Республика сарайы алдында Абай атындағы алаңға қойылған ескерткіш (Алматы қ.)
Ескерткішті Мүсінші Xәкімжан Наурызбаев қоладан құйған. Сәулетші И. И. Белоцерковский қызыл граниттен қалаған тұғыр жобасы ақын тұлғасын мазмұн жағынан байыта түседі.
Ескерткіштің тұтас биіктігі 13,7 м.
Ескерткіштің ашылуы: 1960 ж.