«АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА...» АЙМАҚТЫҚ VІІІ БІЛІМ САЙЫСЫ

2018 жылдың 25 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі және Семей қаласының Білім бөлімі бірлесіп аймақтық VІІІ«Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Сайысқа қала, қала маңындағы мектеп оқушылары қатысты.

Білім сайысы Абай қорық-музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаеваның құттықтау сөзімен ашылды.

Сайыстың мақсаты - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын, оның әдеби ортасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру және насихаттау.

Сайыс үш айналымнан тұрды:

Бірінші айналым: «Абай - дана, Абай - дара» тақырыбында ой толғау жазу (сырттай) өткізілді. Екінші айналым: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тест түрінде өткізілді. Үшінші айналым: «Талап қыл артық білуге» билет сұрақтарына жауап беру.

Жалпы сайысқа 54 жұмыс қабылданып, оның ішінде 45 жұмыс келесі айналымға жолдама алды.

Бірінші орынды №15 орта мектеп оқушысы А.Барболсынова, екінші орынды №15 орта мектеп оқушысы А.Турсунканова және №32 орта мектеп оқушысы А.Бақырбаева, үшінші орынды №32 орта мектеп оқушысы Б.Советов, №47 орта мектеп оқушылары А.Алтаева және Т.Шуақ иеленді. Білім сайысында ерекше білімімен көрінген №37 гимназия оқушысы Д.Зияшев арнайы сыйлықпен марапатталды.

Аймақтық VІІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысының қазылар алқасының құрамында Абай қорық-музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева, «Абай» қорының президенті О.Кәріпжанов және Білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина болды.

Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік

 қорық-музейінің баспасөз қызметі