АБАЙТАНУДЫҢ АЛЫБЫ

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің тәрбие басқармасы мен «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының ұыймдастыруымен Абайдың 175 жылдық және абайтанушы, ғұлама ғалым М.Мырзахметұлының 90 жылдық мерейтойына байланысты халықаралық онлайн конференция өткізілді

 

«Абайтанудың жаңа кезеңі және Мекемтас Мырзахметұлы» тақырыбындағы халықаралық онлайн конференциясында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Басқарма Төрағасы – Ректордың м.а.,  профессор, п.ғ.д.Балықбаев Такир Оспанұлы кіріспе сөз сөйлеп, университеттің түлегі абайтанушы ғалымның еңбектері негізінде университеттің барлық факультетінде «Абайтану» дәрісі өткізілетінін, Абайдың толық адам ілімі жастардың тәрбиесіне пайдалануда игілікті істер атқарылып жатқанын атап өтті. М.Мырзахметұлының өмірі мен шығармашылығы туралы видео көрсетілімі болды. Мекемтас Мырзахметұлының шығармашылығының басты кезеңдерін кітап көрмесі арқылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Шойынбет Жабал жан-жақты таныстырып өтті. Евразия Жазушылар Одағы Төрағасы Якуб Омероглы М.Мырзахметұлының ашаршылық кезіндегі ауыр тұрмысы туралы әңгімені және «Қазақ қалай орыстандырылды кітабын» түрік тіліне аударып шығарғаны туралы жария етті. Ш.Айтматов атындағы Тіл  және Әдебиет институтының директоры, академик,профессор,ф.ғ.д Ахметалиев Абдылдажан М.Мырзахметұлымен әдеби байланыста екенін,оның қазақ-қырғыз достығына жақсы ықпалы бар екенін айта келіп, М.Мырзахметұлын Шыңғыс Айтматов академиясының академигі атанғанын жариялады. Қазақстан  Жазушылар Одағы Басқармасының төрағасы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есдаулет Ұлықбек абайтанушы ғалымның қазақ әдебиетіндегі және қазақ ұлтының рухани өміріндегі рөліне баса назар аударды. М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының директоры, профессор,ф.ғ.д. Матыжанов Кенжехан абайтанушы ұстазының данышпандар көшін бастаған дара қасиеттерін талдап, ұрпаққа берер өнегесін тереңінен талдады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры, профессор,ф.ғ.д. Ердембеков Бауыржан өзінің абайтануды зерттеудегі М.Мырзахметұлының ықпалын және абайтанудағы орнын нақты дәлелдермен айтып берді. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлегенов Мұхтар абайтанушы ғалымға Абай елінің сәлемін жеткізе отырып, М.Мырзахметұлының Абай даналығын зерттеу мен насихаттаудағы еңбегіне және Абайдың мерейлі тойына өздерінің атқарып жатқан істеріне тоқталды. Абай институтының директоры, ф.ғ.д. профессор Дәдебаев Жаңғара «Абайтанудың ұшар биігі» баяндамасында М.Мырзахметұлының абайтану биігіне қалай жеткендігіне дәлелді мысалдар келтірді. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры,ф.ғ.д. Кенжетай Досай «М.Мырзахметұлы – қазақ болмысының жоқтаушысы» сөзінде абайтанушы ұстазының Абайдың дүниетанымын зерттеудегі ұстанымдарын жан-жақты талдап берді. 90 жасқа толып отырған ғұлама ғалым Мекемтас Мырзазметұлы өзінің мерейтойын ұйымдастырушылар мен баяндамашыларға ризашылығын білдіріп, өзінен кейін абайтануды жаңаша зерттеп, жаңаша насихаттайтын ғалымдардың өсіп келе жатқанын көріп қуанғандығын жасырмады. Сонымен қатар өз еңбегіне Европалықтардың да қызығушылық танытып Абайдың толық адам ілімі туралы кітабын ағылшыншаға аударылып жатқанын айтты.