31 қаңтар күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде кемеңгер ақын, ғұлама ойшыл, сазгер, озық аудармашы, қоғам қайраткері Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Мұтылғанның тағдыры» атты аймақтық білім сайысы өтті.
Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – Абайдың ақын шәкірті, жазушы, тарихшы, аудармашы, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірін, оның мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.
Сайысқа Семей қаласы және қала маңы мектептерінің оқушылары қатысты.
Сайыс үш бөлімнен тұрды:
І.Үй тапсырмасы.
ІІ. Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу.
ІІI. Сұрақтарға жауап беру.
Қазылар алқасының құрамында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гиназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бекқасымов, қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина, Т.Аманов атындағы №16 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Құнафина, Абай қорық-музейінің жетекші ғылыми қызметкері Қ.Сабырбай болды.
Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды №22 мектеп-лицейінің оқушысы Ә.Қуанышева, ІІ-орынды №11 мектептің оқушысы А.Маликова және Приречное мектебінің оқушысы А.Рахимбекова, ІІІ-орынды Пригород мектебінің оқушысы Т.Еженхан, №47 мектептің оқушысы Н.Айтышева және Знаменка мектебінің оқушысы А.Тұрдығұлова иеленді.
Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Н.Боранбаев,
Абай қорық-музейінің ғылыми қызметкері