Чех тіліне аударылған «қарасөздер» кітап болып шықты

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп чех тіліне аударылған «Қарасөздер» кітабының онлайн таныстырылымын өткізді.
Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Қазақстан мен Чехияның ғылыми топтары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шарада Чехиядағы «Азия достары» клубының жетекшісі, профессор, философия ғылымдарының докторы Иржи Шима кітаптың жарық көруі чех жұртшылығының әлемдік әдебиеттің дамуы мен қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан қазақтың ұлы ақыны шығармашылығымен танысуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Ал Карлов университетінің профессоры Томас Кучера Абайдың кітабы чех оқырмандарының қазақ халқының тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретінін айтты.

Чех тіліне аударылған Абайдың «Қарасөздерін» алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Елшілігі Прагадағы білім беру мекемелерінің кітапхана қорына жібереді.