ӨСКЕМЕНДЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАБЫРҒАСЫНА АБАЙДЫҢ СУРЕТІ САЛЫНДЫ

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Әсем Сексенованың хабарлауынша, стрит арт әдісі бойынша салынған Абайдың бейнесін алматылық суретші салған. Бұған дейін облыс орталығындағы тағы бір үйге елімізге белгілі хоккейші Талғат Жайлауовтың суреті салынған болатын. 


«Абайдың кітап ұстаған суреті бейнеленді. Астына ақынның өзінің «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген қанатты сөзі жазылды. Суреттің авторы - Алматыдағы өнер академиясының магистранты Айбек Нұрбеков. Жуық арада стрит арт бағытында қаланы көріктендіруге атсалысып жүрген команда жаңа жобаға кіріседі», - дейді Әсем Сексенова.

Айта кетерлігі, аталған жобаларға қалалық бюджеттен ешқандай ақша бөлінбеген. Игі жұмыс демеушілер арқылы жүргізіліп жатыр.  

Дереккөз: ҚазАқпарат