Тізімбек АНАШҰЛЫ: ӘУЕЗОВТІҢ ҚҰНАНБАЙЫ

 

Әуезов Құнанбайдың өз басының қасиетін өте жоғары бағалаған, аруағына сыйынған. Шарапатына бөленсем деген. Тұрсын Жұртбайдың Ләйлә Мұхтарқызы туралы «Бегім» атты естелік мақаласында жазылады, қызы Ләйлаға Құнанбайдың шапанының бір түймесін беріп тұрып Мұхтар Әуезов: «Елуінші жылдардағы қиын кездерде мен осы түймені қалтама салып алатынмын. Мінбеге шығып, сөйлер кезде осы түймені алақаныма салып.., іштей Құнанбайдың аруағына бір сыйынып... сөйлей жөнелемін. Әйтеуір бәрі де сәтті аяқталатын. Енді сен ал. Атаңның аруғы сені қолдап жүрсін» - депті.  
Кісінің тұлғасы кісі деп кімдерді көтергенінен көрінеді. Мұхаң Абылай, Кенесарылар туралы роман жазуды жоспарлаған. Онсыз да алдында жүріп адамшылықтың үлгісін, биігін көрсеткен ағалары көп еді. Бірақ, жолын абайға бұрды. Әрине, түрлі тарихи себептер болды. Дегенмен, ол абайға шын сенді. Бағасын анық білді де, тәуекелдің жел қайығына мінді. Абайға деген сенім- ұлы әділетке деген, бір барлыққа деген сеніммен бірдей тұрған. Сондықтан, абырой, атақ үшін жанталаспады. Мұхтарды «Ғиззат-құрмет өзі іздеп тапты» (абай). Ал, абайдың орны бөлек, оған атақ-абырой керек емес, жер бетіндегі кез келген сыйлық өлшем емес екен. Ғиззат-құрмет абайға әлі жете алмай жүр. 


Абай атам болғанда, Әуезов- ағам, бейіште жатып көңіліме күн сүйдірген қастерлі тұғырым. Төрт томдық эпопеяның кезінде қалыптасқан Мұхаңның биік бейнесі, осыдан былайғы уақытта биіктемесе, аласарған жоқ. Тіпті оның эпос батырларына ғана тән зор Рухани тұлғасы кейде тынысымды буса, кейде мейілінше шуақты қалыппен көкірегіме құйылып, жанымды ұлылыққа деген шексіз құрметпен жылтады, көзіме разылықтың жасы үйіріледі. Санам тазарып, әдепкі өкпе-реніштерден арылып, байсал сабырымды, сенім-жігерімді тауам. Бүгінгі тірлігімді барлық өткен ірі тұлғалармен байланыстыра бастаймын. Романды алғаш оқыған жарым жылға дейін ықпалынан шыға алмай жүрдім,  бүкіл дәуірдің тұтас, жан-жақтылы суретін бір жолда, жылдам бастан кешкеннен шығар, сөйлемдерім де Мұхаңдікі сияқты ұзын шығушы еді. Бірақ,  кезіндегі өл әсерден көрі, оның кейінгі әсері күштірек бөлді-Мұхаң көңіл түкпірінде зиялылықтың айнымас көрінісі ретінде қалыптасты да,  жаңа айтқанымдай, сөл биігінен түспеді. Өл ең бір құнарлы топырақта, ел жайына қанық ақсақалды ауылда өскен. Жасында,  ерте күннің өзінде тым ақылды бөліпті дейді. Кейбір естіуліктерде бір күнін де қаза жібермей, қатаң тәртіппен жұмыс жасағаны жазылады. Үлкен, қасиетті парыздар арқалағаны мұнда түр. Сөл Әуезов – Ақылды, оқымысты Әуезов Құдекеңнен – Баз бір шетел жазушылары жазатын алтынға пысқырмай, кісілік пен киелі намысты ғана ардақтайтын үндіс көсемі сияқты Құнанбайдан именген. Үндіс дегеннен шығады, соңғы елу-жүз жылда америкадағы белгілі жазушылар, кино-Сценаристтер ұйқыларынан үндіс болып оянып жүр... Мәселен, «Аватар»(«阿凡达») фильмінде адамзаттың мұздай қарулы сайлауыт қосынына қарсы соғыстан қаймыққан кейіпкер(ол да адам) жергілікті планеталықтардың (үндістердің) құдайы іспеттес «Евадан»(біз «Ұмай» деп ойлай тұрайық) ұрыста жеңістік әперуін өтінгенде, тұрғылықты қауымнан шыққан жат планеталық қалыңдық: «Ева (Ұмай) сенің тілегіңді орындаушы емес, жаратылыстың тепе-теңдігін сақтаушы» деген мағынада бір сөз айтады. Айтқандай, Ертесі Ева – Ұмай өз қауымына көмекке келмейді, бірақ, адамдар жаратылыстық ортаны небір қуатты қарулармен талқандап, қасиетті дарақты бүлдіргенде, аватардың ұшқан құс, жүгірген аңын көмекке шығарады. Аватардың Ева – Ұмайы қауымының жалданбалы жендеті емес, тепе-теңдікті, әділетті сақтаушы, ізгі рухтардың егесі. Бірақ, үндістердің басына түскен нәубет аватарды жайлап үлгірген жоқ. Сонда да, киноны көру барысында, кез келген американдықтың ойына үндістер түсетін шығар деген ой келеді. Оянған деген, оятқан деген- осы. Біз де көп нәрсені ойладық. Мұны ауызға алғанда, Мұхаңның прозада жаңағы Ева- ұмайлық жарасым-теңдікті өте кемел күйінде ұстай алғанын, оның әр кесек шығармасында бір-бір «Аватар» – Жаңа планета – Жаңа кеңіс жасағанын, абайды әспеттеу арқылы,  мәңгіліктен келе жатқан Рухани ауанды бейбітшілікте сақтауға айнымас қызмет көрсеткенін Жеткізбекшіміз. Мұхаң болмағанда, дәстүрлі Рухани қуаттың абай айқындаған төтенше көрінісі елеусіз қалпында тарихтың шаңына көміліп жатып қалуы ғажап емес болатын. Абайды қорғау- онсыз да, көпе-көрнеу әділетті қорғау ғой. 
Десе де, қазіргі мына біздерде мәңгілік туралы ұғым беделінен айрылып барады. Барлық ұлылық- өткенді бүгінге жалғастырғанымен қастерлі, өткенді келешектің асылына айландыра алғанымен қымбат. Әуелгі сөзімізде («Антұрған аты құрсын абай деген») тамырсыздық деп пайымдадық. Мәңгілікті мансұқтау дегеніміз көз алдын ғана ойлау. Атақ-абыройға жанталаса ұмтылу. Өзін зорайртудың жолында, көзсіз түрде біреуді немесе бірдеңені Қирату. Кейінгі жазарман-жазғыштардың ішінде қазақ тілінің заңдылықтарына мүлдем жат тіркестер мен сөздегі әуелгі мағынаны ай мен күннің аманында беталды бұрмалағыштық көп кезігеді екен. Тағы қарапайым ойды ары-бері айналдырып, тонын әлеміштеп кигізіп, жаңалық есебінде көрсетудің машығын меңгеріп алушылық та мол ұшырайды. Мұқағали туралы «Мұқағалиды сағыну» деген мақаламызда да шетін шығардық. Реті келіп қалған соң айтқан ғой, әйтпесе, бізсіз де Ертең соларды халық ұмытып кетеді. Әлде аналар оқырманды ақымақ деп ойлай ма?

 
Тақырыпқа оралайық, абай барда, Құнанбай бар. Құнанбай барда, оның арғы аталары, айналасы, атамзаманғы дәстүрлі кеңістік бар. Әуезовтің Құнанбай туралы танымын романынан табу тым қиынға соғады. Ол үшін Мұхаң жазықты емес. Біз романдағы емес, өмірдегі Құнанбайдың, өмірдегі шын абайдың қолынан ұстағанда, олардан бұрынғы мыңжылдықтардың елесі орнынан дүркірей тұрар еді. Қазақтың әдебиеті абайдан басталмайды, бізден аяқтамайды, рас. Бірақ, оны абайсыз елестету- мүмкін емес. Сол сияқты, абайды да Құнанбайсыз елестету қиын. Құнанбайдың өз басының трагедиясы абайдың трагедиясынан бірде-бір кем емес. Абайдағы қаттылық пен Қайратты, ойға алған мұратына беріктікті Мұхаң данышпан ақын әкесінен алған деп бағамдайды. Құнанбайдың өмірінің соңында шымылдық ішіне кіріп, тұтас жеті - сегіз жылға созылған дүние ісінен бет бұрған әрекетіне Ерліктің, жалған дүниенің алдамшы сағымдарына бой ұрмаудың көрінісі ретінде сүйіну басым сияқты. Бір сөзінде ел ақындары өлерінде артына мұра боларлық жыр-толғам айтып, өмірге кең қарап, өлең болмаса, өлім туралы, көрген азап-тозағы туралы қалжың айтып кетуді жосын еткен деп, бұл салтты қатты қадірлеп, қызықтап жазады. Сөйте тұра, Құнанбайдың жаңағы өмірден безгенін, абайдың соңғы жылдарында сөз де, өлең де жазбай, жалғаннан түңілгенін «Кешіреді» . Ол аз десеңіз, кейінгілер көп қоздатып жүрген бір келеңсіздіктен Құнанбайды ақтайды: абай өмірбаянын Әуезов бес рет жазыпты. Әрбірінде әр қилы жаңа деректерді алып-қосу, өзгертулер жолығады. Соның бірінде Құнанбай орыс отрядын Кенесары әскерлеріне бастап барғанын қоса кетеді. Барса да, кененің бірде-бір әскеріне оқ атпай, жігіттерімен орыс отрядының артында тұрып алған соң, орыстар оны алға шығарады, қарсыдағы сарбаздар оқты үстерінен асырып атады. Бір есерсоқтау батыры ханның әскерін шын Найзаласып, жазым етіп қоя жаздағанда, шауып барып қамшымен тартып жіберді дейді. Соны хан кене анадайда көріп тұрса керек. . .  
Осы аталарына жалғас, өмір Мұхаңның өзіне де өте күрделі тағдыр тартқан. Біз шала оқып, шалағай қабылдап, екеу-үшеу болып дуылдап отырып, оның бағасын айта салуға ұрынбағанымыз жөн. Ол көргенді көрген жоқпыз, ал, ол түйсінгенді түйсіну- тіпті қиын. Құнанбайдың шын бейнесін романдағы диалогтар мен эпизодтарға көміп қойып, басқа бір адам жасап, соған оқырманын сендірді. Шеберлік. Және қандай азап, ә? ? өмірде де көп жағдай сондай. Сол көмілгенді ашып, ақ-қарасын айырғанды білгенде, бәлкім, біз де «Есті кісінің» қатарына қосылып қалармыз. 

 Тізімбек Анашұлы

ҚХР, Алтай аймағы