Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлына ескерткіш ашылды. Дала данышпаны батыр әрі елжанды Құнанбай баба Абай музейінің шырақшылары үшін ұлы ақынның әкесі болуымен де қымбат. Бұл ескерткіш ғұлама Мұхтар Әуезовтің әлемдік ғажайып шығармасы «Абай жолынан» алынған лайықты құрыш тұлға ретінде сомдалған.
Ескерткіш Авторы: Нұрбол Қалиев
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік
қорық-музейінің баспасөз қызметі