә һәм үш т оғыз айып баршасынан алынады. Жиырма жылқыдан кем болса, жоғарыда айтылмыш 37- бапта мағлұмдүр. Жылқы басына бөлек.

41-БАП. Қазақ рәсімі бойынша күйеуден әйелді айыруға болады. Күйеуі белгісіз болса яки астының жазылмас ауруы болса. Мұндай науқастары болмаса, күйеуінің ықтияры бойынша шығады. Қалыңдық пен күйеуін айыруға мүмкін болады. Күйеу қыздан жиырма бес жасы үлкен болса, яки бір мүшесі кем болса яғни қыз күйеуден тоғыз жасы үлкен болса тағы да күйеу кеде         й болып қалыңға мал бере алмаса яки төзе алмастай ұры болса, тағы да сенімсіз жамандығы халыққа әшкере болып, өз басынан ықтияры кеткен болса. Қазақ рәсімінше ері әйелді һәм қалыңдық пен күйеуден айыруға басқа себеп жоқ.

42-БАП. Барша жесір турасындағы даулар некелілердің арасында күйеуінің елінде бітіседі. Некесі қиылмағандардың арасындағы қыздың елінде бітіседі. Осы жоғары екі себепте сьез билері бітім айтады. Қазақ рәсімі бойынша анық неке молда алдында қиылған дұрыс болады. Волостной управительдің қолындағы кітаптан кесіліп берілген квитансия әйелі күйеуіне тиісті екендігіне куәлікке жарамайды.

43-БАП. Егер күйеуі қалың малын төлеп бітірмей тұрып қалыңдығын алып қашса, қалған малын беріп һәм қайын атасына келіп кеңшілік сұрауға тиісті. Егер күйеуі қалың малын төлеп бітіргеннен кейін қалыңдығын алып қашса һәм әке-шешесі қызын себепсіз бермей, көп қстап тұрған болса, алып қашқан күйеу айыпсыз һәм жасау сұрауға рұқсат. Егер қыздың әке-шешесі той жабдығымен ұзатуын лайықты жақсы қылып жөнелтемін деп кешіктірген себебі болса, күйеу айыпты болады, қайын атасын ұятты қылған себепті. Әрдайым мұндай жесір даулар зиян көрген жағынан арыз бойынша түседі.

44- БАП. Ұзатқан қыз барған жерінде бала таппай өлсе, төркініне мінген ат, ер-тұрманы, артқан бір түйе сәукелесімен қайтарады.

45- БАП. Егер қалыңдығы өліп қалып, балдызы жездесіне бармаймын десе, алған қалың малын қыз әкесі күйеуіне қайтарып береді.

46- БАП. Күйеуі өлген жесір әйелі сүйсе, күйеуінің бір туысқан бауырына яки ағайынына тиеді, егерде сүймесе ықтияры өзінде.

47- БАП. Егерде күйеу құдалықты бұзса: қыз әкесі бұзса, күйеуден алған қалың малын қайтарып береді Һәм дауласқан қалың малдың ғұрпына қарай айып береді. Батасы қырық жеті байтал яки артық болса, бас тоғыздан үш тоғыз айып береді. Он жеті болса, бір ат шапан береді. Егерде күйеуінің әкесі яки өзі құдалықты бұзса, берген қалың малынан үш тоғызды қалдырып, қалған малын алады. Егерде қалың малы қырық жеті болса, отыз жеті болса – екі тоғыз, жиырма жеті болса – бір тоғыз, он жеті болса – бір ат, шапан.

48-БАП. Барша қарсы құда турасындағы дауларды билер бітірсе керек және келесі уақытта қарсы құда болынбасын. Яғни бұл ереже мағлұм етілгеннен кейін егерде құда болса, молда некесін қимасын.

49-БАП. Құдалық уағдасы бекітіледі – құда түсіп, құйрық бауыр жеген күннен кейін.

50-БАП. Егер күйеуі өлген әйел баласы жоқ болса да, бар болса да күйеуге тимей отырса күйеуінен қалған барша малға ие болып, билеп тұрады. Егерде күйеуі өлген әйел күйеуге тиемін, шығамын десе, барлық күйеуінен қалған малынан баласы болса сегізден бірін, баласы болса алтыдан бірін алады. Киген киім төсек орнынан басқа қалған еркек балалары, қалған барша малымен әкесінің балаларына беріледі. Олар өз арасынан біріне ие қылып баланы малымен сақтатады. Сол ие болған кісі қағазбен есеп беруге міндетті емес. Егерде малын орынсыз шашты деген дау сөз болса, сонда би арқылы барша туғандарының көрсетуі бойынша тексеріледі. Қыз бала қалса, әр уақытта анасына тиісті, анасы күйеуге беріп, қалың малын өзі алады. Қыз күйеуге тиекеш, үлкен атасының бауырларына яғни қалған малды сақтап тұрушыға төркіндеп барып әкесінің қалған малынан лайықты есе алады. Егерде әйел күйеуге тимей, өлген күйеуінің малына ие болып, бұзық тұрса яки малын шашса өлген күйеуінің туысқанының біреуі ие болып сыртынан қарап тұрады. Ол ие болған кісі әйелді ие қалған малды ауылфына яки үйіне кіргізіп алмайды. Лекин бұл әйелдің ауылында басқарып тұрады. Тұл әйел күйеуге тисе екінші қалың мал алынбайды. Егерде жесір қалған үш қатыны болса, сонда сегізден бірін бәріне бірдей бөліп береді. Егер үш әйелдің бірі күйеуге тиемін десе төсек орын, киген киімінен басқа жиырма төрттен бірін алады. Егерде екі жесір әйелдің бірі болса, он алтыдан бірін алады.

51-БАП. Сойыс қонағасы қазақ рәсімінде бар. Бермеген кісі бір ат, шапаннан бір түйеге дейін айыпты болады. Лекинде бұлардың ішінен шығарылады. Һәм тракті жол үстінде, жәрмеңке қасында, қайық аузында һәм сьез мекенінде, қала қасында тұрушылар.

52-БАП. Екі тамыр айырылысса, билердің тексеруі бойынша артығын алысар. Бір-бірінен айып жоқ.

53-БАП. Қызметтегі адамдардың үстінен жала қылғандарт билердің билігі бойынша жиырма сегіз күнге дейін абақтыға кіріптар болады.  Жауапкердің шығыны шықса, анығын қайтарып береді. Мұндай жалаларды тоқтатарға бір себеп көрсетеміз. Сондай жалған арыздар әсіресе сайлау уақытында көп болады. Оның хақында сұраймыз ұлықтарда мұндай арыз тұрғысында істейтін анықтаманы жасатқанша болыстың яки төтенше сьездің билеріне тексермекке берілсе екен.

54-БАП. Біреудің жерін жеген дауларды билер жері пәленшенікі деген елубасылардың куәлігіне қарай тексереді. Тексерген уақытта жерді билер өздері көреді яки сенімді кісінің куәлігі бойынша жеген жерінің сомасына қарай билік айтады. Шығынын қайтарып, үстіне һәм айып салады.

55- БАП. Қонған ауылда қонақтың аты жоғалса ауыл күймейді, сенбесе ат иесі ауылдан шариғат алады.

56-БАП. Тоғыз деген айыптың малға шыққан санфы мынау:

Бірінші – бас тоғыз түйе бастатқан.

1-түйе

2-құлын

2-бие

2-құнан

2-тай

Екінші – орта тоғыз, яғни ат бастатқан тоғыз.

1-жуан ат

2-тай

2-тайынша

4-бойдақ қой

Үшінші – аяқ тоғыз.

1-дөнен өгіз

2-тайынша

3-бойдақ қой

3-тоқты, тоқал тоғыз болмайды.

57-БАП. Мал басын бұлайша бағалаймыз.

Маңдай түйе – 3 ат және 30 қой.

Орта түйе – 3-бесті

Дөнен атан – 2-бесті, 1-тай

Құнан атан – 2- бесті

Тайлақ – құлынды бие 12-қойлық

Бота -1-бесті

Бәйге ат – орта бір түйеден бес бес түйеге дейін

Жорға ат – құлынды биеден төрт түйеге шейін

Жақсы ат – құлынды биеден бір түйеге шейін

Айғыр – құлынды биеден екі бестіге шейін

Бие құлындысы – 10 қой

Бие құлынсызы – 10 тоқты

Ат – 9 қой

Бесті – жетіден сегіз қойға шейін

Дөнен – 5 қойдан 6 қойға шейін

Құнан  - 4 қойдан 5 қойға шейін

Тай  - 3 қойдан 4 қойға шейін

Құлын – 2 қойға шейін

Атан өгіз – 12 қой

Бесті һәм дөнен өгіз – 4 қойдан 8 қойға шейін

Тайынша – 2 қой

58-БАП. Үй, кілет бұзып, қастық ниетімен істесе, ұрлаған нәрсесінен басқа бір тоғыздан үш тоғызға дейін айып береді. Қора, кілет бұзбаған ұрлыққа ат шапан айып береді. Ол аз, онан үлкен айып ұрлаған сомасына қарай.

59-БАП. Билердің билігі бойынша кесілген қалып қалыбынша алып беріледі. Егерде жауапкер ықтиярымен бұйырылған малды бермесе яки шақыруына келмесе, сонда мал алып беруші ауылдастарынан куә алдырып, сол куәлардан мал алушы бір қалыс кісіні таңдап алып осы жоғарыда айтылмыш баға бойынша алып беретін малды бағалайды. Егерде мал беруші кісі бермеймін деп қарсылық қылса, байлап қойып алып беруге де болады. Билік бойынша мал алып беруге ешбір қазақ рәсімінше үлгі жоқ.

60-БАП. Ұрлық үшін кесілген мал алынып беріледі,  ұрының өзінен һәм оған серік болған жолдасынан. Ұрының серік жолдасы болады ат беріп аттандарған, бірге ұрлыққа барып ептескен, ұрлаған жылқыны жасырған, істеген ұрлықты біле тұрып жасырғандар. Бұл кісіледің малы жоқ болса, мал төлеуіне міндетті. Ұрланған атты біле тұрып сатып алғандар, егерде сатып алушылар ұрымен бір болыста болса, одан сол мал алынып беріледі. Сол ұрлықты қылған уақытта тұрған ауыл иесінің соның да малы жоқ болса, мал алушы даугер бөтен ояздікі болса, сонда қызметте тұрушы адамдар һәм жұрты төлейді. Старшын елі күйеді. Мал алушы бөтен болыстікі болып, бір дуандас болса, елубасы халқы күйеді.Даугер бір болыстікі болып, өзге старшындікі болса да, мал алушы мен мал беруші бір старшындікі болса он басы халқы күйеді. Бұл қылған ынтымағымыз ұрлықты тыймақ үшін һәм мал иесінің иесінің малы түгел тиіп, ризалыққа жетпек үшін жасадық. Яғни шығын орнына кесілміш айыптарды алмақ хақында тағы да ынтымағымызды жасадық. Үш жылға шақ уақыт қойып, яғни ұрлық тиылғанша қызметтегі қызметтегі адамдарды мал төлеуден шығармаған себеміміз, сол халықтың ішіндегі жамағат адамы болған хұқында халықтың мал төлейтін райы болады. Жоғарғы айтылмыш адамдардың малы жоқ болған уақытта, егер билер малы жоқтығына көздері жетіп айырған болса, жұртқа түсетін мұның хақындағы малды билер тексеріп біледі. Мұнан басқа ынтымақ қыламыз елдегі барша ұрыларды һәм сенімсіз адамдарды түгендеп, сенімді адамдарға кепілге бермекке кейбіреулерге кепілге алмаймын деуі мүмкін емес, кепілге беруге тиісті. Басшы кісілерге, ауыл ақсақалдарына һәм оның ішінен қызмет иелеріне шығармаймыз. Сол кепіл кісілер ауыл иелерімен жұртқа тартқызбай тұрып, әуелі өздері күйсе керек. Ұры үшін кепілдікке тұрған адамдарға билік берілмесін. Мал алушыға ұрының қыстауындағы артық жері төлеуге алып беріледі. Уа, һәм билерге міндетті билік айтқан уақытта ұрыға жапат қылған бай адамдарға дүре мен абақты бұйырмаққа: үш мәртебе ұрлығы мойнына қойылып, тыйылмағандарды жұрт үкім жасап, өз арасынан мүлде айдатса керек. Егер үкім бермеймін деген адам болса, сол ұры үшін міндетті. Ұрыға түскен барлыұ малды тартса керек.

61-БАП. Сотта жесір турасынан һәм басқа даулар бойынша жоғарғы айтылмыш рәуішше мал алып беруге болмайды.Әркім өзі үшін – өзі күйеді. Малы жоқ деген сөз алынбасын. Бірақ, құн турасындағы дауларда мал тартадыөлтірісіп серік болғандар.

62-БАП. Қазынаға һәм даугер адамға кесілген айып, өзге кісіден күйдіріп алынбайды. Кескен адамның малы жоқ болса, айып орнына абақты бұйырылады.

63-БАП. Жалғыз бидің болыстық һәм төтенше сьездерінің көрсетілміш копиә кесілетін кітаптің үлгісін бек ұнатамыз.

64-БАП. Күмәннің етуі болыстық молданың тексеруінде. Молданың зұлымдығы халықтың тексеруіне тиісті. Күмәншәнәі уақытты күнінде күмән еткендігі жазарға бізге көрсетілген кітаптің үлгісін ұнатамыз. Сол кітапті молда алып жүрмей үйінде сақтаса екен. Қалай даугер көшірмені алғаннан соң молдаға барып, кітабына тіркетсе керек. Егер даугер осылайша етпесе, ілгері уақытта күмін өтпеді деп арыз айтуға тиісті емес. Күмәншә уақытты молда үйінде бар болса да, жоқ болса да, келгенін мәлім етіп, кітапқа жаздырса керек. Яғни молда күмәннің айтылмыш уақытты күнінде ләкин қадірінше үйінде отырса керек. Молда күмәннің еткендігін яки етпегендігін көшірменің сыртына жазумен куәландырып тұрсын. Осы баптағы айтылғандарды толық істемеу үшін билер билігінде күміншінің атын, жөнін һәм уақытты күнін анықтап жазуға міндетті.

65-БАП. Мүмкін болса метрический кінәгалар болыстық молданың қолында жүрсе екен. Бірақ, кінаганың жазылуы көрсетілміш үлгімен мұсылманша жазылса екен. Егерде ұлықтар бұрынғыдай метрический кінәганы тілмашқа жаздыруға тиісті көрсе, сонда болыстық молданы біз міндетті қыламыз, қиылған некені кесілміш кінәгадан квитанцияның сыртына жазып куәландырмаққа ләкин жалғыз тілмаштың кінагаға тіркегені неке болмайды. Әйел мен еркек арасында молдамен қиылса неке тахиық болады.

66-БАП. Егерде бір үлгілі кінәгарлар берілсе, сонда жалған көшірме беруге орны келмес, осыдан бұрын берілміш көшірмелер бидің мөрі яки қолы қойылса сыйымды болады, Екі бидің мөрі басылған көшірмелерде болыс яки сьез бастығының жазылмыш куәлігі болмаса, сьез – биінің көшірмесі деп сенуге мүмкін емес.

67- БАП. Егер даугер биге тура арыз айтса, би жауапкерді шақыртып, керек қылса сонда ауылнай старшина айтылмыш жауапкерді жеткізіп берсін. Егер билігінде һәм көшірмесінде кесілген малдарды анықтапжазуға міндетті. Күмән етпесе де.

68-БАП. Ұрлық хақында кесілміш билік аттан басқа өзге даулардан қиылған билік үшін оннан бірін алады. Билер кесілген өздеріне тиіс билік хақысын өз қолдарымен алса, зорлық хүкімінде болады. Билік қылған жерінде хақысы алып берілсін. Әр сьезде билер бір қалыс кісіні билік қақысын жиып алып би басына бірдей бөліп береді.

69-БАП. Сьезде шақырылған барша барша қызмет иелерінің ұстаған шығындары жұрт үстінен салынады. Сол шығындарды ел арасында старшын сиюшы болады. Кімде-кім тиісті түскен шығынын бермесе, билердің тексеруіне беріледі.

70-БАП. Қазақтың өз арасында болынмыш дауларға орыстан яки ноғайдан уәкілдің алып кіріспесін.  Дәбернай боларға мүмкін өзімен ояздас қазақ адамға.

71-БАП. Билердің билік бітімін орнына келтірмек уағда күні көшірмені болсықа яки старшинаға мағлұм еткен күннен есептеледі. Жалғыз бидің билігін орнына келтірмекке старшын міндетті. Сьез билерінікін болыс міндетті. Бір бидің билерін орнына келтірмек уағдасы үш күннен жеті күнге шейін. Сьез билерінікі жеті күннен жиырма күнге шейін. Төтенше сьездің билігін жиырма күнге шейін.

72-БАП. Егерде жетім қыз әке-шешесінің тірі кезінде уақытында құда болып атастырған болса, біреуге әке-шешесі өлгеннен кейін құдалығын бұзған болса, алған күйеуі қалың малын айыбымен қайтарады. Егерде қыз бұрынғы атастырған күйеуіне тисе, сонда ешкім тиісті әкесінен қалған жасауын һәм мирасын алмаққа тоқтау қылмасын.

73-БАП. Осы ережедегі айтылмыш барша сөздер кәзіргі сьезге міндетті. Бөлек постонавлениедегі жазылмыш сөздерден басқасы, ешбір тоқтатпайынша бітірмекке міндетті.

Бұл ереже мағлұм етілген соң, барша билерге, сьездерге, болыстарға, старшындарға жаңадан ереже жасалғанға шейін, осы ережелер жасалмай тұрып жасалған көшірмелер 67-ші бапта айтылған рәуіш бойынша сыйымды болады. Лекин оның үшін осы 73 бапты ережені біздер жасадық. Қазақ рәсімінше таза көңіліміз һәм әділетімізбен уа һәм растығына сендіреміз. Павлодар облысының биі Жүсіп Бәтішұлы, би Иса Бердәліұлы, би Молдабай Сәрсенұлы, би Мұқатай Келдібекұлы, би Санияз Бабайұлы, би Смағұл Шоқпарұлы қолдарын қойды.

Би Серғазы Тайсарыұлы, би Жалалиддин Рамазанқлы мөрлерін басты.

Қарқаралы оязының биі Хакім Құдаймендеұлы, би  Абай Майқыұлы, би Бөкеш Сыбанұлы, би Елеубай Қашқынбайұлы, би Билебай Тұманбайұлы, Абралы болысының кандидаты Шәкірұлы мөрлерін басты. 

Би Оспан Атақозыұлы, би Баймұхамед Алдабергенұлы қолдарын қойды.

Би Иса Шонтыұлы таңбасын басты.  

Семиполат оязының құрметті қазақтары Ибрагим Құнанбайұлы, Құдайберген Тастанбекұлы, Ибрагим Нүркенұлы,билер Бектоғай Ботбайұлы, Иса Сұтжанұлы, Айтқазы Бейсембайұлы, би Жұмахан Жарқынбайұлы қолдарын қойды.

Би Сүйіндік Шақабайқлы, би Әлжан Назарқлы мөрлерін басты. Өскемен оязының болысы хорунжа Сіләм Әлжанұлы, құрметті қазақ Құрманғали Жақыпұлы,  би Жанкөдей Қотайоғлы,би Ережеп Ноқайұлы қолдарын қойды. Болыс Иса Көнбасұлы, болыс Қабанбай Қошқарұлы, би Үсен Қалабайұлы мөрларін басты. Құрметті қазақ Қалматай Есенқожаұлы таңбасын басты. Би Қаумен Аманұлы қолын қойды. Зайсан дуанының баласы Бөкеш Шаянбайұлы болыс Билеуші Босқынбайұлы, би Жұмақан Қисықұлы, би Қоқаш Есенкелдіұлы қолдарын қойды. Болыс Ақшал Қожабергенұлы, болыс Тәркімбай Жақсыбайұлы, би Жайсаңбай Елемісұлы, би Батбақбай Тәлеуліұлы, би Қайранбай Құлындұлы мөрлерін басты. Сьез бастығы Өскемен оязы Маевский қолын қойды. Семей оязының лауазымын ада қылушы Казанцев Зайсан приставының помещигі Нарбут, Қарқаралы оязының старщий помощнигінің лауазымын ада қылушы Атбақин қолдарын қойды, һәм военный губернатор Шиклинский қолын қойды.

Алмахан Мұхаметқалиқызы,

Астана қаласы,

Зияткерлік Технологиялар академиясы, «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығы