Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің құнды жәдігерлер қоры Шәкәрім тақырыбына арналған тағы бір картинамен толықты. Семей қаласының тұрғыны Тлеужанов Амангелді Нығманбекұлы өзіне тапсырылған аманатын ақын музейіне әкеліп табыстады. Бұл «Шәкәрімді жоқтау» атты бейнелеу өнерінің туындысы.
Картина авторы суретші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ж.К.Нұрлыбаев. Картинаның ерекшелігі – суретші туындысы кестеленіп тігілген. Туындыны кестелеп, зерлеп тіккен Р.Т.Шайхина. Рыстай Тілеужанқызы Шұбартау өңірінің тумасы. Қазіргі күнде Алматы қаласында тұрады.
Р.Шайхина музейге сыйға тартқан «Шәкәрімді жоқтау» картинасын қызығушылық танытқан көрермендер Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы жайында сыр шертетін «Әрқашан ұмытылмасқа» көрмесінен тамашалай алады.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі»
қорық-музейінің баспасөз қызметі