АБАЙ МЕН МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ ҰСТАЗЫ

Қазақ топырағында өмір сүрг­ен оқымысты, діндар, тақуа жан­дардың бірі – Камараддин Бижомартұлы. Алаштанушы ға­лым Мақсат Тәжімұраттың жа­зуына қарағанда, Кама­рад­дин хазіреттің шынайы есімі – Ай­жарық екен. Туған жері – Бөкей ордасы. «Камараддин», яғни «Діннің айы» деген ат бұл кісіге Бұқар медресесінде оқып жүргенде, білімге деген құш­тарлығы мен тақуалығы үшін берілгені жайында айта­ды («Астана» журналы, №2 (51), 2010).

Айжарық Бижомартұлы – 1807 жылы туған. 1889 жылы 81 жа­сында Баянауылда дүниеден өт­кен. Жас кезінде 18 жыл Бұ­қара қаласында діни ілім үй­рен­ген. Құран һәм хадис ілімі бой­­ынша жоға­ры дәрежеге жет­кен. Ис­лам ғұламаларының ға­жай­ып еңбектерін оқып, бойы­на сі­ңір­ген. 

Бұқарадан оралған соң, яғ­ни 1849 жылы Орынборда ор­на­ласқан мұсылман діни меке­месінде шариғат ісімен айна­лыс­қан. 1852 жылы Ақмола өңі­рі­нде аты танымал аға сұл­тан Тұрлыбек Көшеновтің ма­ңы­­на келіп, бала оқытуға ни­ет ет­кенімен, көп ұзамай Се­мей мед­ресесіне ауысқан кө­рі­неді. Дәл осы кезде 1855-1858 жыл­да­­ры Семейде білім алып жүр­­ген жас бала Абай Құнан­бай­ұлын оқытқан.

Филология ғылым­да­ры­ның докторы, алаштанушы Тұрсын Жұрт­бай 2008 жылы «Айқын» газетіне берген сұхбатында: «Құ­нан­бай қажы баласы Абай­ды Семей қаласында ор­наласқан мед­ресеге оқуға берген. Үш ай­дан кейін: «Мына бір жас мол­даның оқуы күшті екен», – деп Кама­латдин (Камараддин) мол­даға ауыстырған» дейді.

Одан кейін Камараддин ха­зірет – 1863 жылдан бастап Ом­­быдағы Сібір кадет корпус­ын­да ислам пәні бойынша тө­рт жыл дәріс берген. Бұл оқу ор­нын­­да шығыстанушылар дай­ын­­дайтын арнайы бөлім бол­­ған­дықтан және Азия елдерін зерттеуге құлшынған ғалым-саяхатшылар үшін исламды білу ерекше маңызды болғаны сөзсіз.

Жалпы, Камараддин хазірет мұсылман әлемінің ойшылы жәдидшіл-рефор­ма­тор тұлға Шаһабуд­дин Маржанидің шә­кірті. Шаһа­буд­дин Баһа­уид­­динұлы 1818 жылы Қазан ша­һа­рының іргесіндегі Маржан қа­ла­сында дүниеге келген. Жа­сында түркі, араб, парсы, орыс тілдерін еркін мең­ге­ріп, сол тілдерде ғылыми ең­­бек жаз­ған. Ресейдің оқу орын­да­рын­­да дәріс берген. Ға­лым­ның түркі тарихын баян ет­кен: «Бұлғар мемлекеті мен Қа­зан хандығының тарихы», «Мус­тафад Әл-Ахбар фи ахуали Қазан уә Булғар» атты кі­таптары орыс, араб, татар ті­лін­де жарияланды. Онда қа­зақ та­рихы да қамтылған. Мұ­сыл­ман елдеріне ұзақ уақыт сапар ше­гіп, әлемге әйгілі «Өткен ба­ба­лар өмірінен» («Уафиат әл-асләф») деген әйгілі жеті том­дық еңбекті араб тілінде жа­рыққа шығарған. Осы жеті том­дық Абайдың жата-жастана оқи­тын кітабы болғаны жайлы де­рек­ті ғалым Тұрсын Жұртбай келтіреді.

Осы орайда заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің: «Егер Шаһабуддин Маржанидің жә­дидтік бағдарламасы мен есеп­ті ақылға құрылған пікірін ұс­тан­ба­са Абай еуропалық ғылым мұ­хитының жағасына жете алмас еді» деген ой тұжырымын айтпаса болмайтын сияқты.

Демек XIX ғасырда түр­кі ұлтының арасынан шық­қан, дүние ғылымына түбір­лі өз­ге­ріс енгізіп, түркі жұрты­ның көзқарасын жаңаша қалып­тас­­тырып, ойлау жүйесінің дәре­жесін биіктетіп, ислам діні мен жа­ратылыс ғылымының сабақ­тас­тығын жаңа сатыға көтерген Шаһабуддин Мар­жани осындай адам.

Ал, осы адамның шәкірті Ка­мараддин хазірет болса, одан кей­ін бұл кісіден Абай бі­лім алса, қазақ руханиятының са­бақ­тастығы осылай түзілген деу­ге негіз бар.

Камараддин хазірет 1867 жы­лы Кереку өңірінің шонжа­ры Мұса Шормановтың ықпал етуі­мен Баянауылға келіп, Бі­лән ауылы мешітінде бала оқы­туды қолға алған. Бұл кез­де хазірет 59 жаста екен. От­басы мүшелері – әйелі Бибі Ма­риям, баласы Әбдірахман, қы­зы Құршид.

Алғашқы жылы 3 баланы оқытқан. Олар: Құлболды ишан­­ның баласы Фазыл, екін­ші­сі хазіреттің өз баласы Әб­ді­рах­ман, үшіншісі – Мәш­һүр Жү­сіп Көпейұлы.

Мәшекең өз қолымен жазған өмірбаян хатында: «...Алты жасымда кітап оқып, сегіз жасымда Баянауылда Камараддин аху­н­ның алдында сырып ой бас­тап, тоғыз жасымда ғылым хат­қа, мұхтасар әл-уиқаяға ша­рх қылып, он жасымда шай­ыр­­лық арқылы танылдым. 29 жасым­да Бұқари шарифке барып, мырза Ұлықбекке мүдәріс болдым» дейді («Қазақ шежіресі», 7-нұсқа).

Сондай-ақ Мәшекеңнің «Дуа­ның пайдасы» дейтін бір бет­тен аспайтын ша­ғын жазба­сы бар. Сонда Әкім­бек деген жомарт адам Баянауылдағы Ка­мар (Ка­ма­ра­дин) хазіретке 10 ат берді. «Бесеуін өз қолыммен ал­дым», – деп жазады.

Тағы бір дерек Мәшһүр ата­ның 1910 жылы жазған «Ерей­мен­тау сапары» атты өлеңінде:

Сұрасаң руымды Сүйіндікпін,
Болаттан ағып түскен құрыштай-ақ,
Баласы Құлболдының нағыз текпін,
Ұстазым Камар молда сабақ алған.
Жиырма тоғызымда ілім іздеп,
Мен едім мехнат шегіп Бұқар барған, – дейтін жолдары бар.

Сөзімізді түйіндеп айтар бол­сақ, өмірінің соңғы жылдарын Баянауыл өңірінде өткізген Кама­раддин хазірет Мәшһүр Жү­сіпті оқытып қана қоймай, осы өлкеге рухани танымның нә­рін сепкен. Дәлел ретінде айт­сақ: Қаныш Сәтбаев, Шафиқ Шо­кин бастатқан баянауылдық ака­демиктердің түбірі осында жат­ыр.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»