1845 жыл, 10 тамыз – Абай (Ибраһим) әкесі Құнанбайдың 41 жасында Ұлжан деген бәйбішесінен Шыңғыс болысы Сырт Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.
1852-55 ж.ж. – ауыл медресесінде татар Ғабитхан молдадан сабақ алған.
1855 жыл – он жасында жазған бір ауыз өлеңі бүгінгі күнге жетіп отыр.
1855-58 ж.ж. – Семей қаласында татар имамы Ахмет Ризаның медресесінде оқыған. Осы жылдары «Шығыс ақындарынша», «Фзули, Шәмси, Сәйхали...»,«Әлифби» өлеңдерін жазған.
1859 ж. – алғашқы махаббаты Тоғжан Сүйіндікқызына арналған «Сап, сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңін жазған. ӨлеңТәңірі Абайға ақындық қуат пен ұстамды мінездіәу бастан дарытқанының куәсі.
1860 жылдың күзі – Ділдә Түсіпқызымен (қаракесек Алшынбай бидің немересі) Ақшоқы қыстауында отау құрған.Ділдә арасына 1,5-2 жыл салып алты баланы дүниеге әкелген. Олар:Ақылбай (1861), қызы Күлбадан (1863), Әкімбай (1865), Әбдірахман (1868), Мағауия (1870)және екінші қызы Райхан (1872).
1865 ж. – «Тайға міндік» деген толғауын жазған. Бұл туралы М.Әуезовтің айтқаны: «Жиырма-жиырма бес арасындағы ой түсе бастаған сыншыл, өр талапты ақынның жастық толғауы».
1865 ж. – Күшік Тобықты болысына болыстыққа Құдайберді Құнанбаев, оған кандидат болып 20 жастағы Абай сайланған. Келер жылдың сәуір айында Құдайберді 37 жасында қайтыс болып, болыстық қызметАбайға жүктелген.
1866-68 ж.ж. – Күшік Тобықты болысының болысы (орысша – волостной управитель)болып сайланып, бұл қызметті абыроймен атқарған.
1870 ж. – Абайдың оқымысты інісі Халиолла (1849-1870) дүние салған. Абайдың Халиоллаға жазған хаты сақталған.
1872-74 ж.ж. – Күшік Тобықты болысына екінші рет болыс сайланған. Бос уақытында аңшылық өнерін (арқар, киік ату, қасқыр соғу, бүркіт баптап түлкіге салу) қызықтаған.
1873 ж. – сүйікті әжесі Зере (1785-1873) дүниеден озып, жөнелту жабдығын Абай өзі атқарған.
1874-75 ж.ж. – әкесі Құнанбай Өскенбайұлы қажылық сапарымен Меккеге барып, онда тақия (қонақүй) салуға басшылық жасаған.
1875 ж. –Абай отыз жаста, Тобықты елінде атақ-даңқ иесі. Осы жылы екінші әйелі Әйгерімге (азан аты – Шүкіман) үйленген. Әйгерімнен Тұрағұл (1875), Мекайыл (1884), Ізкәйіл (1895) және қызы Кенже (1901) туған.
1874-75 ж.ж. – Әйгерімге қос арнауын («Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» мен «Жарқ етпес қара көңілім») және «Әкімбай өлгенде» өлеңін жазған. Әкімбай –Абайдың Ділдәдән туған баласы 1874 жылы 9 жасында өлген. Оны Ысқақтың бала көтермеген адуынды әйелі Мәніке бауырына салған және жұртқа «Абайдың немере інісі» дегізген.
1876-78 ж.ж. – Қоңыр-Көкше еліне бұйрық бойынша (назначениемен) болыс болып тағайындалған.Бөтен елде Абай жаңа достарды (Байкөкше, Уандық, Тезекбай, Көжекбай және т.б.) тапқан. Қызмет бабында «айлаға, ашуға да шырақ жаққан». Ұры-қарыға қатты шүйлігуі Семейдің кеңселеріне арыз, шағымқарша борауына әкеп соққан.
1877 ж. – қос өлеңі («Бүркіт сыны», «Қансонарда»)мен құрбы-құрдастарын қағытқан («Абыралыға», «Жақсылыққа») жырларын жазған.
1878-83 ж.ж. – Семейдің уездік соты жалған арыздар (Үзікбай Бөрібаев және т.б. жазған) негізінде 12 іс бойынша тергеу жүргізеді. Тергеу бес жылға созылған. Абайға Семей қаласында айлап жатуға тура келген.
1878 ж.– Семей облыстық Статистика комитеті құрылып, оның жанынан қоғамдық кітапхана ашылған. Абай қаладағыЕвгений Петрович Михаэлис (1841-1913) бастатқан жер аударылған орыс зиялыларымен жақын танысқан. Алдағы бес жылда «ғылым сарасынан» сусындап,алаңсыз шұғылдануға жол табылған.
1880 ж. – тергеу қыспағында жүріп, «Жаңа закон» деген ұзақ өлеңін жазған.
1881 жыл, қыркүйек – екінші баласы Әбішті орыс школына оқуға берген.«Баласын шоқындырмақ» деген қаңқудыңжауабына Абай «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазған.
1882 ж.– Статистикалық Комитеттің тапсырысы бойынша «Қозы-Көрпеш–Баян сұлу» жырын толықтырып, өңдеуді қолға алған.
1878-84 ж.ж. – Абайдың еліктеушілік кезеңі. Үш поэмасын («Әзім әңгімесі», «Масғұт», «Вадим») жазған. Лермонтов және өзге де ақындар өлеңдерін алғаш рет аударған.
1884 жыл, маусым айы–Ақшоқыға заңгер досы Гросс қонаққа келген.
1884 жыл, шілде айы – Мұқыр болысы сайлауында Абай «болыс қоямын» деген інісі Оспан өтпей қалып, бөкенші Күнту болыс сайланған. М.Әуезов сөзінше:«Досым деп жүрген кісінің барлығы түгелімен бір-ақ сағаттың ішінде жау екенін білдіріп, ...қатты алдап кеткен». Жиренше бастатқан атқамінер топтың (жиыны – 16 адам), әсіресе, досы Ерболдың опасыздығыАбайға көп қайғы ойлатқан. Осы қырсықты сайлау оқиғасы ақындық өнерге шындап кірісуге түрткі болады.
1884-85 ж.ж.–намысқа күйінген, атқамінер ортаға кектенген ақын көкейінен «Қартайдық, қайғы ойладық...» деп басталатын екі өлеңі, «Көңілім қайтты достан да, ...», «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап»сияқтыжырлары төгілген.
1885 жыл, мамыр айы–Шар өзені бойында Қарамола деген жерде алғаш рет төтенше сияз (съезд) өтеді. Оған Семей губерниясына қарасты бес ояздың би-болыстары, құрметті қазақтары түгел шақырылған. Генерал-губернатор Цеклинскийдің өзі басқарған осы сиязда Абай төбе би болып сайланған, ең бастысы, қазақтың жаңа заң Ережесін (74 бап) жазып шыққан. Осы сияздан алған әсерінен атақты «Қалың елім, қазағым...» өлеңі туылған.
–1885 жыл, шілде айы – Абай ауылына Семейден досы доктор Н. Долгополов ем алуға келген. Бақанас өзенінде Долгополов және Көкбаймен бірге табиғат көрінісін тамашалаған күні Абай «Жаз» өлеңін жазған.
–1885 жыл, тамыз айы – Долгополов Семейдің өлкетану музейіне Абай жинап бергенкөп жәдігерлерді тапсырған. Тап осы күндері әкесі Құнанбай қажы дүние салған. Сол себептенАбай қалағажолаушылай алмаған.
– 1885 жыл, жаз айы – Семейге әйгілі саяхатшы, американдық журналист Джорж Кеннан (1845-1924) келеді. Ол өзінің «Сибирь» атты кітабында (С.-Петербург, 1906) ғылымды іздеген Абай туралы маңызды дерек қалдырды.
1885-86 ж.ж.–халыққа «өсиетші, сыншы, ұстаз болуға бекінген» (Әуезов) Абай қоғамның қанды жаралары әшкереленген «Қалың елім, қазағым, ...», «Байлар жүр жиған малын...», «Адасқанның алды жөн, ...», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» сынды әйгілі жырларын жазған.
1886 жыл – ел ағасы Абай Шыңғыс тауы ішінде отырған Әуез бастатқан қожалар ауылын Бөріліге көшірген. Бөріліде тұрып жатқан Әйгерім отауын әрірек Аралтөбе деген жерге көшіріп, жаңадан там, қора салдыртқан.
- 1886 жыл, 4 мамыр–қоғамдық (музей құруға және бастауыш білім беру ісіне белсене араласқан) һәм ғылымдық (фольклор жинау, қазақтың ғұрпылық заңдарына түсінік беру және т.б.) жұмыстарды атқарғаны үшін Семей облыстықСтатистикалық Комитетініңтолық мүшелігіне сайланған.
- 1886 жыл, мамыр айы – Абай ауылына Көкшетаудан Біржан сал келген. Әншіден алған әсерінен «Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа» өлеңі туған.
1887 ж. – анасы Ұлжан 77 жасында дүние салған.
1887-88 ж.ж. – өз тұстастарынан көңілі қалған ұстаз ақын енді жас буынғамойын бұрып, оларға сегіз өсиет өлеңін арнаған («Бір дәурен кемді күнге – бозбалалақ», «Жігіттер, ойын арзан, ..», «Интернатта оқып жүр», «Өлең – сөздің патшасы, ...», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы – ол» және т.б.).Абай тоғызқұмалақ пен дойбыны құмарта ойнаған. Жүйрік ат ұстау, қаршыға, лашын салу, әнші, күйшіні сақтап өнерді қызықтау сияқты сауықтарды өзі де көрген, бала, інілеріне де толық көрсеткен.
1888-89 ж.ж. – осы екі жылда ағартушылық, сыншылық бағытта ондаған өлеңдеріне («Күз», «Қыс», «Күлембайға», «Әсетке», «Желсіз түнде жарық ай», «Ішім өлген, сыртым сау», «Білімдіден шыққан сөз», «Сәулең болса кеудеңде» және т.б.)қалам тербеген.
- 1889 ж.–ғашықтық туралы әлденеше жыры («Ғашықтық, құмарлық пен ол – екі жол», «Қор болды жаным», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Жастықтың оты қайдасың», «Жарқ етпес қара көңілім...») осы жылдікі. Сондай-ақ, Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан жеті аударма жасаған.Көптеген әндерін шығарған.Қазақ поэзиясының асылы «Сегіз аяқ» өлеңін жазған.
1888-90 ж.ж.– Ақшоқыда және жазғы жайлауда ақын айналасына талапты жастар топталып, Абай мектебі қалыптасқан. Мағауия, Шәкәрім, Көкбай, Мұқа, Әсет, Ырысайдың Ысқағы, топай Бейсембай, БаймағамбетАйтқожаұлы және т.б. жігіттер осы мектептің алғашқы шәкірттері болған. Ымырт түскенде Ақшоқыда үйінің қасындағы төбеде, жалғыз өзі ойға шомып ұзақ отыруды – Абай ертеден әдет қылған. Қазақ жазба әдебиетінің негізіне қаланған поэзиясының басым көпшілігі осы Ақшоқыда дүниеге келген.
1890 ж. –генерал-губернатор Таубе Абайды қосауыз аңшы мылтығымен марапаттаған. Халық қамқоры, бүкіл Тобықтының төбе биі Абайдың ел іші дау-дамайын шешуге үзбей араласқан ерен еңбегі осылай бағаланған.
1890-91 ж.ж.– Абай өзінің даму жолында жолайырыққа: ағартушылық пен ойшылдық аражігіне жеткен. Оған «Бай сейілді», «Ем таба алмай», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші едім наданды», «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді!», «Қайғы шығар ілімнен», «Ойға түстім, толғандым» сындыөлеңдер циклі дәлел.
1890 жылдың 1891 жылға қараған қысы –Ақшоқыда «Қара сөздер» атты прозалық мұрасына «енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» деп өзі айтқандай, ынта-жігерімен кірісіп, әуелгі бөлігі – оннан астам ғақлия сөзін қағаз бетіне түсірген.
1891 жыл, желтоқсан айы – арқатірек інісі Оспан дүниеден озған. Қара тұтып, «Жайнаған туың жығылмай» деген жоқтауын жазған.
1892-93 ж.ж. – Оразбай бастатқан жаулары жаулықты күшейткен. Ағасы Тәңірберді де солар жаққа шыққан. Жалғызсыраған,қатты торыққан ақын «Бойы бұлғаң, сөзі жылмаң», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Келдік талай жерге енді», «Күлімсіреп аспан тұр», «Сұрғылт тұман дым бүркіп», «Тәңірбердіге», «Ақылбайға» («Ата-анаға көз қуаныш» және «Әйгерімге» («Домбыраға қол соқпа») сынды мұңды жырларын жазған. Лермонтовтанқапалы көңіл-күйіне сәйкес алты өлең аударған.
1893 жылдың 1894 жылға қараған қысы – Абай қазақтың әмеңгерлік заңы бойынша Оспанның жесірі Еркежанға үйленіп, Жидебай қыстауына орныққан. Поэзиясы куә, осы кездерден Абай хакімдік биікке сатылаған –әлем ойының алыбына айналған.
1893-96 ж.ж. – халықтың сұрауымен Абай соңғы рет болыстыққа сайланған.
1894-95 ж.ж.–Абайдың ақындық мектебі қайтадан жанданған. Өнерлі, талапты жастар жанына үйірілген тұста «Қара сөздер» мұрасының ортаңғы тобын (15-тен 25-ке дейінгі), «Антпенен тарқайды», «Қарашада өмір тұр», «Жас өспірім замандас», «Әсемпаз болма әрнеге», «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» сияқты өлеңдерін жазған. Бұдан бөлек, Крыловтың мысалдарын, Лермонтовтан екі өлең аударған.
1895-96 ж.ж. – елу жастағыАбайдыңесімі исі қазаққа танымал. Бір көруге құмартқан жандар көбейген. Өзі жобалап Жидебайда қала үлгісімен жарық, ауасы кең үлкен үй салдыртқан. Қазірбұл үйде Абай музейі орналасқан.
1895 ж. – Абай теология биігінде. Рухани білім-ғылым тереңіне, «әрбір істің себебін іздеуге» бет бұрады. Оған«Лай суға май бітпес қой өткенге» және «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» сияқты пәлсапалық өлеңдері дәлел.
- 1895 жыл, қараша айы – әскери қызметте жүрген талантты, оқымысты баласы Әбіш (Әбдірахман) 27 жасында, Алматы қаласында қайтыс болған. Әбіш қазасына жоқтау мен жұбату ретінде он жыр жазған.
1896 ж. – Абай тапсырысымен Мағауия, Ақылбай, Кәкітай, Көкбайлар ұлы ақын мұрасын жинастыру ісін қолға алған.Осыдан былайғы уақытта Мүрсейіт, Дайырбай, Махмұт, Самарбай, Хасен сияқты молдалар Абай жинағын дәптерден дәптерге көп көшіріп, таратып отырған.
1896-97 ж.ж. –алғашқы қарасөздер кітабы «Ғақлия» (41 сөзі енген) тәмамдалған. Әлемдік ой-сана деңгейіндегі«Алла деген сөз жеңіл» сындыондаған пәлсапалық өлеңін жазған, сегіз аударма жасаған. Хакім Абай көп уақытын Семей қаласында, Әнияр Молдабаевтың үйінде ізденіспен өткізген. 1896 жылдың күзінде қаладан Мағауияға жазған хаты сақталған.
1897 жылдың күзі – Семейде Абай мен миссионер Сергейдің сұхбаты өткен.
- 1897 жылдың 1898 жылға қараған қысы – «Сократ хакімнің сөзі» (қазіргі 27-ші қарасөз) атты еңбегін жазған.
1898 жыл, тамыз айы – Мұқыр болысы сайлау қарсаңында, Көшбике деген жайлауда Абайға қамшы сілтенген. «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?», «Болды да партия», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Қуаты оттай бұрқырап» өлеңдері осы сорақы оқиға жаңғырығы.
1898-99 ж.ж. – ойшыл-ақын енді Тәңірінің хикметін сезіну мен Оны танып-түйсінудің жаңа деңгейіне шыққан. Оған «Жүректе қайрат болмаса», «Күн артынан күн туар», «Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?», «Жүрегім менің – қырық жамау», «Адам – бір боқ көтерген боқтың қабы», «Сүйсіне алмадым, сүймедім» сияқты өлеңдер циклідәлел.Ертеректе қолға алған тарихи еңбегін(«Біраз сөз қазақтың түбі қайдан...») аяқтаған.
1899-1901 ж.ж. – «Ғақлиқат-тасдиқат» (қысқаша – «Тасдиқ») атты трактатын жазған. Теологиялық трактат – «Абай – адамзаттың ой алыбы» екенініңбұлтартпас дәлелі. Онда жантану, иманигүл, кемел адам сынды даналық ілімдер негізделген,Абайбүкіладамзаттық рухани Эверестіні бағындырған. Қазіргі күнге шекті «38-ші қарасөз» деп басылып жүрген Абайдың ең көлемді, аса күрделі еңбегін төл атымен бөлек жариялау, оны талдап-екшеп, ғылыми түсінік беру – осы заманғы абайтанудаең өзекті мәселенің бірі.
1901 ж. – соңғы қарасөзін (45-ші сөз) жазған. Ертеде жазылған «Ескендір» поэмасын азды-көпті өңдеген. Бұдан бөлек, бес өлеңі осы жылдікі.
1902 ж. – әйгілі «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңін жазған. Олжелісін жаңағы «Тасдиқ» атты күрделі трактаттан тартады. Онда шын иман деген мәңгілік мәселе «үш сүю» ілімі арқылы ашықталған.
1903 ж. – соңғы «Жалын мен оттан жаралған» өлеңін жазған.
1903 жыл, сәуір айы – Семей облысы генерал-губернаторының бұйрығы бойынша көкшетаулық молда Шаймардан Қосшығұлов Абайға жолдаған хатты іздеп,Абайауылында тінту жүргізілген.Осы оқиғаға байланысты айтқан «Еріксіз түскен ылдидан» және кейіннен табылған «Тоқ, татуды сыйламай» деген өлең шумақтары еркіндікті аңсаған өр мінезді ақынның үні.
1904 жыл, мамыр айы – әділ билік иесі, елініңде, әкенің де сүйікті баласы болған ақын Мағауия 34 жасында өкпе ауырынан дүние салған.
1904 жыл, 23 маусым – қазақ халқының ұлы перзенті, әлем ойының алыбы –Абай Құнанбайұлы Бақанас жайлауында мәңгіге көз жұмған. Қыстауы Жидебайда жерленген.
Дайындаған: Асан Омаров–
философия ғылымдарының кандидаты.