АЯГӨЗ МЕКТЕБІНДЕ ӨТКЕН СЕМИНАР

Ұлы Абай, Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына. Осы мақсатта 2018 жылдың 30 қазан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Аягөз қаласында «Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын мектеп бағдарламасында оқыту» тақырыбы бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырды.

Семинарға қатысушыларға Ш.Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай дайындалған «ӘРҚАШАН ҰМТЫЛМАСҚА» жылжымалы көрмесі таныстырылды.

Шара барысында Абай мемлекеттік қорық-музейінің директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.С.Қайрамбаева «Ұлылар мұрасын насихаттау», Семей қаласының Т.Аманов  атындағы №16 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, «Абайтану» оқулығының авторы Г.А.Құнафина «Абайды оқы, таңырқа»,  Абай мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми-зерттеу және қор бөлімінің меңгерушісі «Абай ұрпақтары» тақырыптары бойынша баяндамалар жасап, ұстаздармен ой бөлісті.

Семинар соңында Аягөз қаласының Білім бөлімінің әдіскері Б.М.Жақсыбаева қатысушыларға өз алғысын білдіріп жас жеткіншектердің бойында шығармашылық кабілеттерін дамыту мақсатында бірлесе жұмыс жүргізу қажет екенін айтып, ұсыныс  білдірді.  Шараға қатысқан  Аягөз аудандарынан және қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  қатысқан ұстаздарға сертификат тапсырылды.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі