АБАЙТАНУШЫЛАР

Алтыншы томына оның әр жылдарда жазған мақалалары мен қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеулері, сондай-ақ пікір хаттары енгізілді.

Ғалым, әдебиет сыншысы, драматург Қайым Мұхамедхановтың көп томдық шығармалар жинағының жетінші томына даралық шығармалары еніп отыр.

Сегізінші томына шетел драматургтерінен аударған драмалық шығармалары еніп отыр. Жинақта драматургтың пьесалары мен өлеңі және әр жылдарда орыс тілінде жарық көрген мақалалары берілген.

Оныншы томына 1951 жылы Қазақстан Ғылым академиясы Жоғары зерттеу комиссиясына "Абайдың әдебиет мектебі" тақырыбында қорғалған диссертацияның стенограммасы, Қ. Мұхамедхановтың диссертациясына берілген ғалымдардың пікірі және 1951 жылы маусымда Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын оқып-үйрену жөніндегі пікірталас материялдары берілген.

Тоғызыншы томына әдбиет тарихы, өнер, театр жайлы жазған зерттеулер мен мақалалары және Абай өлеңдеріне жазған ғылыми түсініктемелері еніп отыр.

Ғалымның бұл еңбегі Абайдың ақындық тұлғасын, адамгершілік мұраттарын бүгінгі заман түсініктері деңгейінде жан-жақты, толық сипаттап, оның шығармашылық мұрасының танымдық, эстетикалық, көркемдік, тағылымдық мәнін жүйелі түрде ашып көрсетуді мақсат етеді.

ӘДЕБИ СЫН МАҚАЛАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР (ҚҰРАСТЫРҒАН: НЫҒЫМЕН ҒАБДУЛЛИН)