Абай ескерткіші (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы).
Қазақ ақыны Абай ескерткіші мен Ташкенттегі Қазақстан Елшілігінің жаңа ғимаратын президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Каримов ашты. Абай ескерткішінің авторлары белгілі қазақ мүсіншісі Нұрлан Далбай және сәулетші Расул Сатыбалдиев. Авторлар ақын бейнесі арқылы бүкіл қазақ халқының дархан көңілі мен ұлы ойшылдың дана тұлғасын сомдаған. Ескерткіштің биіктігі – 9,2 метр.
Ашылған күні: 15 маусым 2013 ж.