Алматы облысының әкімдігі, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Шоқ жұлдыз ізімен» атты тарихи-танымдық экспедициясы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің Семей қаласындағы Бас музейі және «Алаш арыстары –М.Әуезов» музейлеріне арнайы келіп, ұлылар рухына тағзым етті.
Қазақтың ұлы ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Уәлихановтың Қашқар сапары Семей қаласынан бастау алған болатын. Экспедиция мақсаты: Шоқан Шыңғысұлы жүріп өткен тарихи орындарға тоқталып, ұлы тұлғаның қысқа да жарқын өміріне қатысты жерлерді көру және зерттеу.
Экспедиция құрамында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ф.ғ.д., профессор М.Иманғазинов, Өңірлік коммуникациялар қызметі басшысының орынбасары Р.Қанапиянов, «Жетісу» географиялық қауымдастығының мүшесі Ж.Нуриев, «Қазақстан» телеарнасының Алматы облысындағы меншікті тілшісі Қ.Серікқанов, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Ш.Жумагулова, «Жетісу» телеарнасының журналисі Е.Дүйсен және тағы басқа қонақтар музейлердің экспозицияларын, тамашалап ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу соңында қонақтар музей ұжымының Абай, Шәкәрім, М.Әуезовтің асыл мұраларын көпшілікке насихаттаудағы жемісті еңбектеріне табыс тілеп, зор алғысын білдіріп, Абай музейіне арнайы сый тарту етті. Абай қорық-музейі директорының ғылыми-жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева қонақтарға Абай туралы естеліктерді сыйлады.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі»
қорық-музейінің баспасөз қызметі