ЕЛОРДА ХАЛҚЫ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

23 тамыз Елорда жұртшылығы қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Шара әйгілі философтың туған күніне орай ұйымдастырылды. Келушілер Абайдың ең танымал өлеңдерін тыңдап, шығармашылығына арналған кітап көрмесін тамашалады. «Абай әлемі және рухани жаңғыру» деген атаумен өткен жиында еліміздің белгілі ақын-жыршылары өнер көрсетті. Қалалық тілдерді дамыту басқармасы өкілдерінің пікірінше, мұндай кездесулер еліміздің ұлы тұлғалары қалдырған мұраны жастар арасында насихаттауға сеп болады.

Ержан Еңсебаев, қалалық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы:

-Елбасының «Рухани жаңғыру тікелей Абайдан бастау алады» деген сөзі бар. Осы Абайдың туған күнінен бастап, қыркүйекте тіл фестивалін өткіземіз. 1 ай бойы жекелеген орындар, қоғамдық орындарда тілге бағыттау шараларын өткізбекшіміз.